Эссе және өлең-жыр байқауы

Кішкентай ғана қулық арқылы азаматтық соғысты тоқтатқаны үшін Нобель сыйлығын алды

Элен Джонсон-Серлиф көбімізге Африкалық ел — Либерияның алғашқы президенті болғаны арқылы таныс. Өжет мінезділігі мен наным-сенімдерінің беріктігі үшін Эленді «темір ханым» деп атап кеткен. Бейбітшілікке және демократияға талпынғаны үшін ол Нобель сыйлығымен марапатталды. Ол кісі парасатты бір әйелдің айласы мыңдаған қарулы ердің күшінен қуаттырақ бола алатынын өз ісі арқылы дәлелдеді.

Элен Джонсон-Серлиф 1938 жылы Либерияда туды. Ол кісі ерте тұрмыс құрып, 34 жасында 4 баланың анасы болды. Өзінің отбасылық жағдайына қарамастан, Элен Гарвардқа мемлекеттік басқару мамандығын алуға кетіп, еліне 10 жыл өткен соң барып оралды.   

Либерияда Элен салған жерден қаржы министрінің көмекшісі қызметіне тұрды, сосын көп өтпей-ақ өзі министр болып шыға келді.  

Алғаш рет батылдық танытқан кезі  

1980 жылы Либерияда мемлекеттік төңкеріс болды. Әскерилер билікті тартып алып, өз-өзіне генерал атағын берген Сэмуел Доу өзін мемлекет басшысы деп жариялады. Доу либериялықтарды әскери диктатураның қыспағына алды да, бұндай түнек заман ешқашан өтпейтіндей көрінді. 

Сэмюэлден қорқатындар көп болатын. Бірақ Элен аузын оп-оңай жаптыра салатын адамдардың ішінен емес еді. Ол президентті еш бүкпесіз сынап жүрді. Осы үшін оны абақтыға қамады және Либериядан қуып жіберді. Джонсон-Серлиф Отанына тек 1997 жылы ғана орала алды. Жанына батқаны сол, ол өзінің сүйікті елін жүдеп-жадаған, агрессивті және азаматтық соғыстың қанына бөгіп жатқан күйінде көрді.   

Қос диктаторға қарсы шығу 

Саяси қайраткер Чарльз Тейлордың елдің сол кездегі билігіне қарсы тұруды ұйғаруы азаматтық соғыстың шығуына себеп болды. Ол күрт күшейіп, тез арада-ақ ел аумағының 90% үстемдік құра алған Либерия патриоттық майданын құрды.  

Бастапқыда Кениядан еліне оралған Элен Тэйлордың бастамаларын қостады да. Бұл алғашқы диктатордан естілігімен де, қайырымлылығымен де, ақыл-парасатымен де өзгешелене алмайтын кезекті бір диктатор екенін түсінгенге дейін жалғасты. Ал бұл соғыста белгілі бір тараптың ығына шыққан адамдар, шындығында екі бәленің кішірегін ғана таңдады.  

Айта кетерлігі, Джонсон-Серлиф лидерлік кандидатуралардың екеуі де көңілінен шықпаған жалғыз адам болған жоқ. Біраз уақыт өткенде Ұлттық майданнан бөлініп шыққан бір топ адам Либерия астанасын басып алып, сол кездегі үкіметті таратып жібере алды.  

Президент болуға талпынып көру  

Өз-өзін көшбасшы етіп жариялаған Сэмюел Доу қайтыс болған соң, Элен өз кандидатурасын президенттікке ұсынды. Алайда ол Чарльз Тэйлордан ұтылып қалды. Билікке жаңа адамның келуі, бір нәрсені болса да, өзгертті ме? Жоқ. Әскери диктатура ары қарай жалғаса берді. Тэйлордың қарсыластары мен жақтастары қырқысқан азаматтық соғыс қайта үдеді.  

Либерияның соңғы екі басшысына қарағанда мемлекеттік басқару туралы анағұрлым көбірек білген Элен сол сәттегі мемлекеттік саясатты сынауға және елді қалыптасқан өте қиын жағдайдан шығару үшін жаңа бағыттарды белгілеуге күш салып көрді. Бірақ үкіметтегі адамдардың ешбірі оны тыңдаған жоқ. Керісінше, Джонсон-Серлифті «билікті сыйламағанына» байланысты мемлекеттік опасыздық жасады деп айыптады, еш бүкпесіз айтпаса да, тыныш жүруді бұйырды.  

Элен қалайша президент тағына жайғасты

2005 жылы өткен келесі сайлау кезінде Эленнің негізгі бәсекелесі көпшілікке танымал футболшы Джордж Веа болды. Алайда Элен қарсыласынан 20% аса артық дауыс алып жеңіп кетті.

Джонсон-Серлиф соғысты доғару керек деп ұйғарды. Саяси белсенді Лейма Гбовидің қолдауына ие болған Элен бір біріне қарсылас либериялықтармен келіссөздер жүргізу және тараптарды ымыраластыру үшін ақиқатты анықтау және татуластыру жөніндегі комиссия құрды. Алайда жауласқан тараптар оның сөзіне құлақ аспайтындай көрінді. Сонда барып Элен қулыққа көшті.

Африка тұрғындарының айтуынша, президент балық базарына жүйелі түрде барып тұрды. Ондағы сатушылардың дені әйелдер еді. Президент сатушылармен көп араласып-құраласты, олардың жайын біле түсті және қолдап отырды. Ол кісі күнделікті дерлік сатушылармен бірге ән айтты және құдайға мінәжат қылды. Ақыр соңында Элен жергілікті әйелдерге әрқайсысы өз күйеуіне «Егер сен соғыса беретін болсаң, мен сенің жаныңда жатпаймын» деген қарапайым бір шарт қоюға келісіп алуды ұсынды.   

Бұл ойдың табысты болатынына сенгендер шамалы болды, алайда жоспар іске асты. Ерлер біртіндеп соғысуды доғарды да, соғыс ақырында аяқталды.

Нобель сыйлығы

Джонсон-Серлиф пен Гбовидің қарекет-қамы байқаусыз қалған жоқ. 2011 жылы бұл екі кісі Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды. Номинацияда «Әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі үшін жүргізген зорлық-зомбылықсыз күресі және бітімгерлік үдерісіне атсалысқаны үшін» деп жазылған.  

Одан бір жыл бұрын Элен өзінің билікке апарған жолы және мемлекет басшысы ретіндегі өмірі туралы айтып шыққан «Африканың алғашқы әйел-президентінің тамаша өмірі туралы ғұмырнамасы» деп аталған кітабын шығарды.  

2018 жылы Элен қызметінен кетіп, оның орнына Джордж Веа — Элен 2005 жылғы сайлауда ұтып кеткен футболшының өзі келді.   

Сіз қалай ойлайсыз, былай айтқанда, әйелдерді отбасылық ереуілге көндірген Элен дұрыс істеді ме? Немесе соғыс кезінде амалдың бәрі адал ма?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (2)

Дариға

Қатырған екен)

Саят

Бұл кісінің амалы адал болып тұр.

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...