Өлең, жыр, ақындар

Қара болсаң, мендей бол

Өткен ғасырдың орта тұсында америкалық журналист Джон Гриффин қара нәсілді болудың қандай екенін өз басынан өткізіп көрмек болды. Ол шашын тақырлап қырып тастады да, ұзақ уақыт бойы арнайы дәрі-дәрмекті көп мөлшерде ішті және ультракүлгін шамның сәулесіне сағаттар бойы денесін тосып жатты. Бұл оның терісін қатты күйдіргені сондай, сырттай қарағанда ол кез келген негроид нәсілі өкіліне сойып қаптағандай ұқсас болып кетті. Оны, тіпті, достары да танымай қалып жүрді.  

1959 жылы Джон Луизиана, Миссисипи, Джорджия және Алабама штаттарын қара терілі адам болып, дені автостоп арқылы, аралап шықты.

Гриффиннің бұл саяхатының нәтижесінде ол ел көріп, жер көріп жүргенде жазып отырған 188 беттік күнделік пайда болды. Кейін ол күнделіктен «Қара болсаң, мендей бол» деген кітап жазып шығарды. Кітабында Гриффин негрлер туралы айтылатын көптеген стереотиптердің  — олардың тумысынан кеще және еріншек екендігі, оларға қожа керек екені, олар өздерінің тағдырына риза екендігі туралы және басқа стереотиптердің мұзын ерітуге тырысып көрді. Ол ақтардың қараларға және қаралардың ақтарға деген жеккөрушілігін сипаттап шықты. Ол көп нәрсені  — мысалы, Луизианада негрге жай ғана жуынып алатын жерді табудың қандай қиындықтары болатынын, білді. Ақ нәсілділермен әңгімелескенде олардың дені қара нәсілділердің төсектегі өмірін білгісі келіп тұратынын біліп таң қалды.   

Кітапта күнделікті болып тұратын тұрпайы расизм көп айтылады. Гриффин тіпті расисттік анекдоттардың да мол қорын жинады. Автобуста келе жатқанда Джонның басынан кешкен бір оқиға сол жердің айнасындай еді. Ол ақ нәсілді әйелге орынын берейін деген кезде, қара нәсілділердің бұл қылығын жақтырмай, ала көздерімен қарағанын көрді. Ақ әйелдің өзі де оның бұл әрекетін өрескелдікке балады.  

«Қара болсаң, мендей бол» кітабы басылып шыққан соң, Гриффин көптеген адамның қоқан-лоққысын көрді. Ку-клукс-кландықтар оны піштіріп тастағысы келді, ата-анасының үйінің алдында оған ұқсас тұлыпты өртеп жіберді. Ол отбасымен бірге Мексикаға көшіп кетуге мәжбүр болды. 1964 жылы расисттер оны шынжырмен өлімші етіп сабап, жол бойында тастап кетті.  

Ол аман қалды.

Джон Ховард Гриффин 1980 жылы 60 жасында диабет ауруынан қайтыс болды.

P.S. Джон жас кезінде Француз Қарсылығы қозғалысында жүріп, австриялық еврейлерді құтқаруға атсалысты. Содан кейін ол АҚШ ӘӘК қатарында, кілең қаралардың ішіндегі жалғыз ақ болып, Соломон аралдарындағы базада қызмет атқарды және жергілікті мәдениет пен тұрмысты зерттеді. Безгек ауруына шалдығып, соның салдарынан сал болып қалды. 1946 жылы жазатайым оқиғадан көзі көрмей қалды да, оны қызметке жарамсыз деп, үйіне қайтарды. Шешесінің арқасында фортепиано тартуды үйреніп алды да, сол аспапты тартуды үйретуден сабақ берді. 1957 жылы көру қабылетін қалпына келтіріп, фотосуретші болып кетті.

Гриффин 1959 жылы терісін қарайту үшін метоксаленді (Oxsolaren) көп мөлшерде пайдаланғандықтан пайда болған тері обырынан қайтыс болды деген сыбыс бар. Джон тері обырымен ауырған жоқ. Ол дәріні ішкеннен шаршаңқылық пен жүрек айнуы сияқты уақытша және болмашы симптомдар ғана пайда болды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз