Эссе және өлең-жыр байқауы

Шымкентте 4 мектептің директорлығына үміткерлер конкурстан өтпей қалды

Шымкентте мектеп директорлары ашық конкурстар арқылы тағайындалуда. 

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жетекшелік ететін арнайы комиссиялық топ қаладағы 10 мектепке үміткерлерді сынақтан өткізді.

10 білім мекемесінің директоры лауазымына жарияланған конкурсқа барлығы 38 өтініш түскен.  Оның алғашқы екі кезеңінен өткен 19 үміткер әңгімелесуге жіберілді. Бұл жолы кандидаттарға қойылған талап қатаң болды. Олар алдымен, ұжымды басқару әдісін көрсетіп, комиссия мүшелеріне дәлелдеуі қажет еді.

Олардың арасынан №1 кешкі, №16, №76, №77, №96 мектептердің директорлығы лауазымына лайық деген үміткерлер таңдалып алынды. Ал  қалған №11, 24, 26, 131 білім мекемелеріне конкурс қайта жарияланатын болды.

Айта кетейік, соңғы жылдары қалада мектеп директорларын осындай конкурс арқылы іріктеу өз тиімділігін көрсетіп отыр. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Инабат

Өте дұрыс!

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...