Өлеңдер бөлімі

09.06.2019 жылы – ҚР Президентін сайлау күні

                                                                                                      09.06.2019 жылы – ҚР Президентін сайлау күні  
Пікір білдірушілер, Атырау қаласының жастары:
Жолдаскалина Венера Еркинқызы • Анарбек Мирасбек Қуатбекұлы • Жолқожаева Аяулым Мұхтарқызы • Зинеден Сəнім Салхаденқызы • Бақытжан Бекжан Бақытжанұлы • Дюсенов Асылбек Асқарұлы • Батырханов Дархан Батырханұлы • Қалан Перизат Ғабитқызы • Данабай Оңталап Асқарұлы • Қабесова Айбибі Маратқызы • Асанова Ақбота Асанқызы • Утешов Куаныш Амантаевич • Қалпақбай Досан Нұрқожаұлы • Қадашев Асылбек Абатұлы • Матжанова Айымгуль Хасанбековна • Санахметова Əйгерім Санахметқызы • Қуанышқызы Жаңылсын • Баймағамбетов Ерлан Русланұлы  • Ильясов Нұр Жумаханұлы • Ильясов Сұлтан Жумаханұлы     
         

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев Елімізге қатысты аса маңызды үндеу жариялаған еді. Еліміздің Конституциясына сəйкес ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдады.  ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың қазақ халқына үндеуінде 9 маусымда ел Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін қолдаймыз жəне оның маңызды қадам екені тайға таңба басқандай. Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Қазақстан жауапты кезеңге қадам басты. «Сайлау құқығы» түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік жəне субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын жəне жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тəртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. Бірінші Президенттік сайлауда 1991 жылы өткен президент сайлауына кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаев тіркелді. Сайлау кезінде ол 98,8% дауыс жинады. Одан кейін де қаншама президенттік сайлау өтті. Сол кездерде де Елбасы, ерен тұлға Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шықты. 2019 жылы болатын Президенттік сайлау – біздер өз таңдауларымызды жасап жəне əділ де ашық түрде өтеді деп ойлаймыз. Дауыс беру – азаматтық парымыз. Біздің ойымызша, алдағы уақытта өтетін президенттік сайлау – зор 
болашақтың бастамасы. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясында көптеген белсенді, тəжірибелі, абыройлы, Қазақстанның болашағына алаңдайтын азаматтар өте көп. Біз осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Өйткені, бұл біздің болашағымызды, ертеңімізді айқындайтын, айдында жүзген кемеміздің бағытын айқындайтын ұлт көшбасшысы керек. Тəуелсіз Қазақстанның болашағын басқаратын президентті жастар қолдап, əділ сайлау арқылы таңдауы керек. Жастар осы сайлауда жауапкершілікпен қарайтындығына сенеміз. Сайлау ол ең маңызды халықтың таңдауы, мемлекет тағдырын тұлға қолына сеніммен тапсыруы. Еліміздің болашағы жəне əр ҚР азаматының тағдыры сайлауға шешіміне байланысты болғандықтан біз сайлауға барынша жауапкершілікпен қараймыз. Сайлау арқылы біз ертеңгі күніміздің не болатынын анықтап алуымыз керек. Яғни, Президенттік сайлау – əлеуметтік жəне экономикалық тұрақтылықтың пікірі. Біз осы сайлауда «Nur Otan» партиясы жеңіп шығады деген үміттеміз жəне сенеміз. 

Ерлан Русланұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...