Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жатақхана — жанға жайлы тəтті үйің

Жатақхана. Бұл сөзде көп мағына жатыр. Бұл жерден мен көп достар, жаныма жақын жандарды таптым. Жатақхана өте қызық жер. Мұнда қызық сәттер көп. Қасыңдағы достарыңмен не көрмейсің? Тоқшылықты да, аштықты да бірге бастан кешеміз. Жеуге ас таппағанда, әр бөлмеге барып бір картоптан сұрап, он шақты картоп жинап алатынбыз. Одан тағы бөлме аралап, май сұрайсың. Әйтеуір, әйтіп-бүйтіп дәмді тамақ дайын қыламыз.  Ауылдан ақша мен тамақ келсе, бір күнде жоқ болады. Тағы бір қызығы, кезекпен ішті, ортаны жуу. Анда-санда сол үшін көрші қыздармен ренжісіп қаламыз. Сабақтан келе сала телефон қарап жата қалу,кешке жақын тамақ іздеп дәлізге шығатынымыз да өзінше бір қызық. "Кім бізді қонаққа шақырады екен" деп жүретініміз де бар. 

Жігіттер мен қыздар болып жиналып гитарамен өлең айтамыз. Кейде төмендегі басқалардың аяқ киімін киіп кетесің. Олар әр бөлменің есігін қағып, іздеп жүреді. 

Достықтарыңды ішке кіргізгің келсе, вахтерша апайдан әрең дегенде сұранасың. Жеке куәлігіңді беріп, жарты сағат деп кіріп, 3 сағаттан кейін бір-ақ шығасың. 

Жатақхананың бар қызығы осымен ғана шектелмейді. Оны тек осында мекен ететіндер ғана жақсы түсінеді.

Асылай Насихатова

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...