Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Елімнің жүрегі — Астана

Астана қазақстың бас қаласы ғана емес,сонымен қатар, өнер мен білімнің,өркениет пен жаңашылдықтың ұйытқысы, осы жолда өскелең ұрпақты шыңдай түсетін шырайлы орталық десек те артық айтқандық емес. Басқаны қайдам, өз басым бұған жуырда ғана елордада болған сапарымда көз жеткіздім. Бұл сапар  арман қаланы көзбен көріп, ерекше сезімге бөленуіме себеп болды. Теледидардан, газет-журналдардан естіп-білгенім болмаса, бұл менің Астана қаласын алғашқы рет көруім еді.

Қала сұлулығы қай адамды болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, бұл мекен кімді болмасын кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен, Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар, Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді.

Қазіргі таңда Астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күретамырына айналып отыр. Жақын да ғана болып өткен әлемдік көрме соны айғағы. Оның өзі Елбасының сарабдал саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арман-мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Бүгінде Астанамыз шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразилық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын,демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, ХХІ ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.

Астана — болашақтың қаласы. Мәдениеттің ошағы,ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын сұлу шаһар – баршамыздың арман қаламыз. Көк байрағы желбіреген тәуелсіз еліміздің ордасы.

Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы,көркейіп,биіктерден көріне бергейсің!

Нұрғалиева Айкөркем


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...