Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Нұр - Сұлтан қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы

Нұр - Сұлтан қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы

Автор, тарих пәнінің мұғалімі.
"Нұр Отан" халықтық - демократиялық партиясының мүшесі:
Баймағамбетов Ерлан Русланұлы (87777776985)

Я полностью поддерживаю предложение президента Казаxстана Касым - Жомарта Токаева о переименовании столицы и всеx центральныx улиц именем Нурсултана Назарбаева. Думаю, Елбасы своим трудом заслужил такую честь.  

«Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек» – , деді ҚР Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  
Жаңғыртып қазақ даласын, 
Арттыру  үшін бағасын.  
"Нұр- Сұлтан"  деп өзгертті,     
Қазақтың бас қаласын. – дегендей 
Астана атауын өзгерту туралы «тарихи қадамды» мен де «тарихи, əділ əрі заңды шешім» деп есептеймін. Негізі Мемлекет астанасының атауын тұңғыш президент атына өзгерту туралы əуелден яғни 2016 ж. Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығында парламент депутаттарының талқылауында айтылып келе жатқан ұсыныс еді. Бұл ұсынысты 2016 ж. бастап естігеннен кейін көкейімде жүрген еді жəне  қашан Мемлекет астанасының атауын тұңғыш президент атына ауыстырады  деп күтіп жүрген едім. Өз басым бұл жаңалықты қуана қарсы алдым. Себебі Астана мен Нұрсұлтан екеуі егіз ұғым. Мен өте қуаныштымын. Бұл да бір рухани жаңғыру. Еселі еңбекті бағалап, өз басым Астананы «Нұр – Сұлтан» деп өзгертуді қолдаймын. Елбасы, ерен тұлға Н.Ə. Назарбаев – əлем тарихындағы кемеңгер тұлға əрі ҚР – ның тұңғыш Президенті. Еліміздің əл – ауқатын жақсартып, əлемге əйгілі мемлекет құрды жəне Қазақстанды əлем танитындай деңгейге жеткізді. Тереземіз теңесіп, шекарамыз шегенделіп, көрші мемлекеттермен тату – тəтті қарым – қатынас орнатылды. Ең бастысы елбасының арқасында Қазақстанның төрінде тамаша Астана құрылды. Сондықтан мен ойлаймын қазақ елі бақытты өмір кешіп жатыр. Елбасының салған сара жолына əлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Əлем басшылары Қазақстанды елбасы Н.Ə. Назарбаев арқылы таниды. Мен үшін «Нұрсұлтан» сөзі қазақ елін нұрландырып, шуағы шашылып тұрғандай. Нұрсұлтан қаласы – еліміздің астанасы. Елбасы – еліміздің жүрегі. Қазақ елі Елбасының 30 жыл ел басқарып отырған салиқалын саясатын бағалап, сыйлайды. Сондықтан осы тариxи шешімді Қазақ елі қолдады деп ойлаймын. Қазақ елінің жүрегінде əрқашан есте қалатын ұлы тұлға. Тек қана Астана атауы өзгертіліп қана қоймай, Қазақстан қалаларының маңызды бас көшелері мен даңғылдарын Елбасымыздың атына берсек нұр үстіне нұр болар еді. Əлемге елі арқылы өзін, өзі арқылы елін танытқан дүниежүзілік саяси аренадағы сыйлы тұлға. Іскерлігімен жəне ізденімпаздығымен өзінің барлық саналы өмірін, көп күш – жігерін өз Отанының өсіп – өркендеуіне, дамуына жұмсады. Даналығын батылдықпен шебер үйлестіру білетін кемеңгер басшы талай тарихи бастамалардың авторы. Еліміздің өсіп дамуы жəне əлем xалықтарының білуі мен құрметтеуі елбасының салиқалы саясатының арқасы деп ойлаймын. Назарбаевтың есімі мəңгілік тарихқа қалдырылды. Жыл сайынғы қазақ халқына арналған жолдауларында елімізде барлық саланың қарыштап дамуын пысықтап, əсіресе жастарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасап отырды. Біз Нұратамыздың бұл жетістігін ертеңгі ұрпақ алдында мақтана айтамыз. Мен Елбасыммен мақтанамын. Жаңа президент Қ. Тоқаев мырза Нұр атамыздың нұрлы жолын жалғастырып, елімізді дамытады деп ойлаймын. Елбасындай ерен тұлға тұрғанда, мен елімнің ертеңіне сенемін. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...