Эссе және өлең-жыр байқауы

Мыс ионын анықтау

Шымкент қаласы
№2 «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің
Фарм–22-18р топ студенті Исмаилова Нурхан Алымбековна
Ғылыми жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

Cu2+  иондарының реакциялары

1. NaOH, KOH  әсері.

Cu2+  тұздары сілтілермен әрекеттесіп жасыл көк түсті Cu(OH)2 түзеді. Мыс гидроксиді минералды, шарап және лимон қышқылдарында ериді:

Cu2+  + 2 OH- ↔ Cu(OH)2

Cu(OH)2 + 4 NH3 • H2O → [Cu(NH3)4]2+ + 2 OH- + 4 H2O

Cu(OH)2  тұнбасына NH4OH артық мөлшерде қосатын болса комплексті қосылыс түзіледі.

Реакцияның орындалуы. Екі пробиркаға 2-3 тамшыдан CuSO4 ерітіндісін алып 2-3 тамшы 2 н.  NaOH  қосады. Тұнба түскеннен кейін 1 пробиркаға H2SO4 , екінші пробиркаға 25% аммиак ерітіндісін қосады. Тұнба ериді, ал екінші пробиркадағы комплекстің түсі қанық көк түсті болады.

2. Аммиакпен әрекеттесуі.

Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) жасыл – көк түсті мыстың негіздік тұзын түзеді, бұл тұз аммиактың артық мөлшерінде еріп, ерітінді қанық көк түсті болады.

2 Cu2+  + 2  NH3 • H2O  + SO42- → (CuOH)2 SO4↓ + 2 NH4+

(CuOH)2 SO4 + 8 NH3 • H2O → 2 [ Cu(NH3)4]2+ + 2 OH- +  SO42- + 8 H2O

2 CuOH+ + 8 NH3 • H2O → 2 [ Cu(NH3)4]2+ + 2 OH-  + 8 H2O

Реакцияның орындалуы. Пробиркаға 2-3 тамшы CuSO4 ерітіндісін алып 2 н. аммиак ерітіндісін тамшылатып қосады. Тұнба түскеннен кейін  25% NH4ОН ерітіндісін қосып тұнбаның ерігенін көреді.

3. Калий гексацианоферраты (ІІ)-ның  әсері

K4[Fe(CN)6] мыс иондарымен қызыл – қоңыр түсті комплекс түзеді:

2 Cu2+ + [Fe(CN)6] 4- → Cu2[Fe(CN)6] ↓

Бұл реакцияға Fe3+ тұздары кедергі жасайды. Түзілген тұнба қышқылдарда ерімейді, бірақ NH4ОН артық мөлшерінде ериді, ал сілтілер комплексті ыдыратады:

Cu2[Fe(CN)6] + 4 КОН → 2 Cu (ОН)2 ↓ + K4[Fe(CN)6]

Cu2[Fe(CN)6] + 4 ОН- → 2 Cu (ОН)2 ↓ +  [Fe(CN)6]4-

Реакцияның орындалуы. Cu2+ ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы  K4[Fe(CN)6] қосып қызыл – қоңыр түсті тұнба түзілгенін көру. Тұнбаны екіге бөліп бір бөлігіне 25 процент NH4ОН, екіншісіне сілті ерітіндісін қосып тұнбаның ерігенін байқау.

4. H2әсері

Сілтілік және қышқылдық орталардан күкіртті сутек мыс (ІІ) катиондарымен  қара түсті тұнба түзеді:

Cu3+ +  H2S → CuS ↓ + 2 H+

Мыс (ІІ) сульфиді минералды (HCl, H2SO4) қышқылдарда ерімейді, бірақ тотықтырғыш қышқылдарда ериді:

3 CuS + 8 HNО3 → 3 Cu(NO3)2 + 2 S ↓ + 2 NO ↑ + 4 H2O

3 CuS + 8 H+ + 2 NО3- → 3 Cu2+ + 2 S ↓ + 2 NO ↑ + 4 H2O

Реакцияның орындалуы. Мыс (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшы H2S жібереді, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу.

5. Na2S2O3  әсері.

Натрий тиосульфаты мыс (ІІ) ерітінділерінен жоғары температурада қара түсті мыс (І) сульфидін түзеді:

2 Cu2+ + 2 S2O32- + 2 H2O →  Cu2S ↓ + S ↓ + 4 H+ + 2 SO42-

Кадмий катиондары  Na2S2O3 қышқылдық ортада тұнба түзбейді, сондықтан бұл реакциялар Cd2+ катионын Cu2+ катионынан бөлу үшін пайдаланады.

Реакцияның орындалуы. Мыс (ІІ) катионы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін, 1-2 Na2S2O3 тамшысын қосып, пробирканы 1-2 минут қыздырады.Тұнба түзілгенін байқау.

6. КІ  әсері.

Калий иодиді ерітіндісі мыс (ІІ) иондарымен суда нашар еритін ақ түсті мыс (І) иодидін түзеді, сонымен қатар дербес иодта бөлінеді:

2 Cu2+ + 4 І- → 2 CuІ ↓ + І2

Реакцияның орындалуы. Мыс (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 3-4 тамшы калий иодиді ерітіндісін қосу керек.

7. Металдық алюминийдің, темірдің, мырыштың  әсері.

Бұл металдар мыс (ІІ) катиондарын оның ерітінділерінен дербес күйінде бөліп шығарады:

2 Cu2+ + 4 Аl → 3 Cu ↓ + 3 Al3+

Бұл реакция мысты (ІІ) кадмийден бөліп алу үшін пайдаланылады. Алюминийдің, темірдің, мырыштың стандартты потенциалдарын кадмийдің стандартты потенциялдарымен салыстыратын болса, онда кадмийде ерітінділерінен дербес күйінде бөлінуі мүмкін, бірақ  H2SO4 ортасында кадмий дербес күйінде бөлінбейді, себебі ол H2SO4 сутекті бөліп шығарады.

Мыста азот қышқылы ортасында дербес күйінде бөлінбейді, себебі мына реакция жүреді:

3 Cu + 2 NО3- + 8 Н + → 3 Cu2+ + 2 NO ↑ + 4 H2O

Сондықтан, бұл реакциямен мыс (ІІ) анықтау үшін алдымен азот қышқылын жою қажет, ол үшін ерітіндіні H2SO4 буландырады.

Реакцияның орындалуы. Мыс (ІІ) ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы 2 н. H2SO4 ерітіндісін қосып дербес Al (Zn, Fe) салады.Қызғылт түсті тұнба түзілгенін көру.

8. Купрон 1 - бензоиноксимнің  әсері.

Cu2+  тұздарымен купрон әрекеттесіп тұнбада жасыл түсті комплексті қосылыс түзеді. Тұнба аммиак ерітіндісінде ерімейді:

Реакцияның орындалуы. Cu2+  тұзының 1-2 тамшысына 1 тамшы қышқыл тамызып барып 5 % купронның спирттегі ерітіндісін және аммиак қосқанда жасыл түстің пайда болғанын көруге болады.

9.  Жалынды бояу  әсері.

Мыс (ІІ) галогенидтері жалынды ашық жасыл түске бояйды.

Реакцияның орындалуы. Нихром сымын концентрлі HCl қышқылына батырып алып мыстың құрғақ тұзына салады. Осылай дайындалған сымды жалынның түссіз бөлігіне енгізеді.Жалын ашық жасыл түске боялады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...