Өлең, жыр, ақындар

Нұралы ханның өлгендігін естірту

Нұралы қашып барып Уфа қаласында бір-екі жылдай тұрып, сонда өледі. Бірнеше адамдар жиналып, хан ордасына келіп өлімін ханымға естіртпек болады. Бұның ішінде Шеркеш Қосым деген би де болады. Ол қымыз ішіп отырып, ханымға қарап мына сөзді айтады:

Дария бастан бұлғанса,
Ортасына бал құйса да тұнбас-ты.
Бәйтерек түптен жығылды,
Алтынменен күптесе де тұрмас-ты.
Ақ сұңқар қолдан ұшыпты,
Қайта айналып қонбас-ты, — депті дейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз