Өлең, жыр, ақындар

Сіздің үнемшіл емес, бейшара қайыршы екеніңіздің 10 белгісі

Өзіңізді өзіңіз алдағанды қойып, қаржылық проблемаларыңызды бір жақты қылыңыз.

1. Сіз ең арзан азық-түлікті сатып аласыз  

Супермаркетте азық-түліктің құрамына немесе калориясына қарамайсыз — сіздің бар ойлағаныңыз бағасы ғана. Өнімнің маңызды ескерерлік жақтары ішінде жарамдылық мерзімі де болуы мүмкін: мерзімі ұзақ болған сайын өнімді бұзылып кеткенше тұтынып үлгеру ықтималдығы жоғары болады.  

Кей жағдайда арзан азық-түлікті сатып алу — үнемді сатып алушының дұрыс таңдауы. Жергілікті маусымдық алма өзге континенттен піспей жатып ағаштан жұлып алып келген алмадан көбінесе дәмдәрек және иісі де жақсырақ. Ал топырағы түспеген картошканы тазасының жарты бағасына алып, үйде жуып жіберу қиын шаруа емес.   

Бірақ кей азық-түлік түрлерін алғанда үнемшілдікке салынбаған абзал, әйтпесе сапасы мен көңіліңізден шыға бермеуі мүмкін өнімді алып қаласыз. Оның үстіне, арзанға жүгіремін деп, сіз өзіңіз алғыңыз келгенді емес, құны тиын-тебендік нәрсені аласыз. Алған заттарыңыздың ішінде тиын-тебендік жартылай даяр өнімдер ғана болады, жеміс-жидек пен көкөніс болмайды. Бұндай үнемшілдіктің жөні жоқ және денсаулыққа зияны тиюі мүмкін.  

2. Сіз тез арада пайда көргіңіз келеді  

Сізге кір жуатын ұнтақ керек. 3 килограммдық орамасы 1500 теңге, 1 килограммдық орамасы — 650 теңге тұрады. Үлкен орамасын алу тиімдірек екені анық, бірақ сіз кішкентайын аласыз — арзанырақ қой!  

Бұны тек бір жағдайда: математикадан дым хабарыңыз болмаса ғана, үнем деп атауға болады.  

Есептей алатындарға бұндай таңдау ақшаңызды үнемді жұмсауға ешқандай көмектеспейтіні түсінікті. Егер сіз тұрмыстық химияның бір түрін ғана пайдаланып жүрсеңіз, үлкен орамаларды алудың немесе ескісі әлі таусылмаса да, жеңілдікпен жаңасын алып қоюдың қисыны бар.     

Бұндай құралдарды алып пайдалануға ақша жетіңкіремей тұрса, мәселе басқа. Бұндай жағдайда әйтеуір жанбағысты үнемшілік деуді қойып, өз қаржылық жағдайыңызды қайта ойластыратын сәт келді деген сөз.  

3. Сіз өзіңізге қажеттіні сатып алмайсыз  

Смартфонның ескі моделі жақсы істеп тұрғанда жаңасын сатып алмай қою — бір басқа да, жаңасын салыстырмалы түрде арзанға алуға болса да, әжеңізден қалған қолайсыз және көріксіз жылтыраған шкафты пайдаланып жүре беру — мүлдем басқа нәрсе.  

Матрасыңыз бомбалар сыналатын кішігірім полигонға көбірек ұқсап тұрса, ал орындықтың аяқтары сенімдірек болу үшін скотчпен шандып орап тасталған болса, бұл үнемдеу емес. Осындай заттарды суретке тартып алыңыз да, оған жақсылап қараңыз: осындай суреттермен жағдайы нашар отбасылары туралы мақалаларды «безендіреді».

Үнемді адамның қайыршыдан айырмашылығы сол, ол жөнсіз шығындардан аулақ жүрсе де, өз өмірінің сапасына мән береді.  

4. Сіз бәрін ақшамен өлшейсіз  

Түсіндірме сөздіктерде «үнемдеу» сөзі «ысырапшылыққа ұрынбай, жөнсіз ақша жұмсамай, Абайша айтқанда «бекер мал шашпай», затты құнттап, күтіп, мүмкіндігінше зиян шекпей ұстауды» білдіреді. Артық төлемеу — табысыңыздың қай деңгейде болса да, пайдалы машық.  Бірақ мандымайтын бюджет кезінде үнемдеу бір тиынды артық жұмсаудан қорқатын күйге айналады, өйткені қанша жұмсағаныңызға күніңіз қарап қалады.

Осының салдарынан адам бәрін ақшамен өлшей бастайды, үнемі ақша туралы ойлайды, адамдар мен заттарды ақша арқылы бағалайтын болып кетеді. Дегенмен, бір секундқа әдеттегі ойлау жүйесін үзе тұрсақ, құндылық бағаға тең емес екенін анық көруге болады. Бірақ қайыршы (оның ішінде рухани қайыршы) адам бұған көңіл аудармауға тырысады, өйткені оның әлемі ақшаға тіреліп қалған.  

5. Сіз үнемдеп жүргеніңізді айтуға ұяласыз  

Бұл бәрін ақшамен өлшейтін әдеттен туындайды. Бренд киімдерді киіп, барбершоптарда шаш қидыратын, бірақ едені шіріп кеткен және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшін өтелмеген қарызы көп пәтерде тұратын аса үлкен адамдар тобы бар. Міне, дәл осы адамдар таныстарының жағдайының жақсы-нашарлығын, тіпті олар орталықта және жұмысына бір көше жерде ғана тұрса да, көлігінің бары-жоғына қарай бағалайды.  

Ондай адамдар үшін үнемдеп жүргенін айту жарты әлемге қайыршы екенін жариялағанмен бірдей.  Айырмашылығы сол, ондай адамдар көбіне шынымен-ақ сондай болып шығады. 

Үнемдеуді ақшаны сақтау жөніндегі челлендж (сын) деп білетін адам көбіне әлденені тиімді сатып алғаны және пәрменді стратегиялар жайында мақтана айтып жүреді.  

6. Сіз тек жаппай сатылым кезінде сауда жасайсыз  

Жаппай сатылымдарға бүйрегіңіз бұрып тұратын болғанында алып бара жатқан ештеңе жоқ. Проблема өзіңізге керек затты, оған жеңілдік болмағандықтан немесе оның бағасы үш жыл бұрынғыдан қымбаттап кеткендіктен, сіз ол затты сатып алмай қоятын кезіңізде басталады. Қысқы етіктер жаппай сатылымға қаңтарда шығатыны себепті желтоқсанда қысқы етіксіз жүру бұл — үнемділік емес. Ауырып қалатын болсаңыз, дәрі-дәрмекке де шығындаласыз.  

7. Сіз тегін алуға құмарсыз  

«Есесіне тегін» — үнемшіл мен қайыршының арасына жік салып тұрған сөз осы. Үнемшіл «бұл тегін нәрсе маған керек пе, ол көңілімнен толық шығып тұр ма» деп ойлайды, көңілінен шықпаса, ол нәрседен бас тартады немесе өзіне керегін толық бағасын төлеп сатып алады. Ал қайыршы болса, тегін келгеннің бәріне риза.

8. Сіз ақшаны өзіңізге жұмсамайсыз  

Сіздің шығындарыңыз физикалық қажеттіліктеріңізбен шектеледі. Базалық мұқтаждықтарыңыздан тыс нәрсенің бәрі: ермегіңіз (хобби), театр, кино, саяхат, спортпен айналысу т.б — өте қымбат, сіз оларсыз-ақ амалдап жүре бересіз. Шынымен де үнемді болады, бірақ үнемдеу бүкіл жан рахатынан баз кешу дегенді білдірмейді.    

9. Сіз ақша үнемдеймін деп жүріп, басқа ресурстарыңызды пайдалана алмай қаласыз  

Сенбі күнгі түгелдей гипермаркеттерді аралауға кетеді, өйткені біреуінде етке және сүтке жеңілдік бар, екіншісінде — сүзбеге, үшіншісінде — сабынға жеңілдік жасап қойыпты. Осы машақатпен бүкіл күніңіз өтіп кетеді де, сіз жөнді ұйықтай алмайсыз, уақытты отбасыңызбен дұрыстап өткізе алмайсыз, серуенге шыға алмайсыз. Ал үнемдеген ақшаңызды есептегенде сіз бір-екі сағатта табатын соманы үнемдеген болып шығуыңыз мүмкін.  

Ақша деген небәрі ресурс қана. Оны қайта табуға болады, ал қосымша уақытты қайтару мүмкін емес. 

10. Сіз арзан қызметті тұтынуға дайын тұрасыз  

Сіз әрлеуші, тақтаны қойып шыққаны үшін, жұмысын бір-екі-ақ сағатта істеп тастаса да, неге көп ақша алғысы келетінін шынымен-ақ түсінбейсіз. Ал интернетте кез келген адам жұмыс істей алады, әне, көршінің баласы күндіз-түні компьютерге шұқшиып (табыс тауып) отырады.   

Сөйтіп жүріп сіз арзанына жүгіресіз де, жаман нәтижеге тап боласыз және төменгі табыс пен нашар сапа құрайтын тұйық шеңберге өз үлесіңізді қосасыз. Айтпақшы, есіңізде болсын: бұл күндердің күнінде сіздің табысыңызға да әсер етпей қоймайды.  

Үнемшіл адам ақшаның парқын біледі және сапалы нәрсе арзан бола алмайтынын түсінеді. Ол оңды нәтиже үшін ақысын төлеуге дайын,  себебі нәтиже оның қайта істеуге кететін уақытын, жүйкесін және ақшасын сақтайды.  

Сіз бұл тізімге қандай белгілерді қосар едіңіз? Пікіріңізді білдіріңіз. 

Оқуға кеңес береміз:

Генетикалық кедейліктің себептері

Сіз неге әлі күнге дейін бай емессіз: 7 себебі

Кедейлікте өскен адамдардың зиянды 5 әдеті

Табысты адамдардың 8 әдеті

Дәл қазір істеуді талап ететін 30 зат

Бай болу үшін оқылуы тиіс 10 кітап

Джек Ма: Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Соңғы қоңырауға дейін байып үлгерген 7 оқушы

Бай және табысты адамдардың 18 дағдысы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз