Эссе және өлең-жыр байқауы

Өзіндік сана-сезімді арттыру тәсілдері

1972 жылы Кен Кейс бестселлер болған «Handbook to Higher Consciousness» («Жоғары санаға апарар жол») атты кітап жазды. Онда саналы болуды жетілдіруге қатысты көптеген кеңестер жазылған. Олардың көпшілігі практикалық әдістер, сондықтан оларды бірден қолдана беруге де болады.

Википедияның анықтамасына сәйкес, өзіндік сана-сезім — бұл субъектінің басқа субъектілерден, жалпы әлемнен бөлек, өзін-өзі тануы; бұл адамның объективті әлеммен және субъективті әлеммен (психикамен) өзінің өмірлік маңызды қажеттіліктерінің, ой-пікірі мен сезімінің, уәждері мен уайымдарының, инстинктісінің өзара әрекеттестігін сезінуі. Өзіндік сана-сезім — бұл адамға қанмен берілетін қасиет емес, ол дамудың өнімі. Демек оны шынымен жетілдіре аласыз. Мұны істеудің кеңестері мен жолдары:  

1. Өміріңіздегі ең өзекті мәселе — ақыл-ойыңызды қалай пайдаланатыныңыз.

2. Бақытты бола алу үшін сізде (кез келген уақытта) барлығы жеткілікті. Сізді бақытсыз ететін нәрселер — санаңызда қалыптасқан шаблондар ғана.

3. Басқа адамдарды өзі үшін жоғары сана-сезімді іздеу барысында жүрген тіршілік иесі ретінде қарастырыңыз.

4. Әлемді сізге барлық мұқтаждығыңызды қанағаттандыру үшін жаралған тамаша мекен деп түсініңіз.  

5. Ренжігенде немесе біреуді қорлаған кезде әлемдегі азабты артыру үшін үлес қосқан боласыз. 

6. Бақытыңыз адамның барлығы сіздің қалауыңызды орындағандығымен түзелмейді.

7. Тәуелділіктен құтылыңыз, себебі тәуелділік сізді бақытсыз етеді.  

8. Жабыққан кезіңізде тәуелділіктен құтылсын деп өмірдің өзі меңзейді.  

9. Таңдау мен тәуелділіктің ара-жігін ажырата біліңіз. Тәуелділік — бұл тым аз уақыттық рахатты, жеңілдікті немесе немқұрайлықты сезіну. Егер тәуелділік қанағаттандырылмаса, сіз эмоционалдық стрессті сезінесіз. Ал таңдауыңыз орындалмаса, сіз эмоцияға беріле қоймайсыз, яғни оған немқұрайлық танытқан боласыз. Ал орындалған жағдайда — бақытыңызды еселері анық.

10. Өзіңізге эмоционалдық талаптарды тек тыныс алу үшін қажетті ауа, ашыққанда керекті тамақ, жаурағанда паналайтын баспана секілді физикалық қажеттіліктер үшін ғана орындауға рұқсат етіңіз.

11. Егер кір жуғыш машинаңыз істен шығып, ал сіз жұмыс істейтін аспаптарға тәуелді болсаңыз, қатты жабығып, қапаланып қаларыңыз анық. Егер сіздің таңдауыңыз құралдардың жақсы жұмыс істеуі болса, кір жуғыш машина сынған кезде, онсыз да мәз емес жағдайға қажетсіз эмоцияларыңызды қосып, мәселені одан әрі ушықтырмас едіңіз.

12. Бір секунд, бір минут немесе бір сағаттан кейін болатын нәрсені өзгерте алуыңыз мүмкін, бірақ болып жатқан нәрсені өзгерту үшін қауқарыңыз жетпейді. Қазір ісіңіз оңға баспай жатса аса қамықпаңыз. Бәрін жақын арада өзгерте аласыз.

13. Көлігіңіздің дөңгелегінің желі шыққан болса, бұл сіздің өміріңіздегі жай ғана бір келеңсіздік екенін түсініп, көнігесіз. Дөңгелегіңіз бүлінді, бірақ бұл өмірдің тыныштығын да бұз дегенді білдірмейді. Сондықтан, сабыр сақтай отырып келеңсіздікті шешу үшін қажетті әрекеттерді жасаңыз.

14. Тәуелділіктен бас тарту — өзін бақытсыз сезінуді тоқтататындай етіп санаңызды қайта бағдарламалау дегенді білдіреді.

15. Кез келген көлемдегі ақшадан ләззат ала алатын бола бастайсыз, бірақ бақытыңыз әмияныңыздың қалыңдығына байланып қалмайды.

16. Біз дүниелерді нақты өзіндей көре алмауымыз мүмкін, себебі әр адам дүниені өзінің ой-өрісіне байланысты көреді. Барлық сезінімдік кірістеріңізді үнемі толытып тастайтын көп көлемде келген ақпараттардың ағынын өңдеуіңізге байланысты, сіздің құмарлықтарыңыз да өзгеріп отырады.

17. Санаңыздың ағымын «қазіргі сәтке» икемдеу барысында, алаңдаушылық, реніш, мазасыздық, қорқыныш, ашулану, және т.б. сезімерді тудыратын құмарлықты байқайсыз. Осылайша, әрбір жағымсыз эмоцияны сананыңызды дамытатын мүмкіндік ретінде пайдаға асырасыз. 

18. Өміріңіздегі барлық нәрсе «қазіргі мәңгілік сәт» болып есептеледі, сонымен қатар осы сәттегі тәжірибе сіздің санаңыздағы бағдарламалау арқылы пайда болады.

19. Тәніңіз бен ақылыңызды, сондай-ақ адамдар мен сізді қоршаған заттарды ішкі жан-дүниеңіздің ең тыныш жерінен бақылап көріңіз. Мұны байқаған сәтте, өмір өзенімен баяу жүзу үшін не істеу керек екенін түсінетін ұғым пайда етесіз.

20. Сіздің санаңыз эмоционалдық күйзелістен құтылған жағдайда ғана нағыз тиімді өзгерістер жасай аласыз. 

21. Өміріңіздің дәл қазіргі сәтіне көңіл бұрғанда, сізге өмірден толық ләззат алу үшін барлығы да жеткілікті екенін байқай бастайсыз. Өзіңізді үнемі бақытты сезінбеуіңіздің бір ғана себебі бар — өзіңіздегі жоқ нәрсені қалайтыныңыз.

22. Әр көңіліңіз толмаған сәтте, эмоцияларыңыз айналаңыздағы адамдардың немесе заттардың сіздің көзқарасыңызға не сіздің ойлау тәсіліңізге сәйкес келмейтінін сізге білдіреді.

23. Сіз «өзіңді итермелеу» керектігін түсінгеніңізде «әлемді итермелеуді» доғарасыз. Бір ғұлама айтқандай: «сізді ештеңе ренжітуге тырыспайды. Сіз тек ренжулі болғандықтан ғана ренжулісіз».    

24. Егер айналаңыздағылар сізге ілтипатпен, саналы қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, осылай жасауларына көмектесетін әрекет жасаңыз.

25. Оқиғаларды сол күйі қабылдау — болып жатқан жағдайға көніккендігіңізді білдірмейді. Бұл осы сәтте орын алған жағдайдың салдарынан туған эмоционалдық ыңғайсыздықты сезінуіңізге жол бермегеніңізді білдіреді.

26. Өміріңіздің сыртқы жағдайлары өзіңізді қауіпсіз немесе қауіпті сезінуіңізге мәжбүр етпейді. Мәселен, біреулер ақшасы болмағанымен өзін қауіпсіз сезінуі, ал енді басқаны банкте миллион доллары болса да сенімсіздік мазалауы мүмкін. Сіздің қауіпсіздік немесе сенімсіздік сезімдеріңіз сіздің эмоционалдық программалануыңызбен байланысты болмақ.

27. Көптеген адамдар бақытты әсер арқылы, яғни тамақтың дәмі, музыканың дыбысы, фильм мен пьесалардан алған ләззат немесе үйде ерекше жайлы орта жасау және т.б.-дан іздейді. Сезу немесе әсер арқылы бақыт іздеу — сезім немесе әсерді қайта-қайта іздеуге мәжбүрлейді. Бұл ретте оларсыз өзіңізді бақытсыз сезінетініңіз анық.

28. Өз сана-сезіміңізді түйсіне аласыз. Барлық ойларыңыз, эмоцияларыңыз проекцияланған басыңыздың ортасында тұрған экранды елестетіп, сол экранды бақылап отқанға айналыңыз. Рам Дасс (психолог, ғылыми қызметкер, жазушы) айтқандай: «Бақылаудан басқа ештеңесі болмаған санаңыздың ең тыныш бұрыштарынан өз сахнаңызды бақылаңыз».

Сондай-ақ кітапта саналы болу үшін үнемі өзіңізге қоюға болатын сұрақтардың бірнеше мысалы бар:  

— Қазір не болып жатыр? (жай ғана фактілерді көрсетіңіз: не, қашан, қайда, кім және қалай)  

— Мен қазір қандай нақты эмоцияны сезінемін?

— Мен дәл қазір өзіме не деп жатырмын?

— Қазір менің денемде қандай ауырсыну немесе күйзеліс пайда болуда?  

— Менің келбетім мен түрім қандай?

— Өзімдікі дұрыс, басқалардікі бұрыс екенін дәлелдеу үшін менің миымды не оталдыруы мүмкін?

—  Мен ішкі әлемімді реттеп, эмоцияларымды өзгертудің орнына сыртқы әлемде не өзгертуге тырысып жүрмін?

—  Нәпсім қандай жалған қоршауды сақтауға тырысып жүр? Қандай бетперде киіп жүрмін?

— Соған ұқсас жағдайды бастан өткерген сайын мені қамықтыратындай, өткен шақта қандай оқиға болған еді?  

— Мен өмірімдегі оқиғаларға автоматты түрде жауап беруді тоқтатқым келеді ме?

— Мен дәл осы сәтте неден бас тартамын?

— Өзім туралы қандай ойларды қабылдамаймын?

— Мен бұл жағдайға қатысты нені қабылдамаймын?

— Мен үшін адам немесе жағдай қандай қауіп төндіріп тұр?

— Болуы мүмкін ең жаман нәрсе не?

— Бақытты болуым үшін әлемнен не талап етіп тұрмын?

— Мен осы жағдайды қабылдап, бақытты болып қала аламын ба?

— Менің үлігім қайсысы:  «Мен қандай болуым керек», «Мен қандай болуға міндеттімін» немесе «мен қандай болуға мәжбүр болдым»

— Маған қай үлі қажет?

Сәттілік!

Оқуға кеңес береміз:

Эмоционалдық интеллект деңгейінің төмендігін қалай анықтауға болады

Біздің психикамыздың жұмысы туралы қызықты 4 факт

Зердеңізді дамытатын пайдалы 7 дағды

Қарабайыр ойлау шеңберінен қалай шығуға болады

Басқалардың ойына өте тәуелді екеніңіздің 10 белгісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...