Эссе және өлең-жыр байқауы

"Елбасынтану" пәні бойынша ұсыныс

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа


Қазақстан Республикасы азаматы
Баймағамбетов Ерлан Русланұлынан


ҰСЫНЫС ХАТ
Құрметті Қасым – Жомарт Кемелұлы!

2019 жылы – Жастар жылы болуына байланысты жастардың ұсынысы ретінде қабыл алыңыз. «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс – шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек – , деді Елбасы.

 

       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстандағы патриотизмді күшейту ісінің ерекше маңызы туралы айтқан еді. Соған байланысты Мен Қазақстан Республикасының азаматы Ерлан Русланұлы Баймағамбетов сізден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне «Елбасынтану» жеке пән ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде, кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарында, Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жоғары оқу орындарының қабырғаларында оқытылуын сұраймын. 

 

       Білім саласына қомақты үлес қосу мақсатында «Елбасынтану» пәні – Қазақстанның жаңа дәуірінің жаршысы, елтанымдылықтың сыңары. Яғни, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы сөз – өзіміз, еліміз, елдігіміз, тағдырымыз, тарихымыз туралы сөз. Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және әлемге елі арқылы өзін, өзі арқылы елін танытқан дүниежүзілік саяси аренадағы сыйлы тұлға. Іскерлігімен және ізденімпаздығымен өзінің барлық саналы өмірін, көп күш – жігерін өз Отанының өсіп – өркендеуіне, дамуына жұмсады. Даналығын батылдықпен шебер үйлестіру білетін кемеңгер басшы талай тарихи бастамалардың авторы.Еліміздің өсіп – дамуы және әлем халықтарының білуі мен құрметтеуі елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасы деп ойлаймын.

 

      Пәнді оқыту мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мәңгі тарих беттерінде қалғандықтан елбасын ұлықтап, өскелең ұрпақтың білімін арттырып, дағдыларын қалыптастыра отырып, патриоттық тәрбие беру.

        Пәнді оқыту міндеттері:

- «Елбасынтанудың» тағылылымдығын сараптау, құндылықтарын дәріптеу;

- Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтар жөнінде дәріс беру;

- Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауларын, стратегияларын тереңірек түсіндіру;

- Елбасының саяси тұлғалық қасиеттерін көрсетер ірілі – ұсақты қызметтерін, жасаған еңбектерін, 30 жылдай ел басқарған салиқалы саясатын тереңірек түсіндіріп, ұрпақ жүрегіне енгізу;

- Тәуелсіздік дәуірінің тарихын, саясатын, экономикасын, мәдениетін үйретіп, бағалай білу; – олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде жазылған.

- Елбасынтану пәнінің жаңа мазмұнын оқып – үйрену;

- Шығармашыл, салиқалы, ержүрек, елжанды, асқан ақылды, парасатты басшы рөлін түсіндіру;

- Білім алушылардың өз бетінше іздену – зерттеу дағдысы мен жеке тұлғасын қалыптастыруды дамыту жолында жұмыстар жүргізуге үйрену;

- Қазіргі қоғамға сай тұлға қалыптастыру;

 

       Сондықтан "Елбасынтану" пәнін енгізуді  сұраймын. Егер де «Елбасынтануды» жүзеге асырсақ тәуелсіздікті нығайтқан, бекіткен боламыз. Мен ойлаймын ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда, елжандылық сияқты қасиеттерді ұрпақ санасына сіңіруде, елбасынтану пәні шешуші рөл атқарады.

 

       Қорытындылай келе, ел тірегі – елбасы Н.Ә. Назарбаев – әлем тарихындағы кемеңгер тұлға. Ең алғаш ТМД құруға бастамашы болған да – Елбасы. Елбасы жер жаҺанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Елбасындай ерен тұлға тұрғанда мен елімнің ертеңіне сенемін»  - , деп филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызының сөзімен аяқтағым келеді.

 

        Менің ұсынысымды оқи отырып, танысып, еңбек етіп, табысты болуға шешім қабылдауыңызды сұраймын.

 

Құрметпен,

Ерлан Русланұлы Баймағамбетов 

б/ т: 87777776985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...