Өлең-жыр байқауы

Күніңіз сәтті өтсін!

Иә, жаратылыс иесі әр күнін өзі қалағандай бақытты етіп өткізумен әлек болады. Таңертен ұйқыдан тұра салысымен, күйбең тіршіліктің қамына кіріседі. Бұл бізге әдеттегідей үйреншікті нәрсе болып көрінгенімен, адам баласының теңдесі жоқ бір күнінің бастамасы. Күніңіздің шат-шадыман, қуанышқа толы болуы, ол әрине сізге байланысты. Айналаңыздағыларға жақсы энергия сыйлап, сергек жүру әркімнің қолынан келе бермейді. Ендеше, күніңіз сәтті өтсін десеңіз ең алдымен өз-өзіңізден бастаңыз. Бүгін не істемекпін? Деген сұрақтың жауабын іздеу арқылы, сол жолда көтеріңкі көңіл-күймен ерекше жоспармен өткізіңіз. Болмашы нәрселерге назар аудармаңыз. Жаман әдеттерден аулақ болыңыз. Барынша өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз. Ол сіздің жан дүниеңізді байыта түспек. Сонымен қоса, спортпен айналысып, тән саулығына да ерекше көңіл бөліңіз. Спорт — адам денсаулығының кепілі. Бұнымен ғана шектеліп қоймай, жан-жағыңыздағыларға өз шуағыңызды шашып, өзгелерді де бақытқа бөлеңіз. «Бұл мен үшін қиын» деген сылтауды ысырып қойып, бар ерік жігеріңізді жұмсаңыз. Бастысы сіз өз өміріңіздің әрлеушісіз. Оны мәнді, сәнді етіп өткізу өз қолыңызда. Бақытты өмір деген болмайды, бақытты сәттер ғана болмақ.

Нұрғалиқызы Айкөркем


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз