Өлең, жыр, ақындар

Ауруды басқару бағдарламасы бойынша артериялық гипертензиясы бар пациенттерді басқарудағы мейіргердің ролі

Қызылорда медициналық жоғары колледжі
оқытушы Аманова Динара Оразалиевна

«Біз біріншілік медико-санитарлық-көмек сапасын жоғарылатуымыз және профилактикалық шараларға ден қоюымыз керек. Білікті ұйымдастырылған профилактикалық шаралар арқылы аурудың ерте сатысында алдын-алуға болады. Сондықтан халықтың денсаулығын сақтауға ұлттық денсаулықты бақылау бағдарламасын енгізу керек»-деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «"Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауы негізінде елімізде ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылуда.  

Ауруды басқару бағдарламасы (Disease management programs) – созылмалы жұқпалы емес аурулары бар адамдардың жалпы жағдайын жақсарту, асқынулардың алдын-алу, госпитализациялауда әкелетін артық шығындарды азайту мақсатындағы бағдарлама. (Bodenheimer, T. (1999). “Disease Management — Promise and Pitfalls,” The New England Journal of Medicine, 240(15): 1202-1205).

Қазіргі әлемде қоғам үшін созылмалы аурулар медициналық ғана емес, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жаһандық проблема болып табылады. Жыл сайын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар санының өсуі байқалады, олар адамдарды еңбекке қабілеттіліктен  айырып, ұзақ уақыт шығынмен емдеуге, оның ішінде стационарлық емдеу қажеттілігімен ауыр асқынуларға әкеп соқтырады. ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы (ДДҰ ЕӨБ) 2016 жылдың қаңтар айында Қазақстанда амбулаториялық емдеуге болатын аурулардың тізімін ұсынды.

Ауруларды басқару бағдарламасын қолдану арқылы ДДҰ ЕӨБ зерттеулерінің деректері бойынша, артериялық гипертензия кезінде - 75%, несеп шығару жолдарының инфекциялары кезінде - 44% және стенокардия кезінде - 42% ауыр асқынулардың дамуын, еңбекке қабілеттілігінен айырылуды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде тиімді шаралар кезінде науқасты экономикалық шығын әкелетін емдеуге жатқызуды болдырмауға болады.

Ауруды басқару бағдарламасы бойынша әлемдік тәжірибені талдасақ:

— Финляндияда  ЖИА бойынша өлім көрсеткіші жоғары деңгейде болуына орай, 1972-1977 жылдар аралығында – АББ пилоттық режимде, кейін – Финляндияның барлық өңірінде жүрді;

— Голландия елінде ауруларды басқару бағдарламасы  2000 жылы қантты диабет ауруы бойынша жүргізілді;

— Германияда ауруларды басқару бағдарламасы  2001 жылы – қантты диабеттің 2-ші типі, өкпе обыры және ЖИА,  2003 жылы сүт безі обыры бойынша жүзеге асырылды;

— Канада елінде 2003 жылы – СЖЖ, ӨСОА, қантты  диабет аурулары бойынша ауруларды басқару бағдарламалары іске асырылды.

Канада соңғы деректер бойынша гипертония ауруының  алдын алу және бақылау саласындағы әлемдегі жетекші ел болып табылады.

Канададағы гипертониялық ауруды мейірбикелік басқару жүйесі:

— АГ ерте анықтайды және диагностикалайды (АҚҚ өлшеуді жүзеге асырады);

— Салауатты өмір салтын жақсарту жөнінде ұсыныс береді;

— Медбикелер диетологтармен және денсаулық сақтау командасының басқа да мүшелерімен ынтымақтастықта жұмыс жасай отыра диета жайлы кеңес береді;

— Пациенттің салмағын өлшейді, ДСИ анықтайды;

— Медбике пациенттің физикалық белсенділігін бағалайды;

— Пациентке алкоголь және шылым шегудің зияны жайлы әңгімелесу жүргізеді.

Нәтижесі:

— Жүрек қантамыр жүйесі ауруларынан кейінгі асқынулардың азаюы;

— 1980 жылғы статистикалық деректермен салыстырғанда үлкен жетістіккке жеткендігі байқалады.

