Өлең, жыр, ақындар

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Ораза тұту денсаулыққа зиянды емес, керісінше өте пайдалы. Бұл жайт бүгінгі медицина мамандары тарапынан айқын түрде дәлелденген. Әлемдегі көптеген маман дәрігерлер тарапынан жазылған кітаптарда сан алуан аурулардың диета сақтаумен емделетіні немесе диета арқылы емнің тез жүретіні айтылуда.

Ораза — бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеген асқазанмен бүкіл ас қорыту жүйелерінің дем алуы және адам денесінің тазаруы деген сөз.

Адамдарда өте жиі кездесетін індет асқазан және ішек аурулары. Ал бұл жағдай семіру, жүрек және тамыр ауруларына, қант диабетіне және қан қысымының жоғарылауына себеп болуда. Ораза бүкіл бұл аурулардың алдын алушысы болумен қатар емнің көзі де болып табылады.

Ораза тұтумен адам күшті қалау еркіне де қол жеткізері сөзсіз. Осы себепті арақ, наша сияқты жаман әдеттерінен ораза арқылы құтылғандар көп кездесуде.

Ораза денедегі көмірсу, протеин мен әсіресе май қорларының әрекетке түсуін қамтамасыз етеді. Ораза арқылы сүзгіш жұмысынан құтылған бүйректер өзін тексеру, жөндеу, дем алу және жаңалануға мүмкіндік табады.

Ораза жылына бір ай, тек күндіздері ішіп-жеуден тиылу деген сөз. Бұл жерден аштықтың және сусыздықтың не екенін сезініп, түсінуге болады. Ораза тоқ адамдарға аш адамның қандай жағдайда болатынын, не сезінетінін де еске салады. Сондай-ақ өзін тәрбие етуді қамтамасыз етеді.

Сәйид Бурханәддин Тирмизи шәкірттеріне былай деген екен:

«Қарындарың аш болсын! Ол үшін ораза тұтыңдар! Өйткені ораза данышпандық қазыналарының кілті. Ораза тұту көңіл көзінің ашылуына, көңілдің жұмсаруына себеп болады».

Қорыта айтқанда ораза адам үшін зиянды емес, қай жағынынан қаралса да пайдалы. Өйткені ораза тұтқандарда күндіз қан көлемі мен тін суының азайғаны нәтижесінде ең болмағанда қан қысымының қалыпты күйге енгені және жүрек жұмысының жақсарғаны байқалады. Ораза тұтқан кісінің жүйке жүйесі де жеңілдейді.

Оқуға кеңес береміз:

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды

Ораза өмірді ұзартады

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Балжан

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Аруна

Ораза құтты болсын!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз