Өлең, жыр, ақындар

Адамның Жерге берері

Бразилиялық фотограф Себастьян Сальгадо мен оның жұбайы Лелия Делуиз Ваник Сальгадо жойылып кетпек болған орманды қалпына келтіру үшін 2 миллион ағаш отырғызып шықты, енді ол жерге тіпті аң-құс та қайтып оралды.

Біріккен Ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректеріне қарағанда, 1990 жылдан бері 129 миллион гектар орман алқабы Жер бетінен түбегейлі жойылып кеткен. Бұл Оңтүстік Африканың аумағымен бірдей. Жыл сайын аумағы шамамен Панама еліне тең болатын жасыл желек жойылып жатыр.

Парниктік газдың 15 пайызына жуығы ормансыздану нәтижесінде пайда болып жатыр, өсімдіктер мен жан-жануардың кейбір түрлері де жоюлуда.  

Бұл ауқымды экологиялық апатты болдырмау үшін не істеу керек?  

Бразилиялық фотограф Себастьян Сальгадо мен оның жары Лелия Делуиз Ваник Сальгадо орманды қалпына келтіруде кішігірім энтузиасттар топтың шамасы неге жететінін көрсетуді ұйғарды.  

Себастьян Сальгадо — фотожурналистика саласындағы ірі жүлде-марапаттардың көбін иеленген және он шақты кітап жазған әйгілі фотограф. 1990 жылдары ол өзінің туған Бразилиясындағы тропикалық ну орманның жойылып кеткенін көріп қатты толқыған болатын. Оның жары бәрін қайта қалпына келтіруге болады деп сенген болатын.  

«Жер өзім сияқты науқас еді — айналаның күл-талқаны шығып жатқан болатын, — дейді Сальгадо The Guardian-ға 2015 жылы берген сұхбатында. — Жердің 0,5 пайызында ғана ағаш өсіп тұрды. Сол кезде менің жұбайыма осы ормандағы ағаштарды отырғызу ойы келді. Біз бұны іске асыра бастағанда жәндіктер, құстар мен балықтардың барлығы қайта орала бастады, сонымен қоса ағаштардың өсуінің арқасында мен де өмірге қайта оралғандай болдым — бұл ең маңызды сәт болды.»

Себастиан мен Лелия бірлесіп Instituto Terra — кішкентай ғана ұйымды құрып, содан бері ол ұйым 4 миллион ағаш көшетін отырғызып, орманды бұрынғы қалпына келтірді. «CO2 газын оттегіге айналдыра алатын бір жаратылыс бар — Ағаш. Біз жергілікті жерде өсетін ағаштарды отырғызуымыз керек, дәндерді де сол ағаштарды отырғызған аймақтан жинау керек. Кері жағдайда жан-жануарлар келмей қояды»,  — дейді Сальгадо.

Арада өткен 20 жыл ішінде орман қайта өркендей бастады. Жан-жануарлар, құстар мен жәндіктер қайтып келді.

Бұл жоба, дұрыс тәсілді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қысқа уақытта қалпына келтіруге болатынының нақты мысалын көрсетіп,  миллиондаған адамды жігерлендіруде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Толқын

Біздеде отырғызу керек екен

БЕЙБАРЫС

Ортақ үйімізді жақсартып жатқан осындай адамдарымыз көп болсын

Қайсар

Біздің қалталылардың құлағына алтын сырға! Кішкене жағдайым жақсарса, Арал, Қызылорда жақтарға міндетті түрде орман отырғызамын. Ал әзірге жыл сайын 20-25 ағаш отырғызу жоспарымда бар

Сатжан

Адамның қолынан барлық нәрсе келеді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз