Өлеңдер бөлімі

ШҚО-да «Ашық мектеп – ашық бюджет» жобасы жүзеге асырыла бастады

Шығыс Қазақстанда «Ашық мектеп – ашық бюджет» пилоттық жобасы жүзеге асырыла бастады.

Оны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен білім мекемелері бірлесіп қолға алып отыр. Әзірге Өскемен және Аягөз қаласындағы 4 мектеп таңдап алынды. Ол үшін арнайы топтар құрылып, оған мектеп басшылығынан өзге ата-аналар, қамқоршылар кеңесі мен қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Жемқорлықпен күрес агенттігінің мамандары да топпен тығыз байланыста болады. Басты мақсат – әрбір тиынды бақылауда ұстап, мектептерде түрлі сылтаумен ата-аналардан ақша жинауға тосқауыл қою. Жоба авторлары кез-келген мұндай заңсыз әрекеттер бойынша әлеуметтік желілер арқылы да шағымдануға болатынын мәлімдейді.

Жанна Қабдолдақызы, МҚІСЖҚІА облыстық департамент басшысы:

- Ашық бюджет дегеніміз қазір біз зерттеп отырмыз, қанша бюджеттен қаражат бөлініп отыр, жөндеуге дейік, жалақы қорына, сонан кейін коммуналдық шығындарға қанша қаражат бөлінген? Демеушілер шотына түскен ақшаны мектеп қайда жұмсады, оған есеп болса, сонда ата-ана мен мектеп арасында қарым-қатынас дұрыс болады деп ойлаймын. Оң нәтиже болады, ол сөзсіз. Содан кейін басқа мектептерге де таратамыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...