Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

PO - аниондарының жеке реакциялары

Шымкент қаласы
№2 «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжінің
Аг – 22 -18қ топ студенті  Абдувахапова Озода Жаналиевна
Ғылыми жетекшісі: Айтенова Нұргул Ыдырысқызы

PO43- - аниондарының жеке реакциялары

Тіршілік үшін фосфордың маңызы өте зор, себебі фосфор нерв белогының сүйек, тіс, ми белоктарының құрамында болады. Сүйектің негізін Ca3(PO4)– фосфорит, тіс негізін Ca3F(PO4)аппатит құрайды. Адам организімінде кальций фосфатының массалық үлесі 3%  құрайды. Қан, тканьдер сұйығында  KH2PO4, Na2HPOжәне NaH2POтұздары болады,басқа фосфаттар,гидрофосфаттар (MeHPO4) организімнің зат алмасу процесін жақсарту үшін қолданылады. Фосфаттар  Me3PO4 мен  гидрофосфаттфрдың  (Me2HPO4) судағы ерітінділері сілтілік қасиет көрсетеді, (фосфаттар Me3PO4 -тің  pH = 12,6, гидрофосфаттар  pH = 9,7) дигидрофосфаттар қышқылдық қасиет көрсетеді. (H2PO4-  рН = 4,7) гидрофосфат пен дигидрофосфат қоспасы буферлі ерітінді болып табылады,  тірі организімдер үшін оның маңызы өте зор.

Барий хлоридімен әрекеттесуі.

BaCl2 натрий гидрофосфатымен ақ түсті BaHPOтұнбасын береді. Аммиак қатысында барий фосфаты пайда болады.

BaCl2 + 2NaH2PO4 + 2 NH4OH → Ba3(PO4)2 + 2NH4Cl + 4NaOH

2 HPO42- + 3Ba2+ + 2NH3→ Ba3(PO4)2  + 2NH4+

Ba3(PO4)2  минералды қышқылдарда ериді.

Ba3(PO4)2  + 6HNO3 → 3 Ba(NO3)2 + 2H3PO4

Пробиркаға  Na2HPO4 ерітіндісі мен барий хлоридінің 5-10 тамшыларын алып, әрекеттестіру. Тұнбаның ерігіштігін тексеру.

AgNO3 әрекеттесуі:

Күміс нитраты фосфаттармен сары түсті Ag3POтұнбасын түзеді. Ag3PO4 азот қышқылында, аммиак ерітіндісінде ериді.

Реакцияның орындалуы:

Na2HPO4 + 3AgNO3→ Ag3PO4↓ + 3NaNO3 + HNO3

PO43- + 3AgNO3→ Ag3PO4

Ag3PO4↓ + 3H+→ 3Ag+ + H3PO4

Пробиркаға H3PO4 пен AgNO3 ерітінділерінің әрқайсысынан 5-10 тамшыдан алып, сары тұнбаның түзілгенін байқау. Тұнбаның HNO3 пен аммиак ерітінділеріндегі ерігіштігін тексеру.

Магнезиялық қоспамен (MgCl2 + NH4Cl) әрекеттесуі. Магнезиялық қоспа натрий гидрофосфатымен әрекеттесіп, ақ түсті тұнба береді.

Реакцияның орындалуы:

MgCl2 + NH4Cl + Na2HPO4→ MgNH4PO4 + 2NaCl

HPO42- + Mg2+ + NH4+→ MgNH4PO4

Пробиркаға 2-3 тамшыдан MgCl2  мен NH4Cl алып, оған Na2HPO4 қосып, араластырып, 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады. Ерітінді лайланады.

Аммоний молибдатымен әрекеттесуі.

Концентрлі  HNO3 еріген аммоний молибдаты фосфаттарымен аммоний фосформолибдатының сары түсті кристалдық тұнбасын түзеді:

Реакцияның орындалуы:

Na3PO4 + 3 NH4Cl + 12(NH4)2MoO4 + 24 HNO3

(NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O + 24 NH4NO3 + 3 NaCl

PO43- + 3 NH4+ + 12 MoO42- + 24 H+→ (NH4)3H4[P(Mo2O7)6] + 10 H2O

Тұнба түсу үшін реагент артық мөлшерде алынуы қажет, егер де фосфат иондары жеткіліксіз болса, тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары түске боялады. Ерітіндіге кристалдық NH4NO3  қосылса, реакцияның сезгіштігі артады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...