— Жастар арасында жүрек-қантамыр жүйесімен аурушаңдық деңгейі азайған.

Бразилиядағы гипертониялық ауруды медбикелік басқару жүйесі:

Медбикелер пациенттерді телефон арқылы және үйіне бару арқылы бақылап отырған.

Науқаспен байланысқан медбикенің әзірлеген іс-қимыл жоспары телефон арқылы жіберіледі. Әрбір науқас үшін анықталған басымдықтарға сәйкес іс-шаралар жүргізілді және медициналық жазбалардың кестесіне енгізілді. Әрекеттер бірден беске дейінгі жұлдыздармен белгіленді. Жоғары басымдық берілетін іс-әрекеттер өз кезегінде көп жұлдызға ие болады. Бұл көрнекі әдіске қосымша, мейірбике іс-әрекетті орындау үшін белгілі бір күнді тағайындай алды. Әрбір қоңыраудың соңында келесі қоңырау жоспарланып отырады. Сонымен қатар, бағдарламаның курстық жұмысын сипаттайтын шамамен 100 брошюра жасалды.    Науқаспен жүргізілген іс-әрекетке сәйкес, кем дегенде бір брошюра әр шақырылғаннан кейін медбикенің берген ақпаратын біріктіру үшін жіберіледі. Брошюраның негізгі тақырыптары созылмалы ауру ретінде гипертонияның есірткі және есірткіге қарсы емдеу, семіздік, артық тұз және май қабылдау, темекі шегу, физикалық белсенділіктің болмауы, алкогольді тұтыну және стресс, яғни тәуекел факторларына, артериалды қысымды өлшеуге және тұрақты физикалық тексерудегі маңызды проблемаларға арналды.

Нәтижесі:

— Созылмалы ауруларды басқаруда медбикелер жоғары жетістіктіктерге жеткен.

— Медициналық ақпараттардың кеңінен қолданылуынан пациенттерге оң әсер тудырған.

— Жүрек қантармыр жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші азайған.

Қазақстандағы Ауруларды басқару бағдарламасы ҚР ДСМ халықаралық кеңесшілерімен бірлесе отырып әзірленді (Canadian society for international health.)

Бағдарлама ғылыми жағынан дәлелденген, денсаулық сақтау реформаларын одан әрі нығайту, халықтың денсаулық мәселелері бойынша хабардар болуын, азаматтардың денсаулығы үшін мемлекеттің, қызметкерлер мен азаматтардың өздері арасында ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында әзірленген.

Артериялық гипертониямен ауыратын науқастармен жұмыс жүргізетін  медбикелердің қатысуымен созылмалы ауруларды емдеу стратегиясы олардың дәрілік терапиясына бейімділігін арттыруы мүмкін. Гипертония сияқты ауру-сырқау мен өлімді жою стратегиясын қабылдау денсаулық сақтаудың барлық деңгейлеріне арналған.  

Гипертониямен ауыратын науқастар үшін, әсіресе орта немесе ұзақ мерзімді кезеңде науқастардың өмір салтындағы өзгерістердің маңыздылығын талап ететін мейірбикенің ауруды басқаруға қатысуы маңызды.

Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу келесі кезеңмен жүргізілді:

— 2013 жылдан бастап — Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарында;

— 2016 жылдан бастап — Астана, Алматы қалаларында, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында;

— 2017-2018 жылдары — Республика бойынша;

— 2019 жылдан бастап — Республика бойынша қосымша екі ауру түрі қосылады.

Қызылорда облысына ауруларды басқару бағдарламасы  2018 жылдың қыркүйек айында енгізілді. АГ, қантты диабет, СЖЖ, яғни  3 нозология бойынша пилоттық режимде қалалық емханалардың барлығында жүзеге асырылуда.

Ауруларды басқару бағдарламасының біздің облыста енгізілу барысымен танысу   мақсатында колледждің клиникалық базасы болып табылатын №3 қалалық емханадағы жұмыспен таныстым.   Ауруды басқару бағдарламасына cәйкес АГ диагнозымен ауыратын «Д» есептегі пациенттердің 450-і бағдарламаға  қатысуда.

450 пациент қатысады.  Пациенттер АББ-ға қатысу келісімшартқа отырған,  әр 3 ай сайын дәрігер қабылдауына келеді, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді,анкета толтырады. Келісімге сәйкес, емханада бағдарламаға пациентпен үнемі байланыста бола отырып, пациентке динамикалық бақылау жасайтын мультидисциплинарлық командалар құрылған.

Дәрігер қабылдауына келерде дәрігерге дейінгі кабиентте антропометриялық өлшемдер жасайды, АҚҚ өлшейді. Креатинин және ЛПНП-ге қан анализін тапсырып, «ДамуМед» мобильді қосымшасы арқылы бақылап отырады. Айына  1 рет «Артериялдық гипертензия мектебіне» кардиолог семинар сабақ жүргізеді. Ақпараттандырылған пациент өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, денсаулығына әсер ететін факторларды бақылайды, сонымен бірге, пациенттің мінез-құлқы өзгеріп, өз денсаулығы үшін жауапкершілігі арта түседі. Осылайша, бағдарлама пациенттермен қатар медициналық қызметкерлерге өз ауруларын басқаруға, оның асқынуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

«ДамуМед» мобильді қосымшасына «Ауруды басқару бағдарламасы» кабинеті енгізілген. Осы жерден пациенттер дәрігерлік қабылдауға бару уақытын, анализ қорытындысын бақылап отырады.

Ауруларды басқару бағдарламасындағы мейіргердің ролі:

— Телефон желісі арқылы пациентпен үнемі байланыста болу.

— Пациентке және оның туыстарына күтім шараларын үйрету

— АҚҚ өлшеу техникасына пациетті үйрету

— Қосымша медициналық тексерулерге шақырады

— Медбике жоспарланған дәрігер қабылдауына келуін қадағалайды


Ауруларды басқару бағдарламасының пациенттер үшін тиімділігі:

— Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі;

— Мониторинг және кеңес беру үшін медициналық қызметкерлермен телефон арқылы тұрақты байланысу мүмкіндігі болады;

— Пациенттерге кезектен тыс қызмет көрсетіледі;

— Пациенттер өзіне-өзі көмек көрсету қағидаттарына үйретіледі;

— Өзін-өзі жетілдіру және салауатты өмір салты бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.

АББ қатысушы пациенттердің пікірі:

— Қабылдауға келген ұнайды;

— Медицина қызметкерлерінің  қамқорлығын, әсіресе телефон арқылы байланысу барысында  сезінеді;

— Дәрігердің алдындағы жауапкершілігін сезінеді;

— Ауруы бойынша күнделік жүргізеді.

Қорытынды:  

Қаладағы №3 емхананың жұмыс тәжірибесіне  енгізілген ауруларды басқару бағдарламасының енгізілу барысымен таныса отырып, Ауруларды басқару бағдарламасы қазіргі сұранысты қанағаттандыратын, тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасындағы сенімділікті орнататын, ең бастысы аурулардың алдын алуда қажетті бағдарлама және оның мазмұнын әрбір медицина қызметкері меңгеруі қажет деп тұжырымдама жасадым. Оған негіз ретінде төмендегілерді атап өтемін:

2018 жылдың 6 айлық республикалық рейтингісі нәтижесімен ауруларды басқару бағдарламасы бойынша облыстың көрсеткіштері салыстырмалы қолайлы деңгейде;

Бағдарламаға қатысушы пациенттер оң пікірлерін айтты (қабылдауға келген ұнайды, медицина қызметкерлерінің  қамқорлығын, әсіресе телефон арқылы байланысу барысында сезінеді, дәрігердің алдындағы жауапкершілігін сезінеді, ауруы бойынша күнделік жүргізеді)

Жобаға қатысушы пациенттің бойында жақсы өзгерістер байқалды, яғни артериалдық гипертензиясы бар пациенттердің 75%-ында процестің тұрақталуы және артериалдық қысымды бақылау машықтарының қалыптасуы байқалды, пациенттердің ауруханаға жатқызу жағдайы 2 есеге азайған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз