Эссе және өлең-жыр байқауы

Қартайған арыстан

Бір мезгіл ел сұрап дәурендеген арыстанға кәрілік те жетіпті. Бетіне түзу қарамайтын, айбатынан ел қорқатын уақыттары да өтіп, келмеске кетіпті. Аяқтан дәрмен, бойда қуат қалмаған, тісі түсіп, тырнақ мұқалған күйге түсіпті. Сонымен өзі кезінде тісін батырған аңдар одан өшін ала бастапты. Ат тауып, сиыр сойып, қасқыр қауып, тырна жұлып. Ол бәріне көніпті. Өлер шағына таяғанда есек те оны көргелі келіпті. Арыстанның күйін көрген ол да тепкісі келіпті. Мұны сезген арыстан:

— Ия, құдірет, кезінде аң баласы бетіме түзу қарай алмаушы еді. Қазір солардың тепкісінде қалдым, анау ат, мен түгіл қамыстан қорқатын, өгіз, қасқыр дегендер мені көрсе зәресі ұшатын, дариға-ай, сол заман өтті ғой. Кәрілік жетіп, төрімнен көрім жақын тұр, басқасын қойшы, ана есек аяқта төсек болып жатушы еді. Ол кезде оны кім адам қатарына алған, кімде күнә жоқ дейсің, жанымды алсаң да, сол жаманның тұяғын тигізбей ал, қорлық қой оның аяғы тисе, — деп жалбарыныпты.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...