Өлең, жыр, ақындар

Қазақстаннан қай елге барып арзан демалуға болады

Демалуды жоспарлап қойдыңыз, бірақ демалысыңызды қайда өткізетініңізді білмейсіз бе? Ендеше отбасыңызмен баруға болатын ең танымал курорттар мен елдерге шолу ұсынамыз.

Демалыс алдында қайда барып демалсам екен деп, ойыңыз сан-саққа бөлінген болар. Демалыстың қашаннан басталатынына қарамастан, жазда қалай демалуды, сәйкесінше қайда баруды жоспарлап алыңыз.

Демалушылардың көпшілігі орын өзгертуді ғана емес, сонымен қатар пайдалы демалыс, сондай-ақ жаңа жерлермен, елдермен танысуды да армандайды.

Қазіргі заманда шетелге шығып, демалу құр қиял немесе қол жетпейтін нәрсе емесі белгілі. Кейбіреулер шет елдерге бір жылда бірнеше рет қыдырып та үлгереді. Сондықтан, шетелде демалысқа барар кезде, қандай елде демалған қолайлы әрі қолжетімді екенін анықтап алыңыз.

Көбісін бюджеттік нұсқалар қызықтырады, сондықтан осы жазда Қазақстаннан қай елге демалысқа бару қалтаңызға әлдеқайда арзанырақ  түсетініне тоқтала кетейік. Демалыс орындарының жайлы әрі тиімді тізімі:

Болгария

Бұл еуропалық елде, Қара теңіздің жағалауында демалудың ең үнемді нұсқасы. Ұшу бар болғаны бірнеше сағатты алады. Барлық қонақ үйлернде демалушыларды аэровокзалдан демалыс орнына тікелей жеткізетін ыңғайлы трансфері бар.

Болгария туристтерге төмендегілерді ұсына алады:

1. Жағажайдағы демалыс, тау шаңғы курорттары, минералды суларда санаториялық емдеу.

2. Таза әрі тегін жағажайлар, көркем табиғат.

3. Арзан да дәмді түрлі тағамдар.

4. Төмен бағалы киімдер, аяқ киім, аксессуарлар, парфюмерия. Әсіресе туристер арасында ерекше танымалдылыққа ұлттық кесте салынған бар зығыр киімдер, күміс әшекейлер, былғары сөмкелер, клатчалар, белдіктер және т.б. ие.

5. 3 мың жылдық тарихы бар Софияға бару немесе 6 мың жыл толған Пловдивті көру мүмкінігін ешкім жіберіп алғысы келмейтін болар. Сондай-ақ көрнекі орындары: Пирин паркі және Раушангүл алқабы, Болгарияның Иерусалимі — Рильский шіркеуі.

Болгар қонақ үйлерінде демалу — жаңа әсер беретін нағыз мереке болмақ.

Грекия

Грекия арзан бағада, тамаша әрі танымдық демалыс үшін таптырмас орын. Атап айтсақ:
 
1. Эгей, Ион және Жерорта теңіздерінің жағажайларындағы керемет демалыс.

2. Тамаша Жерорта теңізінің асханасы.

3. Антикалық сәулет және мәдениетпен танысу. Грекияның әрбір бұрышы тұнып тұрған аңыз.

4. Жұмсақ климат және әдемі табиғат.

5. Толық қызмет көрсететін қонақ үйлер.

6. Арзан өнімдер мен қызмет.

7. Бюджеттік сауда-саттық (табиғи теріден тігілген әдемі тондарды төмен бағамен сатып алуға болады). Туристер арасында ерекше сұранысқа ие зәйтүн мен зәйтүн майы, түрлі дәмдеуіштер мен шөп шайлары.

Өз бетінше демалғысы келетіндер жеке пәтерді, апартаменттерді немесе коттедждерді жалға ала алады.

Туристтердің Меккесі — Түркия

Бұл елдің курорттары ең танымал, мұнда келушілердің саны өте көп. Мұның бәрі сервис деңгейінің, демалыс жайлылығы мен климаттың жұмсақтығының, жағажайлар мен теңіз тазалығының арқасында болар.

Түркия демалушыларға:

1. All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлер.

2. Балалар үшін көңілді аниматорлардың қызметі.

3. Көрнекті жерлермен танысу: ежелгі Византияның көне ескерткіштері мен сәулеті, (Осман империясының гүлденуі кезеңіндегі) ұлы Сұлтан Сүлейменнің басқаруымен байланысты тарихи орындар.

4. Арзан шопинг. Түркиядан барлығын таба аласыз: талғамыңызға сай маталар, алтын мен күмістен жасалған әшекейлер, былғары және тері бұйымдары. Егер саудалассаңыз (ал түріктер саудаласқанда алдына жан салмайды), айтқан бағаның жартысына дейін түсіруге әбден болады.

5. Орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетіледі.

Түркияда өз бетінше демалуға болады, бірақ тұрғын үй мәселесін алдын-ала келісіп алған жөн. Себебі бағалар маусымға және жағажайлардың алыстығына байланысты үнемі өзгеріп отырады.

Мысыр

Түркияға басты бәсекелес елдің бірі. «Бәрі қосылған» қағидаты бойынша сапалы қызмет көрсетумен және демалыс бюджеттігімен танымал.
Мысыр туристерді мынадай ұсыныстармен тартады:

1. Бірегей және әр түрлі болған өсімдік пен жануар әлемімен, Қызыл және Жерорта теңіздерімен кез-келген демалушыны қызықтырары сөзсіз. Бұл жерге дайвинг әуесқойлары көптеп келеді, себебі бұл жерлердің экологиялылығы су асты әлемінің және оның тұрғындарының сұлулығы ләззат алуға толық мүмкіндік береді.

2. Африка өзінің экзотикалық көрікті жерлерімен көз тартады. Перғауынның пирамидасын (мысалы ұлы Сфинксті) тамашалауды, шөлдегі бәдеуиндердің өмірін көруді, түйелерге отырып серуендеуді кім армандамайды дерсің.

3. Дамыған инфрақұрылымы бар.

4. Қалта көтерерлік шопинг. Мысырдан туристер түйелердің терісінен және жүнінен жасалған заттарды, қолмен тоқылған кілемдерді, хош иісті майларды, әшекейлерді, папирустар мен кальяндарды көптеп сатып алады.

Мысыр туристер үшін жыл бойы ашық. Көктемгі, қысқы кезеңдерде баға жаз маусымына қарағанда арзанырақ болатыны анық. Бірақ, қонақ үйді жалдау туралы алдын ала ойланған дұрыс. Осылайша Мысырда керемет демалыс өткізуге болады.

Таиланд

Туристерге қолайлы, ерекше мәдениеті бар экзотикалық азиялық ел. Мұнда демалушыларды қызықтыратын дүниелер аз емес:

1. Үнді мұхитының сұлулығы.

2. Елдің дәстүрлерімен, бірегей Шығыс мәдениетімен, көрнекті орындарымен, сондай-ақ сәулетімен танысу.

3. Спа-қызметтердің кеңейтілген кешенін қабылдау, соның ішінде экзотикалық, мысалы: пілмен жасалатын массаж.

4. Арзан шопинг.  Жергілікті базарлар жібек, күміс бижутерия, інжу және асыл тастармен әшекейленген сапалы заттарды, фарфордан жасалған бұйымдарды ұсына алады.

5. Арзан азық-түліктер, әсіресе жемістер.

Мамыр айының ортасынан бастап қыркүйекке дейін Таиландта маусымаралық кезең. Бұл кезеңде демалуға баға бірнеше есе төмендейтіні бар.

Үндістан

Үндістанға демалушылар тек жағажайларда қыздырыну үшін ғана емес, сонымен-қатар осы елдің тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысу үшін барады.

Үндістан туристтерге не ұсына алады:

1. Гоа, Керала және Гокарна аралдарының жағажайларындағы ұмытылмас демалыс. Аппақ құм және көк мұхиттың көрінісі керемет және ерекше.

2. Қалтаға қалың түспейтін демалыс.

3. Әр түрлі экскурсиялар. Үндістанда баратын жерлер көп-ақ: Тадж-Махал, Аджант үңгірі, Джайсалмер форты, Алтын храм (Хармандир-Сахиб), Вирупакши храмы, Итемад-уд-Даулы мазары, Пикола көлі сарайы және т.б.

4. Шопинг. Үндістанда кашемир, кілем, жібек сари, шәлі және белдемше, зығыр сарафандар мен көйлектер, дәмдеуіштер, бамбуктан, сандал ағашы және үнді жаңғақтарынан жасалған түрлі мүсіндер, әшекейлер сатып алуға болады. Заттар сапасы жоғары, ал бағасы төмен.

Үндістанға саяхат жасауда қазақстандықтар үшін бір қолайсыздық бар, ол — виза ашу. Сондықтан мұндай сапарға алдын ала дайынық  керек.

Шри-Ланка

Цейлон шайын жақсы көресіз бе?  Ендеше, шай жапырақтары жиналатын елге баруыңыз керек. Шри-Ланка — Үндістанның аралдық көршісі.

Бұл ел несімен тартымды:

1. Тропикалық климатымен, таза әрі аппақ жағажайлар, ашық көк мұхитымен.

2. Ежелгі будда храмдарына, шай плантациясына жасалатын экскурсияларымен.

3. Жалдау құны әлдеқайда арзан қонақ үйлері, сондай-ақ, тұрғын үйді арзан бағамен өз бетінше алуға мүмкіндігімен.

4. Көз тартарлық және арзан әшекейлерімен, былғарыдан жасалған бұйымдар, табиғи шайымен.

Бұл елге саяхатыңыз сәтті болсын десеңіз, әуе билеті туралы алдын ала ойлап, қамданып алғаныңыз жөн.

Осы ұсыныстарды қарап, қай елге баратыныңызды саралап алыңыз. Жеке демалыста тәжірибесі жоқ адамдардың туристік операторларға жүгінуіне болады. Басқа елдерге бірнеше рет ұшқан және бағалармен етене таныс адамдар өзіне тамаша жазғы демалыс жасай алатыны сөзсіз.

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Адамның көбі біле бермейтін 10 ел

Қазақстанның көз жауын алар мекендері

Жалғыз саяхаттауға болатын әлемдегі ең қауіпсіз елдер

Халқы ең тығыз шоғырланған әлемнің 15 қаласы

Әлемдегі суретке жиі түсірілетін 25 қала

Әлемдегі ең таңғажайып 16 шағын елдімекен

Амстердам қаласы туралы қызықты деректер

Әлемнің ең кішкентай алты қаласы

Танымал көрікті жерлердің ішкі көрінісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Нұрым

Ауылыма жетіп алсам болды)

Қаржау

Ел көру, жер көру, аралау жақсы нәрсе ғой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз