Эссе және өлең-жыр байқауы

Антикалық мүсіндердің түсі неге ақ?

Себебі олардың бояуы кеткен.

Біз ежелгі антикалық мүсіндерді ақ түсті немесе ашық реңге сырланған күйінде көруге көзіміз үйреніп кеткен, бірақ осы күнгі зерттеулер ол мүсіндер дәстүрлі түрде басқа түске боялғанын анықтап отыр. Археологтар Ульрика Кох-Бринкман мен Винченцо Бринкман кезінде олар түрлі-түсті болған деп жорамалдап отыр. Ғалымдар рентген, инфрақызыл және инфракүлгін сәулелер арқылы мүсіндердің ашық түстерге сырланып, бет-жүздері асқан ыждаһаттылықпен боялғанын, ал киімдері — ою-өрнектермен әшекейленіп сырланғанын анықтаған.  

Қазір әр түрлі түске сырланған мүсіндер бізге оғаш және айбарсыз болып көрінеді, бірақ көне заманда түс ауқаттылықтың және сән-салтанаты келіскен байлықтың символы болды: мемлекет неғұрлым бай-қуатты болса, олардың мүсіндері мен ғимараттары соғұрлым жарқыраған бояқтармен сырланатын.   

Мүсіндердің қазіргі замандағы түр-тұлғасына бірнеше фактор ықпал етті. Біріншіден, ауа-райының әсерінен аса төзімді емес табиғи сыр жуылып өшіп кетті. Екіншіден, классицизм дәуірінде мүсіндердің нақ түсін айқындап беретін технологиялар болмады, сондықтан антикалық дәуірдің ізбасары әрі еліктеушісі болған классицизм дәуірінің сәулетшілері мен мүсіншілері өз өнер туындыларын әртүрлі түстерге сырламады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (3)

Саят

Қазақ даласындағы балбал тастар ше? Олар белгілі бір түске сырланған ба?

Данияр

Олар да сырланған шығар

Нұрғаным

Қызық екен

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...