Эссе және өлең-жыр байқауы

Шоң - (Поэма)

                    Алғашқы қадамдар

                      Үйдегі әңгіме

 

-Сен мұнда келетінді қайдан таптың?

Биі бұл ел танитын болашақтың.

Шоңменен тілдесетін сен кім едің?

Ұқпаған ата-салтын, мәңес неме,

Өмірде көрмеген ем тап мұндайды.

«Кет былай» десем ұлым тапжылмайды.

Қасындағы мәңестер іліп-шалып,

Құдай-ау, әлдене деп қалжыңдайды.

Шоң сонда: «Аға»-деді күле тұрып,

-Ордада айғай салу бізше бүлік!

Басқа болса бір шара көрер едім...

Дегенде ет жүрегім етті бүлік.

-Әкрам , сенің ұлың – менің досым

Орданың би екені есте болсын.

 Ертең бізге мінуге  төрт ат келтір,

Мұнымды ойын көрме жолың болсын.

Едіге биге барып ем мұң шаққалы,

Едіге күлді дағы тіл қатпады.

Кетерде: «Құр жүрген ат жоқ па еді?» -деп,

Өзімнен кәдімгідей сыр тартқаны.

Би ойын бірден ұғу маған қайда

Айтар ойын осылай жұмбақтады.

Есіме бірте-бірте түскен еді,

Қар суынан тойынсын деп

Бір топ атты  босатып жібергені.

Бала билер деп қойды ерттеп мінсін,

Не шығарын бұлардан Құдай білсін.

Қылығы балалардың ұнамайды,

Қайтерсің, мейлің күл, мейлің күрсін.

-Күрсінсең өзің күрсін,- деді әйелім,

-Ақыл-есім орнында әлі менің.

Әкірамды жерлеген жұрт алдымда,

Әкесің-ау сен дағы сорым менің.

сені шенеп едім.

Шетінен Әйелдің сөзін қайтем елемедім,

Ел күлмесе күні ертең көрер едім.

Қарашор, сенің сөзің ақыл бопты-ау,

Мен бейшара Едігенің дүлдүлі еді,

Аттарын ерттеп мініп тұр тізіліп,

Теріме сыймай іштей тұрмын мен кіжініп.

-Әкрам , сені ме?..-деп қала бердім,

Шоң бала мені ағалап тұр үздігіп.

...Шоң алда,

Ана үшеуі соңымнан еріп,

Барады сар далаға әне желіп.

Арасы қозы көш жер делбе қозып.

Шоңнан басып озбағай билеп желік.

Кім білген қарапайым салт атты сап,

Тамсанып қарап қаппын аз- мазырақ.

Қыр төсіне берерін мұнша көрік,

Қалай ғана ұқпадық бұрынырақ.

Осылай кейде шауып, кейде аяңдап,

Шоң тоқтады, аналар қалды аялдап.

Біреуіне ым қаққанды тұрған жерден,

Шоңға кеп, әлденені тұр баяндап.

Олардың жаттығуын естіп жүрдім,

Өнердің шығарыпты алуан түрін.

Кейде олар өткен билер қазынасын,

Бірінен соң жаттапты таңдап бірін.

Ән салып күйге кезек берілді екен,

Шариғатқа кейбірі кемел екен.

Мұның бәрін көргендер айтты маған,

Көне билер бұлардан төмен екен.

Екі -үш ай дәл осылай жаттыққан соң,

Жас билер бастаған Шоң

Сәтидің ауылына аттанды олар.

Мақсаты сәлем бермек, бата алмақ

Сол күні Сәтиге де хабар жеткен,

Сәлемді қабыл алды ол құрметпен.

Сүйсінді іштен Шоңның мұнысына

Тарылған кеңейгендей тынысы да.

Шоң болса Едігенің үміті еді

Үкілеп қосар ертең ұлы сынға.

Сәтидің кісі таныр бар шамасы

Болашақ жақсылардың қаншамасы

Алдына бата сұрап келген еді-ау

Дегенді айтпаған ел жаза басты.

Өркендеп өсіп өнді мал мен басы,

Атанған Сәти бидің үш қасқасы.

Күшігі, Ақжігіті, Жанжігіті

Қатарынан өнері, білімі асты.

Қайтерсің бұлда болса тағдыр ісі

Жай түсіп жалғыз сәтте жер томпайтты.

Айналады үш қасқасы жер атына

 

   Үш қасқа...

Әкенің мәңгілікке мұңы-зары,

Бүкшиіп еңкіш тартты сүйген жары.

Күшіктен қалған тұяқ Жұмабайы.

Жарық дүние жүзінде осы бары...

Жас өсер деуші еді ел тәуба, тәуба.

Не өнбек мейлі басын соқсын тауға.

Сол оймен еңсе тіктеп, бас көтерді,

Өлгенше ерік берме қайғы жауға...

Үй тіксін, кісі жібер сойыс малға.

Бұл тұста Шоң да келіп қалған еді,

Бітімі ерекшелеу сары балаға

Сәти бір сәт сынап көз салған еді.

Шоң десе Шоң екен-ау бітімі ерек,

Жанына ергендерден тұрқы бөлек,

Сықсиған қос жанары күлім қағып,

Адамға қарайды екен тым елжіреп.

Қабағы тұрғандай ма көзін жауып,

Әр сөзін сөйлейді екен орнын тауып.

Мейлінше сөзге сараң ойға терең,

Қарсылас билер үшін бұл бір қауіп.

Кіргізді оларды үйге Сәти бастап,

Күтуші әрқайсысына жастық тастап.

-Жігіттерің жол соқты болған шығар,

Алыңдар,- деген Сәкең , -аз тыныстап.

-Жастар ғой бәйге атындай жүрген жарап,

Жараспас ата алдында жантайғаны

Отырған дара  басын мыңға алап.

Шоңменен танысуға құмар еді,

Сөз тыңдап кеңесуге ара ағайын

Қаржастың жақсы мен жайсаңдары

Алдында Сәти ердің қайпаңдады.

Кезекпен Шоңды жатты қонақ қылып,

Кеп жетті ақырында қайтар шағы.

Ер Сәти:

-Қарағым, қартайғанда кеміп әлің,

Ешкімге қажет емес сенің қалың.

Кешегі билерімнің қол астымда өсіп –өнген

Өтірік уәдесінен қалжырадым.

Осында бізден бұрын тұрып жатқан,

Шаруасын көркейтіп малын баққан.

Бір бейшара момынға жан-жағынан,

Жылдан жылға көбейді кінә таққан.

Бірі келед «ана мал менікі» деп,

Бірі келед «жер оның менікі» деп.

Қоқан-лоқы көрсетіп қамшы үйіріп,

Біреулер жүр айбат қып көрсетіп доқ.

Осыны әділ шешіп беріңдер ,-деп,

Билерден қаншама рет еттім тілек.

Тайғақтап бір шешімге келе алмай жүр,

Кейбірі  куә жоқты етеді тілге тиек.

-Сәти аға, билерінде шаруам жоқ,

Би сөзі болуы шарт атылған оқ.

Әйтпесе абыройы қалмай бидің

Аңдамай күлкі болып басады шоқ.

Сондықтан ату керек оқты абайлап,

Сол оққа ар-ожданың бірге байлап.

Солқылдақ алған шешім құр нобайлап,

Зияны әділ жанның басын жоймақ.

Сондықтан сенім артсаң, аға, маған,

Қуат берсе көрейін хақ тағалам.

Істің ағы шешеді бұра тартпан,

Осыны есіңізге сіздің салам.

             

      Алғашқы билік

Орда тігіп, Сәтекең елін жиды,

Зәбірлеуші, зәбірленуші  келді тәмам.

-Би болу жүктелген ед мына маған,-

Деп Шоң өзін-өзі таныстырды.

Сонан соң  сөзін әрі  сабақтаған.

-Зәбірленуші сөз кезегі дейді саған,

Туғалы бастан өтті қилы заман.

Бұл күнге де кеп жеттім есен-аман,

Көпжасар байдың әз дегі жалғызы едім.

Осы жер Көпжасардың Бал тірегі,

Алладан қабыл болған көп тілегі.

Ел кеткенде бұл жерден қаша көшіп.

Науқас ед, төсек тартып жатыр еді.

Ел көшті, біз қоныста қала бердік,

Маңайда ел сейіліп сала берді.

Төсектен тұруға да қалы келмей

Жарықтық күннен күнге төмендеп  сала берді.

Ақыры жер қойнына бердік оны,

Үш жыл өткен аттанғалы көштің соңы.

Олардан содан бері хабарсыз ек,

Арман боп елді табу қала берді.

Ерте отау көтерген ем ұрпақ өсіп,

Оларда еңбек етіп, терді нәсіп.

Қол боста садақ атып үйреткен ем,

Мал бағып аң аулауды қылды кәсіп.

Бес  ұлым, бес ауыл боп дүркіреді,

Сол күндер қайта оралмас шіркін еді.

