Эссе және өлең-жыр байқауы

Ғарышты қазақ баласы да бағындырды

Қапиза Әбдіғұлов атындағы
№34 орта-мектеп гимназиясы
11 “Ә” сынып оқушысы Кенгашова Айсауле

12 сәуір қазіргі таңда ресми түрде ғарышкерлер күні ретінде тойланады.

Осы күні не болып еді. Өткенді ой елегімізден бір өткізейікші.

Осыдан дәл 58 жыл бұрын яғни 1961 жылы 12 сәуірде сағат 9 дан 7 минут кеткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр айлағынан алғаш рет ғарышқа “Восток” кемесін аттандырды. Ол кемеде ғарышты алғаш бағындырған тұлға ретінде қалған Юрий Алексеевич Гагарин болатын. Оның бұл сапары 1 сағат 48 минутқа созылған. 302 км биіктікте жерді айналып, сағат 10 нан 55 кеткенде жерге қонған.

Әрине бұл күні сол сағатта бүкіл әлемнің назары бізге ауды. Ғарышқа алғаш ұшқан адамзат баласына таңдана қарап таңдай қаққандар көп болмаса аз емес екенін хақ.

Қазақ даласында орналасқан ғарыш айлағынан қазақ азаматын ұшыру туралы айтпақ тұрмақ ойлаған да жоқ еді. Себебі КСРО ның құрамындағы елдерде ұлтқа немесе мемлекетке бөлінушілік болған емес. Бірақ 30 жылдан соң қазақтан да сондай бір батыр шықты ол Тоқтар Әубәкіров атамыз еді. 1991 жылы  қазақ баласы ғарышқа жол тартты. Ғарыштан келгенннен соң Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Әрине, осындай ержүрек ұлдар туған халықтың болашағы баянды болары анық.

Ашық ғарышқа 8 рет шыққан қазақ баласы Талғат Амангелдіұлы ғарышқа ұшты. Оныңда сапары сәтті болды.

1961 жылдан кейін 11 жылдан соң қазақтан тағы батыр ұлы туды. Ол Айдын  Айымбетов болатын. Ол бұл сапарға 15 жылға жуық дайындалған екен.

Адамзат тарихындағы ең есте қаларлық сәтті қазақ батырларыныңда аты аталатыны көнілді бір қуантып тастайды.

Ғарышты бағындырудың өзі бір ғанибет екені сөзсіз. Адамзат баласы алғаш рет дәл осы күні үлкен ерлік жасағанды.

Ғарыш дегенде есімізге Тоқтар Әубәкіров атамыздың ғарышта ұлы Абайдың “көзімнің қарасы” әнін орындап бүкіл әлемге қазақ тілде сыңғырлаған әнді орындағаны түсетіні анық.

Сөз соңында айтарым, Қабанбай мен Бөгенбайдай батыр ұл туған, Абай, Сәкен, Мағжандай ақын туған, Бауыржан мен Қасымдай ержүрек жауынгер, Мәншүк пен Алиядай батыр қыздар туған халықтан. Заман көшіне қарай талабына қарай Тоқтар, Талғат, Айдын ағаларымыз қазақ деген атымызды асқақтатып олар шықты. Уақыт өте келе бұндай батырлар көбеймесе азаймайтыны хақ.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...