Эссе және өлең-жыр байқауы

Сырымның өлімін естірту

Сырым Хиуада жүріп қайтыс болғанда, бала-шағасына естіртуге елдің адамдары жиналып айтуға ешбір қисынын таба алмай жүріседі. Жетірудің шетінен Ұрышта деген биді алдырады. Халық: «Солай ақсақал, мына Сырымның өлімін қатын-баласына естірту керек болып, сізді алдырдық, соған баралық, барып естіртелік, сіз соны айтыңыз»,—дейді.

Барады, бір-екі күн қонақ болғасын қызмет етіледі.

Шырағым, Қазыжан, қарт атаң сенің дат еді-ау,
Есімі ісінен алшақ емес,
Тек бір қойған ат еді-ау.
Өзіңнің атың Қаз еді-ау,
Қысың да сенің жаз еді-ау.
Әкең сенің Сырым-ды,
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Іші толған білім-ді.
Тек қазақ жұрты емес,
Білгендей еді-ау Қытай менен Қырым-ды.
Әкең Сырым аман келсе,
Сүйіншіге берер ме ең,
Олжатай менен Сүгірді.
Сол секілді Сырекем,
Арғымағы сүрінді, – дейді.

Бұны естіп Қазы би қонақтарын таратпай, алғашқы садақасын беріп таратыпты, – дейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...