Сол тұста босып жүрген жұрт көп еді

Соғып кетіп жүретін кей күндер

Солардың бірі маған хабар салған.

Қалмақтарды осылай беттеген көзі шалған.

Қамдалып барымызша дайындалдық,

Болмай шықты әлгінің сөзі жалған.

Шал- кемпір, бойжеткен қыз,

Қалғаны бала-шаға амалсыз тежелдік біз.

Оларда әлдене  деп жылап шулап,

Жалынып тұрғандай ед «өлтірмеңіз.»

Ұлымның ең кенжесі аусарлау ед

Бір қызын қора айналып барад сүйреп.

Жүгіртіп келіндердің бірін оған

Найзасын деп келді ол апты түйреп.

Деген соң амалым жоқ қалдым тұрып,

Қалмаса жарар еді құдай ұрып.

-Келінің,- деп әкеп тұр қызды маған,-

Батаңды бер, дәстүрімен ата ғұрып.

Шоң: -Келінің осында ма?

  -Тергедің-ау, қарағым, осыншама.

Қарғам, келін, орныңнан тұршы,- деді

Байғұс шал қалған әбден құр сүлдері.

-Рас па қайын атаңның айтқандары?

-Рас,-  деді ол орнынан тұра сала.

Би үшін бұл таптырмас дерек еді,

Зәбірленушіні тұқыртуға керек еді.

 -Зәбірленуші, сені ұрған осы шал ма?

-Таяқ жейтін мен шалдан есалаң ба?

-Ал онда кім?

Ол төбеттің төбесі көкке тиген,

Шекесіне шоқайтып тымақ киген.

 Жерімді қайтар деп ем жанына кеп,

Жалп еткізді ішімнен жалғыз түйіп,

Сонан соң тепкіледі, аямады,

Шығуға шыбын жаным таяу қалды,-

Дегенде еңгезердей әйел тұрып:

-Сен байғұсты мен сонда сабағам-ды,-

Деді де тымақ киіп тұра қалды.

-Бердім деп айзы қанып сыбағанды.

Би:

-Ақсақал, басқа тартар куәң бар ма?

Жұрт:

-Жақтасып шықты бәрі сорлы шалға.

Айтқаны ақсақалдың бәрі шындық,

Әділ би қоймас елін басындырып.

Бейшара шалға отбасын ыдыратпай,

Ұстаған пәле жабу неткен сұмдық?!

Ал бұған куә болып келгендердің,

Мал үшін арын сатып өлгендердің

Арын сатқан имансыз сатқындарды

Артық емес тірідей көмгендерің.

                              

               Шоң би

Әділдік пен Зұлымдық жекпе-жегін,

Зұлымдыққа кигізсек біздер кебін.

Шындықтың обал, сауап серіктері

Шындықтың туы болып желбірерін.

Ұғар ел тәніменен,

Жұдырықтай жүрекпен, жаныменен.

Әділдік біздің мынау тар заманда

Аңсаған байтақ елдің әні дер ем.

Сондықтан тура жолдан бұра тартпау

Аллаға күнакар боп жаза тартпау.

Үшін мен үкімімді жария етем,

Біріңе тым қатал, біріңе тым жомарттау.

                                  

                  Үкім

-Жер иесі, мал иесі Әбекең деп танылсын,

Жеріне, малына заңсыз таласқан.

Ұмытпай ұлы Таластан

Тоғыз түйе, тоғыз жылқы, тоғыз сиыр

Бастаған айып алынсын.

Өзіне 35 дүре салынсын.

Жалған куәгерлерге,

Әбекеңнің адал атына

Күйе жаққаны үшін

Жала жауып  негізсіз айып таққаны үшін,

Астарындағы аттары тартып алынсын.

Әрқайсына 25 дүре салынсын.

Айыпкерлерге үкім күшіне

Енгені ескертілсін.

Айыпкерлер  бұл елден шеттетілсін.

Сол сәтте қаптаған жұрт кетті шулап,

-Құрысын кәрі билер көне тулақ!

Әманда беретінге бұра тартад,

Әділдік жастан шықпақ кәрі қу жақ.

Мұны әркім  ұққан болар өздерінше,

Парасаттап салмақтап сезгенінше.

Сәтидің жанарында нұр ойнады,

-Бата берем балаға көздеріңше,-

Дегенде ақсақалдың бірі тұрып:

-Иләй, әмин,- деген ед  әдет-ғұрып

Сол сәт Сәти төгіле жөнелген ед,

Қос жанары от шашып, мың құлпырып.

 

Сәтидің Шоңға берген батасы

Айдаболдың асылы,

Едігенің нәсілі.

Алла саған бақ беріп,

Домалатсын өрге тасыңды.

Қараның сөзін сөйлеген.

Сарғайсын тісің,

Тозсын талай көйлегің.

Хан төреге бас ұрмай,

Өрттей лаулап басылмай.

Тұр халқының басында

Орыстармен тіл тауып,

Тұрсаң елге жоқ қауіп.

Біз ашпаған есікті,

Тепкілеп аш тегінде.

Қарашаға бол жұлдыз,

Жарқырап туар көгінде.

Алла саған бақ берсін,

Өсіп-өнсін ұрпағың,

Біз шықпаған биікке

Самғап өзің шырқағын!

                         Әумин!

 

         Шоң таңдауы

Сан жылдар мұнан кейін өтті самғап,

Артында арғымақтың қара шаң қап

Кешегі бала Шоң салиқалы жасқа жеткен,

Басатын әр қадамын, сөзін аңдап.

 Сол тұста ол ел таныған бидің бірі,

Тұлғасына сай дерлік ісі де ірі.

Шоң бидің қадамынан хабардар еді,

Орта жүз аймағыңның әр түкпірі.

Сыйлайтын білетіндер парасатын,

Ақылына өр мінезі жарасатын.

Қараша демесеңіз шыққан тегі

Хан менен парқы бар деп таласатын.

Сөз қылып жүрер еді сырттан оны,

Сырттан пішкен қанша дәл жұрттың тоны

Дегенге уақыт өзі берген жауап,

Танылған кез жеткенде оңы- солы.

Сол кезең 1822 жыл келіп жеткен,

Аздай-ақ қазақты хан мен төре еңіреткен.

Патша ағзам уставы жарық көріп,

Қараға шықпай жатып кәрін төккен.

Уставтың әр жолынан қарашаның

Ағызар күні ертең қара қанын.

Уытын сезінген ед Шоң би бірден

Ойлаған ерте күннен қара қамын.

Тұтанып Шоң ішінде алау жалын,

Тартқызған сәл ертерек аттың жалын.

Уставқа бағынбайтын жол іздеген,

Қорғау үшін қараша болашағын.

Ойға алып өткен- кеткен шежірені,

Кенеттен ет жүрегі елжіреді.

Апыр-ау, Сәти аға Сарыарқа елді бастап,

Аттанарда бір ой тастап.

Иншалла көкірегі алтын сандық,

Сан кәрия сұрасаң айтар ән қып.

Кейбірі Сәти маған айтқан дер ед,

Қалмаса құдай атып бәрі мәңгіп .

-Алда ауыр жол жатыр, күнді тұтқан тұман бар,

 Ұмытпай осыны есте, ұстаңдар, қырандар!

Біріктіріп білекті, бір тұтас қып тілекті,

Бақтарыңды сынаңдар!

Бір Аллаға жылаңдар !

Құлболды, Жанболды, Орманшы, Қаржас

Төртұлы деген атпен бұлжымас.

Одақ құрыңдар!

Айбынбай алға басыңдар,

Баянаулаға асыңдар!

Ұмтылар сөз бе бұл

Шоң биді алапат бір сезім билеп,

Жеткізген билеріне айтып түйдек.

Осыны жүрген жерде айта жүрсек,

Осылай ел пікірін зерттеп білсек,-

Дегенде билер жағы қостай кеткен.

-Пікіріне ел жұрттың құлақ түрсек.

Осылай елге біз ұсынысыңызды таратамыз

Ал онда Сәти талға елді жинап,

Үлкендер пікіріне түрсек құлақ,-

Деді Шоң,- үш күннен соң жолығайық,

Сол жерге қалың жұрттың басын құрап.

Сол сөзбен билер жағы тарасқан-ды,

Бірліксіз бөрі талар таласқанды.

Дәл сол сәт бірде-бірі білген жоқ еді,

Бұлт басарын күні ертең қара аспанды.

Бөкейді хан  сайламақ орыс жағы,

Тағы да хан төренің аспақ бағы.

Бұл хабарды Шоң бұлттан кем көрмеді,

Құран неге қалмайды ханның тағы.

Шоң дереу билеріне салған хабар,

-Бәріне хабарладым,- деді атшабар.

Тәңірім, оған берген қабілетті,

Сәтінде қиын-қыстау ақыл табар.

Билері көп күттірмей келді жетіп,

Хан сайлау хабары жетіпті түнде естіп.

Сәрсенбі сол күні Нұра бойынан табылайық.

Ботақара түбін бір дүбірлетіп.

Осылай болған соң Шоң байламы,

Осыған би атаулы сөз байлады.

Әрқайсың қара-құра кісіні ертіңдер!

Неге деп ешқайсы сұрамады,

Төбе бидің болғаны ғой ой байламы.

Сәрсенбі Ботақара өңірінде,

Болмаған бұрын- соңды өмірінде.

Барак ханның ұрпағы Бөкей төре

Хан сайланбақ  желік кіріп көңіліне.

Ұлдары әлеңкедей жаланып тұр,

Мәз- мейрам жүздерінен шалқиды нұр.

Ал төренің жүзінде алаңдау бар,

Шоң анау қарсы алдында қасқайып тұр.

Жанарын оған тікті сығырайып,

Теңеп тұрды ажалға келмес айтып.

Броневскийден бата алмас ығар, бәлкім,

Қит еткізбес зеңбірекпен жіберер жалғыз тартып.

Ал жұрт болса үстіне киген алым-жұлым,

Болашақ ханның ап тұрған әбден сұрын.

-Суыртпағынан жыртып бер маған да,- деп

Орыстар таң қалулы ед ұқпай сырын.

Жұлым-жұлым киімін бөлісіп ап,

Жұрт алдында төрені тұрған жұтап.

Ұлдары кеп әп -сәтте киіндірді,

Қымбат киім  тұр енді жарасып- ақ.

Алаңда тұрған жандар көзін сүзіп,

Серпілді кейін қарай барад қашып.

Бөкей де ұлдары да қалды сасып,

Ал аналар барады қырдан асып.

Ал тілмаш сөзді аударып қырылдады:

-Орысқа айт, аналарға оқ атсын де,-

Деп Бөкейдің баласы ырылдады.

Аударып берген сәтте оның сөзін,

Атардай қадады оған шегір көзін.

-Оттамасын!- деп ақырды сонан соң ол

Сарқылып біткендей ед әбден төзім.

-Остановите торжество!-деген еді қатқыл үнмен.

Ал тілмаш:

-Хан сайлауды тоқтатыңдар!-

Деп салды жалпақ тілмен.

Бөкейдің ұлдарының бірі тұрып:

-Шоң бұзықтың ісі бұл дүрліктіріп,

Сайлауды тоқтатудың қажеті жоқ.

Жалғасын ата дәстүр хандық ғұрып.

Ал ұлыққа оның сөзін аударғанда,

Ақырды қара жерге бір түкіріп.

-Ақымақ, не сандалап тұрсың үріп,

Жөн нұсқайтын сен бе едің мына бізге?

«Ғұрып» дейді. Ғұрыпың біздерге бір тиындық.

Ал бұл сәтте манағы кеткен халық.

Атқа мініп, бірі қалмай келген салып

Шоң:

-Әй, орыс, сөзімді тыңдар болсаң құлақ салып,

Қажет емес,  Бөкейді кеткін алып.

Осы сөзді адамдар оған ерген,

Қайталап қайта-қайта айта берген.

Сонан соң Баянаула қайдасың деп,

Айбындап ата жұртқа тартып берген.

 

         Сатқынның жазасы

Былай шыға Шоң атын тежеген-ді,

-Сыр ақтарар келді ме кезеңі енді,-

Дегендер Шоң аузына құлақ түрген,

Ал Төбе би тіл қатпай безереді.

Алған тіптен қабағын қарсы жауып,

Қарайды жан-жағына қылып қауіп.

Өзгелерге солай боп көрінгенмен,

Жеңілмесе қалай ұтпақ ебін тауып.

Ой ауанын аулаумен әлек еді,

Адамы тосып тұрған әне келді.

«Шаншар» деген жалғыз сөз айтты дағы,

Өз жөнімен салдыртып бара берді.

Ұтқанын Бөкей ханның ұққан еді,

Бұл онымен таза айқаста бұқпап еді.

Алты ай қыс әрекетінің алдын алды,

Арамыздан бір жансыз шықты-ау тегі.

Деген ой ат үстінде мазалаған,

Абайсың бір қадамнан қазады адам.

Өз көрін деген рас бабалардың

 Сатқындыққа кім екен басқан қадам?

Шола бір алды артына қараған-ды,

Өзекке жалт бұрылған қараған-ды.

Ақ боз атты назарын аударған-ды,

Өзек қуып алшақтап барады әне.

Ақ боз ат күн нұрына шағылысып,

Жорғалап жортаң қағып барады ұшып.

-Опырау, атын танып, ал иесін,-

Дей берді ана пысық, ана пысық

Сәлден соң Әкрам биді оңашалап:

-Сен ерген жігіттеріңді келші қарап.

Ақ боз атты әлдекім өзекке жалт бұрылды,

Қайда кетті анықта,  қадағалап.

Сонан соң маған келіп баяндарсың,

Дегенсін қайтып қалай аялдасын,

Көрейін жүрген қуды іштен шалып

Жетіп кеп кіші биден жөн сұраған.

-Біз кімбіз? Майбас болса  ірі адам.

Жол бойы Бөкейдің халін біле алмадым деп уһілеген,

Бөлініп қала барды бір жырадан.

Жөн сұрайтын біз бе одан қала бардық.

Кіші биден осындай хабар алып,

Шоңға кеп Әкрам саспай баяндаған.

Сол сәтте Шоңның өңі кетті ағарып,

Төбе би қанын ішіне тартып алып,

Сала берді бір қуарып, бір сазарып.

-Бөкейдің халін білмек...Халін білмек

Шоң бірден үш жігітті шақыртып ап:

-Маубасты әкеліңдер маған ұстап!

Із өкшесі Бөкейдің ауылында,

Шу шықпасын болыңдар мейлінше сақ,-

Деген соң аттың басын кері бұрған,

Маубасты құтқармастай қақпан құрған.

 Шоң алдында таң  ата тұрған еді,

Жансыз боп елін сатқан сол антұрған.

-Әкірам би!

Жансызы Бөкей ханның, Маубас сатқын!

Шығардың елді сатып жаман атын.

Алты ай қыс Шоңның сырын, елдің сырын

Бөкейге сатқан үшін алған атың.

Апарад бүгін сені сүйреп оған,

Айтатын көпшілікке бар ма датың?-

Дегенде Әкрам  би маубас жұртқа жаутаң қағып:

-Мен сорлы ақымақпын, кеттім лағып,

Бөкейдің хан болғанын қызық көрдім...

Би:

- Ақбоз атты алып кел мұнда!- деген,

-Уа, халайық, билігімді тыңда!- деген.

-Сатқынға кешірім жоқ, жазасы – өлім,

Мына итті арқанмен шырма,- деген.

-Арқанды ат құйрығына байла,-деді,

-Ал енді басын босат, айда,- деді.

Сарыарқаның сан сұмдыққа куә болған,

Төсінде маубас сұмырай жайрап еді.

       

   Төртұлы халқы байламы

Шоң билердің есіне салды мұны ,

Сәти талдың басында келер күні...

Мәселе әрқайсына анық еді,

Неге деп сұрамады бірде бірі.

Сол күні Сәти талда жиын өтті.

Би біткен ақсақалдар ала кепті.

Олардан бөлек әр ауылдан,

Сол жерге еркек, әйел қаптап кетті.

Үкібай қысқа ғана баяндай кеп:

-Билерден бәріңізге аян бәрі,

Бұл Шоңның ұсынысы елге арнаған.

Ертеңін ойлаған ел сырын бүкпес.

Сондықтан пікір болса салиқалы

Айтыңдар іркіп қалмай, ескерілед,-

Дегенде отырған жұрт бір қозғалды.

Қария тамағын кенеп қалды:

-Уа, ағайын, айтайық барды бар деп,

Біздің ел болмаса да жұрттың алды.

Хансыз да , төресіз де күн көруде,

Зорлықсыз, зомбылықсыз жайып малды.

Билерден естіп білген ұсыныстың,

Төртұлы халқы деген ұсқыны тың,-

Деп ақсақал сөзін әрі жалғаған-ды.

-Мың алғыс ел атынан мұның үшін,

-Бәрі рас айтқаныңыз,- деп шулады ел.

-Хан- төресіз Баянаула болып отыр бүгінде ел,

Тек бізге тыныштық берсе жетіп жатыр.

Оларсыз-ақ еліміз ел, жеріміз жер.

-Әй, сонда хан, төрені құдай қалап,

Қалсын деп сан пәледен арашалап,

Қараға бас ие ғып қойған жоқ па,

Оларсыз айтшы қара қайда барад?..

-Мынау кім төре менен ханды жоқтап,

Жұрт пікірін теріс деп өзінше оттап?

Құдайдың ұлы болса да шығар бері

Шабына жіберейін қазір шоқ сап.

Шоң:

-Пікірін айтқан жанда жазық жоғын,

Ескертем  астына қазаның сал болса шоғың.

Ал оның ұсынын дауысқа салам.

-Төре мен ханға арамызда жоқ орын,-

Деп шулап шыға келді жұрт тағы да.

-Оларды жуытпасын, қылмасын ұрпағыма!

Алаңда қарсылық үн үдеп тұрды.

-Онда мен сөз айтпақ ем жұртқа мына.

Сол сәтте гулеген сөз қалды тына.

Аманатын Сәти аға орындасақ,

Болмай ма ұрпақтарға мәңгі мұра,-

Дей келіп,-Төртұлы құрамы бізге мәлім.

Осы тудың астына Айдабол да табылар.

Бәсентин баласы... Кім білер не қыларын

Сол сәтте:

-Бәсентин – Мейрамның ағасы,

Ал Сүйіндік – Мейрамның баласы.

Бұған жоқ ешкімнің таласы,

Бүйректен сирақ шығармай,

Бізді де бірге деп санашы,-

Дегенде Қазанғап Бәсентин данасы.

Шалқыған  шаттық үнінен халықтың

Тербеліп тұрғандай көрінді Ереймен даласы.

Үкібай би:

-Ал, ағайын, сөз құны бәтуамен,-

Демекші сіздерден бәтуалы іс күтемін мен.

Сөз түйіні Төбе би сайлау болмақ,

Артымызда байтақ ел құлақ түрген.

Ақсақал:

-Байтақ ел тілегі, айтары да,

Бөлінбейік орынсыз ата руға.

Төртұлыға Төбе би сайлар болсақ,

Шоңнан өзге адам жоқ атқаруға.

Көпшілік :

-Ақсақалдың пікірі көптің сөзі,

Шоңды сынар жұртының келді кезі.

Қаптаған би Шоңменен тізе қоссын,

Мына жұртым бірліктеріңді көрсін көзі.

Бата алып ақсақалдан, қалың жұрттан,

Шоң тағы бұл сынды да жарып шыққан.

Шаттанып тұрса дағы ұмытпады ол,

Артында бар екенін қалың дұшпан.

Сонан соң табақ-табақ ет тартылған,

Қазақтан айтшы қашан ет артылған.

Құран да бақшыланды дүркін-дүркін,

Аруақтарға арналып жұрт атынан.

 

          Қожы төренің қазасы

-Жаным-ау, Үкібаймысың ерте мұнша?

-Әй, жеңгей,

Бар билік асығар ма ем менде тұрса.

-Төбе би...

-Төбедей боп төрінде отыр әне,

Шоң күлді бұл төбедей Айторыша

Есіктен Үкібай би кіре берді,

Сәлем ап Шоң орнынан түрекелді.

Назарым сенде деген сынайменен

Құлағын Үкібай биге түре берді.

Қорықтағы жылқыға құрық сілтеп,

Барымташы топ жігіт бота тірсек.

Алдарына салып ап қыр асырған.

Сол күні жылқышылар кіл ересек,

Сойылдасып айғайға салған сәтте,

Құдайым қуат берсін дәйім дәтке.

Барымташылар қыла алмай көп қарсылық

Тоз-тоз боп қашса керек бір-ақ сәтте.

Қолға түскен барымташының бірі тұрып:

-Алтай Қарпық жағынан Құдай ұрып,

Қожы төре бастап кеп қолға түстім,-

Деп күйзелді қасқырша ұлып.

Төре анық ханның сенген жау жүрегі,

Төремін, кетіңдер,- деп әңгірледі.

Есерсоқ барымтадан хабары жоқ,

Болмасын барымтада хан тірегі.

Ұқпаған сол сорлының

Даусын естіген жылқышылар

Тап берді білекті ерге кім бар шыдар.

«Өлдім» деп шыңғырғанын анық еді,

Сытылып аман-болса кеткен шығар.

Таң атқан соң үш өлік табылған-ды,

 Қожы Төре барымташы оны бірден таныған-ды.

Қалған екеу төренің төлеңгіті, жанындағы

Сасқан ел Үкібайға ағылған-ды.

-Ал сонан соң?

-Жерлеттім марқұмдарды.

Ел- жұрты артындағы

Кім қайда жерленгенін білу үшін

Аралтөбеге жерлеттім маңындағы

-Төрені қайда қойдырдың?

Көзіне түсер ел жұрттың.

Төрелер дау тұрғызбасын деп,

Аралтөбенің ұшар басына

Төлеңгіттерді

Еңісіне сол төбенің

Ел- жұртыңа жеткіз дерегін,-

Деп тұтқынды босатқам.

Уәлиханға хабар жетіпті келер күн

Аюнияз төңірегін жайлаған,

Үйірлеп бие байлаған

Төрт түлігі тең өсіп,

Қой, қозысы шайлаған.

Сондағы қаржас еліне

Қаржастың бір төріне.

Уәли хан хабар салыпты.

Білетін ел төрені шығарады төріне.

Ал қаржастар көміпті,

Бейкүнә жанды көріне.

Осыған орай үкім етемін

Хан тұқымы Қожыға сойыл білеген

300 жылқы- ер құны

Төлеңгіттерге 100-ден,

Қадап айтам мен мұны,-

Деп Уәлихан қолын қойып

Үнсіз отырған Шоң манадан

Үкібайға көзін қадаған.

-Уәли хан... деп барып тыйылған.

-Кетейін, Шөке, садағаң

 Шоң болса:

- Уәлихан ізі бұл істе

Жоқ деп кім тіптен айта алад?

Іштей ол осы сөзді айта берді қайталап.

Әлден соң:

-Әйтсе де соны, бірақ та

Санаға құйып жеткіздің құлаққа.

Би қайда ханға айбынбай

Ой қиялын бастап жыраққа.

Тығырыққа тірейтін

Биязы тілмен бипаздап,

Сілелетіп соймай ірейтін.

Ә, дегеннен түк қоймас ем түбінен

Деп ісінетін билер жетерлік.

Ал хан алдында еңсе көтеріп.

Тіл қатуға дәрменсіз

Көксау қойдай күрк-күрк жөтеліп.

-Хан ием, хан ием деуменен

Қысыр кеңес бастайтын

Мүделі істі айтуға

Табандап аяқ бастайтын.

-Бәрекелді,- десе Уәлихан,

Одан соң жағын ашпайтын.

Билерді Уәлиханға жіберіп

Отырғанша тірі өліп,

Бабадан қалған үлгіге

Бір Аллаға сыйынып бізде табан тірелік.

-Үкібай!- деді бір сәтте жымың етіп,

-Сен маған Жұмабайды келші ертіп.

Сен оған өзің барма, кісі жібер.

Жарадан сақтанғайсың тұрған тертіп.

...Үкібай Жұмабайды ертіп келді.

Шоң отыр амандығын сұрап елдің.

Жан сақтау қамымен күйбең қағып,

Артында жатқан анау сары белдің

Әлден соң Жұмабайға тіке қарап:

-Соқталдай жігіт бопсың іске жарап.

Келер деп сені арнайы шақырған ем,

Ішінен топ жігіттің дара қалап.

Уәлихан асу бермес, ол бір биік,

Талайлар тайталасып тартқан күйік.

Билерден қарсы келер табылмай жан,

Табанын қайтқандар көп оның сүйіп.

Мен соған сені, Жұмабай, жұмсамақпын,

Аузынан арашалап ашқарақтың.

Талап еткен ер құны деп 500 жылқы,

Үкімін талқан етсең зәнталақтың.

Сонда елің атыңды атап сүйінер ед,

Дұшпаның тұз жалар ед, күйінер ед.

-Шоң аға, сөзіңді бөлейін сәл

Өтінбекем сөзіңізді түйінде деп.

-Илахи, әумин батаңды бер!

Шоң сонда: «Кел, бері кел!»-

Деп оған батасын берген еді.

Үкібай сенің үшін сыналы жер,

Елің үшін төккен ең сен талай тер.

Қызмет қыл Сәти баба ұрпағына

Жұмабай көрмеген ел, көрмеген жер,

Сен оны өзің бастап апарасың.

Уәлидің өзгертуге көзқарасын

Бір көмегің сенің де тиер, бәлкім,

Сенемін өзіңе мен шет қалмассың.

Сол күні бір  Аллаға сыйынып жолға шықты,

Артта Шоң, алда Уәли екі мықты.

Арбасып айбат шеккен бір-біріне

Сарыарқаның алыптары керме иықты.

          

               Ордада

-Сүйіндік адамдары келе жатыр,

Жар салып ағып өткін жаршы пақыр.

Уәлидің мұны естігеніне үш күн өтті,

Мұзға отырғандай алданып күй кешті ақыр.

«Хабаршысы келді» деп мәлімдеді.

-Кәне кімдер білдің бе, Сәлім?- деді,

Үкібай би, бір бала атқосшылар

Уәлидің шықпай қалды тіптен демі.

Тынысы тарылғанын сездіртпеді,

-Бар,- деді.

Хабаршы маңайынан тез зытты енді.

Уәлихан қатты қапа болған еді,

Сарылып  Шоң келер деп көп күткені.

Тағына кеп жайғасып  көзін жұмды,

-Бұл жолы да опыр-ай сағын сынды.

Абылайдың асына келе тұрып,

Хан сайлауға қатыспай кеткен жынды.

Шоңның шаңын қақ деген төрелердің

Сөздеріне құлақ түріп елемедім.

Сол жолы қолды бастап Баянтауды

Қоршауға алсам ә, бәлем көрер едім.

Сөйтіп, ол төңірегіне танытқан ед,

Қараның хан, төресіз ел боларын.

Көліне үйрек ұшып, қаз қонарын.

Хан төресіз қыс түсіп, көктем туып,

Жарқыраған жайдары жаз боларын.

Мұны ұқса қанжығалы,шұбыртпалы,

Күңгірт тартып жүрмесе жанған бағы.

Керей, найман бұларда қарап қалмас,

Бас көтерер ел аз ба тағы- тағы.

Хан, төреден бөлінген ел Сүйіндік,

Бұлар үшін болған мен көзге күйік.

Ежелден қабырғалы ел жер қайысқан,

 Мәртебесі өзге үшін тіптен биік.

Төрелерді былайғы ел деседі ынжық,

Төре түгіл хан да дағы кетті жүнжіп.

Әйтпесе Шоң биді ауыздықтап алмас па еді,

Сүйіндікті тізгіндеп іштен мүжіп...

Бір Төренің шу шығып қаны тамса,

Қалың жұрт Шоңға барып әлек салса.

Шоң амалсыз алдына иілер ед,

Хан ием, көмектес деп жаным қалса.

Қасыңнан табыламын,

Әміріңе құлдық ұрып бағынамын.

Дер ме деп  атандырған адамдары

Жаңғақтай быт-шыт болып шағылғанын.

Қожы төрені бас қылып барымтаға,

Сол Қожы шәйіт болды барымтада.

Есіл ер көзін жұмып кете барды,

Кім бар іздеп аттанар қарымтағы.

Селт еткен жан болды ма төре өлді деп,

Төреден қара қазақ беделді ме ед,

 Тым құрыса тіксінген Шоңға барып төбетсің деп.

Бүлдірдің  ел арасын сен енді деп,

Кім бар Шоңға  сөз айтқан қарсы шығып.

Осылай өзін-өзі қажап, мүжіп,

Уәли хан тыныши алмай қаны қызып.

Жатқанда Сатылғанның Үкібайы ,

Отырды хан мейірімінен күдер үзіп.

Ғұбайдолла, Айғанымды бірдей салып,

Уәлиханға сөзі өтпей  отыр налып.

Жұмабай Уәлиханға кіре алмаса,

Не демек бұған сенген қара халық.

Жұрдай боп абыройы мен беделінен

Көрінбек Шоңға қалай не бетімен?!

Төбе би не болғанын сұрар болса,

Апырай, не деп жауап беремін мен?..

Бәрінен Сатылғанның рухы түсіп,

Үкібай селт еткен ед зәресі ұшып.

Жұмабай езу тартып ұйықтап жатыр,

Сол сәтте кеткен еді, көзі түсіп.

...Таң атты. Жұмабай да түрегелді,

Шайдан соң бұған қарап былай деді:

-Үкібай аға, Ғұбайдоллаға баста мені,

Алла жазса бұл істің келер жөні.

-Иә,сәт.

Жұмабай Ғұбайдоллаға  тіке қарап:

-Сабалақ танылмаған жаңа талап

Онымен бірге тағынған қару –жарақ,

Санаулы жау жүректің бірі Сәти,

Шегінуді білмеген жау қаумалап.

Шапқанда сол Сәти мына менің атам еді,

Ерлігі үшін Абылай ер Сәти деп атап еді.

Марқұм әкем әкеңмен түйдей құрдас,

Қабылдамай қинады әкең мені.

-Айтайын, айтайын,- деп Ғұбайдолла,

-Хабар күт,- деген еді,- қапа болма.

Көп  ұзамай одан хабар жетті.

-Келсін,- депті.

-Хан ием, датыма сәл құлақ асқын,

Алла қойса он беске жетті жасым.

Он бесінде білесіз ер Сабалақ

Ұран салып қалмақ қолын жарды барып,

Жекпе-жекте қалмақ батырының басын алып.

Сонда Бұқар атынан түсіріп-ап,

Берген дейді қалың ел ақ батасын.

Сол Сабалақ Абылайхан әкең еді,

Бұқар жырау ел білген менің атам.

Хан барлап байқаған ед төңірегін,

Сол сәтте Жұмабай тағы төгілген-ді.

-Хан ием, екі сауалым бар?..

Отырғандар ішке тартты демін енді.

-Алла құзырына хан қарсы шыға ала ма?

-Келесі сауалың?

-Алла пәрмені айыпқа жата ма?

Уәлихан қалған еді іштен тынып,

Бала ойы неткен терең, неткен тұнық?!..

Қожының ажалы – Алланың құзыры бұл,

Біздің жерде жұлыны үзіліп тұр.

Алла пәрмені маңдайына жазылып, сызылып бұл,

Ал оған кінәлау пенделерді күпірлік дүр.

Уәли хан ой түбіне шым батқандай

Әлден соң Ғұбайдоллаға тіл қатқаны:      

-Жұмабай мен Үкібай сынды қонақтардың,

Ырза болып қалаймын аттанғанын,-

Деп тапсырып Ғұбайдоллаға бұл екеуін

Уәли хан аңғартқан ед жол шығарын.

Ғұбайдолла әке сөзін екі етпеді,

Союға ақ байталды жетектеді.

Әрқайсына жеке-жеке үй тіктіріп,

Құс мамық,  жұмсақ болды төсектері.

Өзі сон соң қозы көш жер шығарып сап,

Мұны олар хан ықыласы есептеді.

Байтақ қыр назар салған уақиға еді,

Десек те артық емес мұны тегі.

Хабарды естігенде жылапты елі,

Шоңға хабар сол күні жеткен еді.

Қаржастар өшкендері жанып,

Өлгені тірілгенге есептеді.

Еске алды ел аруақты, өткен бабаларды,

Мәз болды төрт ұлылар тәнті өзгелер.

Дегендердің ісінді бір көз көрер,

Дүние тұрақты емес, мың өзгерер.

 

     Жұмабайдың Шорман атануы

Шоң бидің бір байламға келгені анық,

Жас қыран жетілуі үшін қанаттанып.

Аудару ел назарын – басты парыз,

Бағын ашпай алыптың өспесі анық.

Содан да ертесінде сөз бастаған,

Өзгеге Үкібайдан сыр ашпаған.

-Жұмабайды би сайлау салтанаты

Ісіміз болсын,- деді,- тың бастаған.

-Ерейменге елді жи, Сәти талға.

Жеті күн болады,- деп,- қызық алда.

-Алдын ала келіскен Мамықпенен

Деп отыр ол: «Тәңірім, өзің қолда».

Қаржастар аспандаған асып бағы,

Ерейменге ат басын бұрған дағы.

Шоң Үкібайдан сұрады:

-Кім келді?- деп,

-Қуандық Қаракесектің көрінбейд қаралары,

Сонан соңғы жаңалық мынау еді,

Қалай болар екен деп мұның жөні.

Жұмабайға Шор деген есім берсек,

Қайында Шор болады қатты тіні

Қалың ел түсінеді бірден мұны.

Сөйтіп, бір тың дәстүрге орын берсек,-

Дегенде Қазанғап  би түрегелді.

-Сөз көп қой, тізе берсек тінте берсек,

Бұл сөзге ағайындар түптеп келсек.

Шор деген Қаракестің бір атасы.

Білетіндер:

-Сөзінің жоқ қатесі,-

Деген соң Шоң

Ал онда Жұмабайды Шорман десек,

Емес пе бұл есім де тіптен кесек.

-Бұл – біздің Шорманымыз,- деп шуласты ел,

Жайқалған Баянауылда гүл бәйшешек.

 

          Капитан Броневский

     Генерал Глазеновтың қабылдауында

Броневский кірген сәт есік ашып,

Глазенов қарсы алды оны кербез басып.

-Қалай біздің сары аяз шымшыды ма?

Сағынған ғой жөні бар, жүрдің  ұзақ қашық.

Екеуі аз- мазырақ осылай қалжыңдасып,

Жайғасып отырған соң әңгіме ашық.

Басталып кете берген іс жайында.

-Губернатор

Бөкейді хан сайлап,

Қолын қойды мөрін басып.

Сөйтіп біздің ісіміз сәтті бітті.

Біраз уақыт жүріп ем болып күпті.

-Сіз бе, мен бе?- деп капитан сөз қосқан-ды,

-Шоң бұзық шырқын алып сайлау тіпті

Болмай қала жаздады емес пе?- деп

Капитан сыр суыртпақтап,

Бекінгендей кеңеске бек.

Кабинет иесі капитанды іріккен ед,

-Ол жайлы рапортты да жаздың емес пе?- деп.

-Сен енді маған азырақ құлақ сал.

Сонан соң капитанға күле қарап:

-Бөкей бір, ал Шоң болса жеке тарап,

Мына хат Шоңның хаты маған жазған.

Тыңдаңыз, ол біздерге қояд талап.

-Талап?.. Онысы қызық екен!..-

Деп тұрды іштей,- талабынан қызбас шекем.

Кабинет иесі хатты оқып тұр

Бір сөз жоқ жазғанында алар секем.

-Алты рудың басын біз біріктіріп,

«Төртұлы» халқын құрдық кіріктіріп,-

Дей келіп қол астымызда екі жүз елу мыңдай

Әйел, еркек сақталды әр руда еріктілік.

Мақсатымыз – хандарға билік бермеу,

Төлеңгіттің салпақтап соңына ермеу.

Ұмтылған хан, төрені Баянтауға,

Тізгіндеу, көнбей жатса, тірі жерлеу.

Құрылтай мәжілісі Төртұлының

Төбе би ғып сайлады салты деп бұрынғының.

Мойныма алдым ел артқан ауыр жүкті,

Қалтқысыз қызмет қылып табам қыбын.

Өмірлік маңызы бар мәселені,

Алты рудың Төбе биі бас қосып шешеді енді.

Байланысты істерді тек біздерге

Бөкей арқылы жүргізу керек емес тіптен  енді

Сондықтан да тікелей біздерменен

Қарым-қатынас жасауды болар діттелгені жөн.

Капитан:

-Мұның да арманы – хан болу,- деп қалған-ды.

-Сөзіңіздің осы бір жоқ салмағы,

Сіз Шоңды –Бөкейдің сөзімен бағалайсыз,

Ал Шоңның хан болудан басқа арманы.

Қазаққа ханның тіпті керегі жоқ,

Қазаққа оның, сірә, берері жоқ.

Ант атқан қараларға салады шоқ,

 Түкке  тұрмас қаралар дүние боқ.

 Ал Хандар қасқыр мінезі қараларды талап тынар,

Төрелер олардың қанын жалап тұрар.

Осылай теке тіркес ит жемеде

Құртпақшы қалың елді қарақшылар.

Іргесін қарашадан аулаққа сал,

Жас ұрпақ қазақ деген талаптылар

Бұл Шоңның  ашылмаған қазынасы,

Ел тізгіні қолына тисе Ғазиз басы.

Ұсынбақ басқарудың жаңа әдісін,

«Бұзық» деп оны Бөкей былшылдасын.

Сіз оның мәліметіне тіптен сеніп,

Қараңғы қара орманға кеттің еніп.

Сол Шоңның халқы алдында ары таза,

Ал Бөкей арсыз адам жиіркенерлік.

Осыдан соң көр қане адам танып,

Қырсыздық десеңізші мұны неткен.

Қаншама жазықсыз қан жатыр тамып...

 

           Нұра шайқасы

Бөкей хан куәлігі қолға тиіп,

Шөп еткізіп алған ед мөрін сүйіп.

Сонан соң төңірегіндегілерге маңғаз қарап:

-Күні ертең Шоңға тарттырам,- дед,- күйік.

Тағы да әлдене дей берген еді,

Сол сәтте Төлеңгіті келген еді.

Есіктен аттай берген оның даусы,

Жұрт сөзін, ханның ойын бөлген еді.

-Хан ием!- деді байғұс кемсең қағып,

-Біз беталды жүргенде сыртта лағып,

Шоң алаяқ қарап жатпай көшіп барып,

Нұраға төрт түлігін жатыр бағып.

Осы сөз отырғандардың шырқын бұзды,

Хан алдында жиналған жандар ізгі.

-Шоңды өлтірмей біздерге тыныштық жоқ,

Қара жерде қалмасын басқан ізі.

Мұны естіген Бөкей хан абдырады,

Сарқылғандай сол сәтте тіл құнары.

-Өлтіруді қоя тұр, басқа амал тап,-

Деп камзолының етегін жұлқылады.

Айтып қалды әлдекім жасақ жайлы,

-Бес жүз жасақ болса егер басыбайлы...

Отырғандардың біразы келіспеді.

-Ал оларды кім айтшы асырайды?

Бөкейдің балаларының бірі тұрып:

-Жасақ құрып жүргенде найқатылып,

Шоңда қарап отырмас қайрат қылар,

Нұра бойын жіберер тоз-тоз қылып.

Төрелер сонда ғана тоқтаған-ды,

Талайлар басқандай-ақ шоқ табаны.

-Мұны біз хан сайладық әздек тұтып.

Кәне Шоңның айылын жиып тоқтағаны?..-

Деп тұрғаны болар, бәлкім, іштерінен

Қобалжу аңғарылад түстерінен

Сол сәтте сөз ұстанған ханның ұлы:

-Созбақтауға болмайды, сірә, мұны.

400 жігіт жасақтап аттанайық,

Алла жазса аттанайық бүрсігүні.

Ала таңнан аттанған төрт жүз атты,

Қабақтары қатулы, екпін қатты.

Кейде желіп, кейде шауып ен далада,

«Шоң қайдасың?» деп Нұраға келе жатты.

Шоң бұлардың аңдытып әр қадамын,

Сайлаттырды шайқасқа өз адамын.

Екі жүз жігіт жидыртып тоқтаған-ды,

-Бары осы,- деп,- ағайын, қолда барым...

Қара шаң көкке өрлеген будақ-будақ,

Жарау ат ер жігіттер әзір қунақ.

Ағызып ойдан төмен түсе беріп,

Шоңды боқтап бір сәтке кетті шулап.

Сол-ақ екен Бөкейді балағаттап,

Шоң жігіттері оларға берген ед тап.

Келте сойыл жарқылдап қылыштайын,

Шарт-шұрт етіп қарпысты сол сәтте тап.

Кейбіреуге шекеден тиген соққы,

Қара жерге қасықтай қанын төкті.

Аттан құлап «өлдім...» деп қала берді,

Кім тоқтатар қаны қызған кекшіл көпті.

Кек болғанда Бөкей мен Шоңның кегі,

Бірі сұлтан, бірі қара қусаң тегі.

Екеуі бірін-бірі түтіп жемек,

Өштіктерінің тірлікте жоқ ед шегі.

Ақыры қырқысумен түйінделді,

Мұнан соң да тарқар ма түйіндері.

Ал  Шоңның жасақ құрған жігіттері,

Бола тұра жеңістен үміттері.

Бытырап қаша жүріп ұрыс салды,

Сол-ақ екен Бөкейліктер ортаға киліккен-ді,

Жасағы бүркіттей шүйліккен-ді.

-Барасыңдар малғұндар қайда ығып?

Ащы дауыс шыққан жаққа көзін тіккен.

Үкібай би: «Ұрыңдар!»- деп ақырды өктем.

Жеңістің жақын екенін сезген еді,

Алды-артына қарамай безген тіптен.

Хан жасағын сабаған қуып жетіп,

Шоң қолы қарсылыққа кез келмеді.

Оларды қуған Шоң жігіттері өкшелетіп,

Қалың қолын Бөкейдің тоз-тоз қылып,

Сәйгел тиген сиырдай барад қуып.

Дәл осы сәт әлдекім аруақтап,

Бөкейліктерді қуып жетіп  оңы- солындағы,

Қақ сойылын білей ұстап қолындағы.

Шалғынға түскен шалғыдай жайпақ барады,

Шорман қолы артына ерген соңындағы.

Хан баласы шайқастан безе қашқан,

Әлжуаз немелер ғой әуел бастан.

Қазақ елі дүркіреп дүрілдеді,

-Осындайды көріп пе ең бұрын?-  деді.

-Әділетсіз хан төреге Құдай екен,

Қырын қарай бастады бүгін,- деді.

Омбыдағы орыстардың ойы бөлек,

Шоң ісіне сүйсінді елден ерек.

Шоңға Бөкейдің Нұрасы керек емес,

Ол үшін Шоң би, сірә, қылмайды егес.

Хан беделін түсірді жұрт алдында,

Хан дегенің қу қурай ештеңе емес.

Сол төбелес Шоң беделін асырды анық,

Куә болды бұл іске барша халық.

Сасып: «Би, қорған бол!»- деп Шоңға келді,

Шұбырған соңындағы халқын алып.

                 

  Шоңға келген хаттар

Кіші жүз Россияға иек артып,

Қармағын Бодандықтың алған қарпып.

Ұлы жүз Россияға бет бұрмады,

Қоқанға қол артқан-ды тұрған шарпып.

Ал Орта жүз Абылайхан заманында,

Біріне бас ұрғаны шамалы да.

Уәли тақ иесі атанғалы іргесі іріп,

Қалың топқа айналған қара-құра.

Уәли хан болғалы Баян елі,

Арқаның қасиетті сары белі.

Оны хан деп таныған кезі жоқ еді,

Қаламайтын хан төрені ел жүрегі.

Әйтсе де уақыт көші алға асады,

Бір кезең бір кезеңмен алмасады.

Кешенің күні өтіп жаңа күштер,

Дәуірдің тізгініне жармасады.

Ол мына

 «Сібір қырғыздарының уставы»

Шоң мұны  ойына осыны берік ұстады.

Бұл патшаның уставта хан, төреге

Пайдалы бап қосып, қараны қысқаны

Екенін ұғынып,

Қалмас үшін алдында жүгініп.

Тоз-тоз боп кетпеуге тәуекел етуге,

Кетпеске түңіліп,

Қаралар  қажыры үгіліп,

 Ел-жұрттың намысын қайрады.

Жігіттер бар неше сан айбарлы

Бөкейді тұқыртқан жеңісте,

Бұзылмаған бірлік қаймағы.

Ал мына хат пенен рапорттар

Атқарылған істер айғағы.

Генерал майор Броневский хатында,

Жазылған Щоң бидің атына.

«Ықпалды би» дейді әманда,

-Ұлы ағзамға ант беру затында.

Бұл асқан мәртебе, үлкен сый,

Россия империя тоғысқан мың сан ми.

Ұшпаққа шығар қараңғы халқыңды,

Мұны да ұмытпай көңілге түй,-

Дей келіп

Хатыңызда атаған жерлерің

Округқа енеді уәдем бұл менің.

    

    Махонин рапортынан

Шоң мені Найзатасқа шақырды,

Сапардың сәті түсті ақыры.

Кемел ғой Шоң терең,

Ұстамына сай ақылы.

Баянауыл округіне кірмек боп,

Қуандық ішінен келген топ.

 Алтай руынан солардың

Жайын өзіңмен ақылдасуды жөн  көрдім.

-Саржаннан қатты қысым көріп келген,

Болар ең әлдеқандай кеңес берген.

-Ал өзің елменен тілдестің бе?

-Кездесіп тілдесіп тұрам күнде.

-Алтайдың Төбе биі Зұлқарға ертіп,

Елмен қайтыңдар деп бір тілдесіп.

Тұрсынбай, Үкібайды жіберген ем

Көңілдері олардың да келді өсіп.

Ал бүгін сізді бастап барам сонда,

Алаң көңіл адамдар болса онда.

Бұлардың орысы қайда деген сауал

Шығуы әбден кәдік ақыр сонда,

Сонымен Шоңға еріп бардым мен де,

Жұрт шуылдасты мені көрген жерде.

-Ант берсеңдер

Қотыр Қызылтау, Алғабас , Сарытау, Керегетас -

Болады қоныстарың.

Естеріңе,- деді ол,- соны ұстағын.

Антқа қолдарын қойды ел шұбап келіп,

Қай қонысты кім қыстайд алды бөліп.

Шоң сонан соң шақырып ап Балқар биді,

Жайлауларды атай кеп сөзін түйді.

-Жұрт қолапаштап қоймаған соң

Мен де сәттілік тіледім істерге игі!

 

           Өтпей қалған сайлау

            22 тамыз 1883 жыл

-Баянауыл сыртқы округы ашылмақшы,

Жиылды сан тараптан игі жақсы.

-Сыртқы округ аға сұлтаны кім болады,

Кімдер таққа бақ сынап таласпақшы?..

Кімдер дейтін жөні бар елдің, сірә.

Баянаула төрені таққа мұра,

Деп ешқашан санамаған.

Олар үшін хан төре жаман адам,

Қараға қамшы үйірген барын алып.

Қылықтары жандарын жаралаған,

Шоң бидің айтқанынан шықпай ұйып.

Хан төренің әманда жолын қиып,

Бағынып бас июдің орнына

Уәли ханға салған ел сан қиғылық.

Патшаның уставына сай сайлау өтсе,

Заңға сай төре рухы басып кетед.

Сан жылдар хан төремен алпарысқан,

Шоң бидің  жақтастарының еңбегі зая  кетеді.

 Подполковник Камаев:

-Төрелер, аға сұлтан сайлау үшін,

Ал қане мына тұрған үйге кірсін.

Мұны тілмаш аударды тілін безеп,

Бірден-ақ сезінді жұрт төре күшін.

Қаздаңдап Бопы төре топты бастап,

Көтеріп ата қаздай басын асқақ.

Пішен төре Петербордан соңына еріп,

Қалың топ үйге енді артқа тастап.

Тәуке төре балалары алға көз сап,

Өзге жұртты сұсымен барад жасқап.

Бірі қалмай үйге еніп бара жатты,

Шоңның тіптен аталмай қалды аты.

Әлдекім аузын аша бергенінде,

Шоң мен Шорман әлгі үйге қадам басты.

Орыстар: «Сендерді кім шақырды?»- деп,

Көргенде Шоң мен Шорманға ақырды кеп.

Сырттағы орыс- қазақ өңдері тартты кірбең,

Үй  ішінде басталған бұл дүрбелең.

Сыртқа анық ед ақыры шығары да,

Қалса киіп кетіп жүрмек бір бүйірден.

Шоң :

-Миколай!..- деген еді ызбарланып,

-Жеткіз менің сөзімді орысқа анық.

Саған мұны күн ілгері ескертем мен,

Аға сұлтан сайласа  төрелерден,

Қаңыраған осы үйде жалғыз өзің

Иттей ұлып қаласың серт етем мен.

-Сен мені қорқытпақпысың, Шоң?- деді анау,

-Ретсіз жерге сұғасың неге танау?

Патша уставын есіңе саламын мен,

Болмайды бұл арада біздің қалау.

Ұстап төрені аға сұлтан сайла деген,

Саған оны ұғыну қайда?- деген.

Бопы сөзі шамына тиген Шоңның:

-Білгіш болсаң, үйіңде сайра,- деген.

Ал Төртұлының төріне тайраңдатып,

Сені сұлтан кім сайлайд қараң батып.

Кетсе дағы,-деген Шоң көзбен атып.

 Бопы да салған тілді бұтып- шатып,

Екі сөздің бірі де  патша устаб.

Осы сөзге Төбе би жыны ұстап:

-Түкірдім устабыңа!- деп салған еді.

-Ит жеккенге айдат!- деді анау мұны нұсқап.

-Патшаға тілі тигізген мына малғұн!..

-Кім малғұн?- деп Шорман кеп бөгеді алдын

Жағасынан шап беріп іле-шала,

Қамшысын сілтей берген қағып қалған.

Шоң дарытпай басына Бопы шалдың

 Қолындағы қамшымен салып қалған.

Бұрылып маңғаз басып жүре берген.

Есік ашты Шорман оның соңына ерген.

Даладағы қалың  жұрт: «Шоң, Шоң»

деп шуылдаған мұны көрген

Сарт еткенде  қан-шекеден сорғалады.

Төңкеріліп кеткендей мына жалған.

Бопы мұрттай түскен-ді естен танып,

Қамаев  абдырап сасып  қалған ед.

Сәлден соң өзін-өзі қолына алып,

Шақырған сырттан емшілерін

Көп кідірмей олар да келді салып.

Дәрінің көмегімен есін жиып,

Жатты емшілер бейшараны жуындырып.

Едендегі ұйыған қанды көріп,

Зәресі ұшып бір сәтке қалды сұлық.

Йод жаққан кезінде шыдай алмай,

«Өлдім, өлдім, өлтірді»        деп берді зарлай.

Басын таңып ақыры сыртқа шықса,

Ел тарапты алаңда бір жан қалмай.

Камаев өз кезіне өзі сенбей:

-Халық қайда қаптаған қалың сеңдей?

-Олар Шоң, Шорманға еріп кетті.

-Бұл не Тәңірім түс пен өңдей?

Потанин әлгі сөзін қайталады.

Ал Камаевқа Бопы:

- Аналарды қайтар!- деп айқайлады.

Камаев күйіп кеткен болар, бәлкім.

-Кабан!- деп басын қатты шайқаған-ды.

Сонан соң: «Кет, көзіңді жоғалт!»- деген,

Еңсесі Бопы төре түсіп төмен

Беттеген соңына ерген төрелерге,

Ал олар қарсы алған-ды кеттік деумен.

Ал Камаев рапорт жазып жатты,

Жоғарыға аз еді айтар даты.

Сыртқы округ сайлауы өтпей қалды,

Бүлікші ретінде аталды Шоң, Шорман аты .

Камаев сәтсіздікті бүкпесіз хабарлады,

Орын алған кең байтақ даладағы.

Көз алдына әлден соң әкелген ед,

Төрелерімен сай қосқан дала арланы.

Көзін жұмып Броневский  ойға батқан,

Әлемге алтын ұрық екенін мойындатқан.

Он үшінші ғасырдан  жарты әлемнің,

Шыңғыс хан деп таңы атып күні батқан.

Сол әулеттін ұрпағы хан төрелер

Қара Шоңның алдында қалбаң қаққан.

Шоң тіптен осал кісі емес, сірә,

«Қара» деп тағу оған кінә, сірә.

Бір Құдайдың бергенін мойындамау,

-Ол өзі бас қатырмай келсін!- депті.

 -Бұл Шоң ба талайларды жаншып езген, түкірмей уставына,

Қаларын білсе де орыс қыспағына.

Зәресі ұшқан жұртпенен жұмысы не,

Жатқан болар шалқайып қыстағында.

Тобылдан бас губернаторға тартып кетті,

Шоңға мұның болған мен ақ ниетті.

«Патша уставы -Құдай сөзі» деп ұғатын,

Ұлығының қисаяр қалай беті.

Не де болса тәуекел етті дағы,

Болған жайды бүкпесіз баяндады.

Бас губернатор мұның сөзін бөлмей тыңдап:

- Шоңды...- деп көзін сүзіп аялдады.

- Шоңды сайлауға кедергі  тек устав па?

Оны айналып өтер жолды айтшы нұсқап.

Үнсіз қалған мұның ол ойын бұзып:

-Бұл не қылған, Тәңірім-ау, жолсыз қыспақ.

Жасы оның неше де айт дұрыстап?

-80-ге  келіп қалған болса керек...

-Ойланарлық мұныңыз бұл бір дерек

-Екінші сайлауға дейін сыр берер бұл бәйтерек.

-Міне бізге табылды іздеген жол.

Өзің қол қой!- деген ед бұйрыққа сол.

Шоңды онда аға сұлтан тағайындаңыз,

Тілеймін Шоң мырзаға сәттілік мол.

...Қамаевқа сол бұйрық келіп жетті,

Ал ол Потанинге пәрмен етті.

Шақыра барған казактар мен Потанинге:

Бұйрықпен келіп елді таныстырсын,

Беріп жүрген жұрт болар маған сыртын.

Бұйрықпенен танысып Күпірлік мұсылманша болар, сірә.

Патша ағзам  қойсын құртын

Камаев есі шығып мына сөзден:

Қаһарына ілігіп кетпей тұрып,

Тілдесейін өзімен көзбе- көзбен.

Би үйіне кірген-ді тәртіп сақтап,

Босағада іркілді сасқалақтап.

Қырындап жатқан демалып Шоңды көріп,

Бөлмеге келіп кірді абалақтап.

Қыр көкжал бұл тұста сұлап жатқан,

Сұрланып өңін бермей ішін тартқан.

Құжатты қолына оның ұсынып ед,

Ана жерге қоя сал деп иек қаққан.

-Кете бер,-деді сонсоң қолын сермеп,

Киргиздан мұншалықты қорлық көрмек.

Жай емес ед Камаевтың түсіне еңбек,

Жақсы, жақсы басқа сөз таба алмаған.

Қаны қысып бор-бор боп кетті терлеп.

Шыға сала атына қарғып мініп,

Казақтарға бұйырды «соңыма ер» деп.

Таң атты арай төгіп шұғылалы,

Шоң беттеді оянып жуынғалы.

Би біткен байлар жағы құлақтанып,

Бірін-бірі ентелеп киіп жарып.

Ағылды төңіректен, алыс қырдан,

Келгендерде есеп жоқ оннан-мұннан.

Шоң қуанды балаша ол да пенде,

Өткен жылдар хан төремен алыстырған.

Тағдырларын бір арнаға тоғыстырған,

Көргенде қаптап келген қарашаны.

-Демеңдер хан мен төре аласарды,

Биікке олар әлі таласады.

Сақ болыңдар бірлікті сақтаңдар!- деп,

Олар тек күш тілменен санасады.

Бір бөлмені қазақша жабдықтатты.

Құрақ көрпе төрінде жастық жатты.

Билермен келген елді риза ғып,

Орыстарды бір түрлі таңырқатты.

Ал Шорман аға сұлтан кандидаты,

Бірден –ақ іскерлігімен шықты аты.

Тоз-тоз боп осылайша жүрген халық,

Шоң хабарын естігенде қанаттанып:

-Орта жүздің Шоң,- деді,- Абаданы,

Патша ағзамның ұстабына қарамады ,

Осы емес пе азаматтың жарағаны.

Хан билігі жойылып орта жүзде,

Аға сұлтан билікке келді мүлде.

Әр ру мұны өзінше қабылдады.

Бітетін шаруа ма бұл бір күнде.

Ал Шоң, Шорман сырт сөзге құлақ сап,

Дөңгелетті шаруаны қолдарына ап.

Жер дауы, жесір дауы бәсеңдеді.

Сан ғасырлық –ұлы дау, бірер жылда бола ма сол.

Әйтсе де ұрлық-қарлық етек алған,

Әр руда әр ауылға ізін салған.

Бірте-бірте олар да анықталып,

Бұл қырсық та тиылған іштен шалған.

Қыз-қырқынға бүйідей тиген әулие, молда

Ол дағы көп ұзамай түсіп қолға.

Тірідей әтек болып кебін киіп,

Еліне жетсе керек өлмей зорға.

Жолдаған сауалдарға генералға

Мектеп, медресе жайын тартқан алға.

Қаражат қазынадан бөлінеді,

Мұның бәрі шешілет деген алда.  

Генералдың сөзіне сенген еді,

Шолақ дүние зыр қаққан дөңгелегі.

Қас-қағым сәтте бұлдырап өте шықты,

Алла әмірі кім оған қой дер еді.

Мұса мырза істерін жалғастырды,

«Алаш арыстарында» жазғам мұны.

Бір жазғанды  қайталау артық болар,

Ақынның да сөзінің қалмас құны.

 

              Түйін

Шоң қазақтың қарасын алға бастап,

Хан, Төреге қарады тіптен асқақ.

Алла ісін қолдаған пендесі еді,

Қылыштай өткір тілмен өткен жасқап.

Ол қазақ қарашасының айбыны еді,

Көтерген төбесіне айбынды елі.

Шыңғыс ханның ұрпағын ығыстырған,

Қазағының қамқоры, ай-күні еді.

Қарашаға аттатқан устав заңын,

Ойлы сөзі – алаудай, жаны –жалын.

Округты басқарған тұңғыш еді,

Шоң Сұлтанның талайлар соңына ерген.

Шорман, Мұса орын ап осы төрден,

Қазағына таусылмас тәлім берген.

Өскенбайдың Құнанбайы қазақтың асқар белі,

Ақылменен қанша жыл басқарды елді.

Сатыбалдының Қазанғабы ірі тұлға,

Тұрсынбайдың Боштайы тағы басқа.

Есімдері мәңгілік қалды таста,

Баянауыл дуанына аға сұлтан.

Төреден сайланса деп,

Ұсыныс төрелерден түскен ед кеп,

Орыс жағы шамадан тыс ойланды көп.

Ақыры Уәлиханның немересі Маман төре

Аға Сұлтан  сыртқы округе сайланбақ боп,

Баянаулаға ат басын тіреді кеп.

Бұл шешім дүрліктіріп тәмам елді,

Тербеді асқар-шыңды, айдын көлді.

Қараның атқа қонар кезі келді,

Уставтың қағидасын сақтамақ боп,

Сенімін патша ағзам ақтамақ боп.

-Шоң, Шорман өсиетін орындаймыз,

Өсиет біз үшін ардан биік.

Өзгертуге бұл пікірді жетпес күні.

Ағайын, Шуға қарай бет аламыз,-

Деп қопарыла көтерілді үлкен- кіші

Маманды амалсыздан орнынан ап,

Әңгіме осымен болған ед сап.

Ағайын, сөздің қадірі жоқ,

Тыңдасаң аз-мазырақ құлағын сал.

Өсиет – бабалардан қалған мұра,

Өшпейтін мәңгілікке бір шұғыла.

Шоң, Шорман аруағын асқақтатқан,

Соларды бөле, тәңірім, иман нұрға.

Ал, біздер, сол бабалар ұрпағымыз,

Күлімдеп  қырда атқан нұр таңымыз.

Тілі алмас, иесі ұшқыр ойдың,

Ал біздер сол бабалар жалғасымыз.

Асамыз баба атымен сан ғасыр біз,

Теңіздің толқынындай тербетеді.

Бабалардың алтын балдақ алмасымыз,

Шетінен өңкей дүлділ, өңкей өрен,

Сақта, тәңірім, біздерді еңкеюден.

Рухын бабалардың асқақ ұстар.

Антқа адал бабалардан қалған берен.         

                      

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мәшһүр Жүсіп томдары

2. Баянаула перзенттері 2- кітап

3. Жазушы Қ.Исабаев «Шоң роман»

4. Интернет материалдары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...