Өлең, жыр, ақындар

Telegram-да балалардың құқығын қорғайтын чат-канал ашылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарламаларды анықтау мақсатында Telegram мессенжерінде Bala QORGAÝ чат-каналын ашты, деп министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса,  облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады. Аталған сілтемелер Бала құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданады» делінген хабарламада.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасынан «bala_qorgau» деп іздеп, арнаға жазылуға болады.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар