Эссе және өлең-жыр байқауы

Қарлығаш әулие

Ел ауған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде Төле киіз үйін жықпай, қасиетті жұртын қимапты. Сонда жоңғарлық қолбасы Төле биден көшпей қалуының сырын сұрапты.

— Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш салып еді. Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорыған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым, — дейді дана Төле би.

«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» Төленің ғажайып болмысын, әділ шешімін таныған жоңғар қолбасшысы:

— Шын әулиенің өзі екен, — деп өзіне де, еліне де көз алартпапты.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...