Эссе және өлең-жыр байқауы

Менің анам

«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?

Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.

АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.

Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.  

Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз.

Әрине біздің де анамызды көп ренжетін кездеріміз болады. Анашым ренжеген кезде «менің жүрегім торлы дәптер сияқты, сіздер мені ренжеткен сайын ол боялып, жақсы көруге орын қалмай қалады. Ал сіздер мені қуантқан сайын әр боялған тордың орны өшіріледі»,-дейді. Сондықтан анамыздың жүрегіне дақ түспеуі үшін мен және менің ағатайларым анамызды әр қашан қуантамыз деп уәделестік. Сол уәдемізге жылдар өткен сайында тұратын боламыз. Себебі анамызды қуанту арқылы біз тек өзімізге ғана емес, басқада бұрынғы біз сияқты мөлдіреген көздері бар балаларға жүрегі кең ашылып, барлығыда аналы болуын қалаймыз.

Осыны оқып отырсаңыз анашым, біз сізді жақсы көреміз. Сіз біздің әлемімімздің жарығысыз. Ал осы жүрекжарды эссемді оқып отырған оқырмандарыма аналарыңызды сыйлаңыздар. Ол - алланың сізге берген сыйының, мақтауының ең негізі.

Жарқыраған күніміз сен –ана,

Жұлдызы мол түніміз сен –ана,

Өмірдің мәніменен қызығы сен –ана.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (60)

Айнур

Бакытты балалык шак насип етсин

Нуркенже

Өте әсерлі ,жақсы жазған екен .Жарайсын !Сәттілік!

Асия

Керемет періште.. Анаңыз аман юолсын. Осындай жақсы адамдар көп болсын

Нуркенже

Аналар әрқашанда аман болсын .

Нуркенже

Анаға ешкім де тең келмейді .Ананын орыны ерекше ғой .Аналар аман болсын!

Жумагалиева М

Өте керемет. Аналарыңды барынша ренжітпеуге тырысыңдар

Бақытгүл

Қандай тамаша жазылған эссе! Махаббат қа жүрегі тұнып тұрған анасының тәрбиелеген баласы жазған екен. Бақытты отбасылық тәрбиенің маңызы зор! Сәттілік! Жеңіске жетуге тілектеспін!

Нуркенже

Әте жақсы жазылған екен .Аналар аман болсын! Ананын орны ерекше ғой. Бір қолымен бесікті ,бір қолымен әлемді тербеткен Аналарға ешкім де тең келмейді.

Dinara

Өте жақсы жазылған.

Аяулым

Керемет!Ана аман болсын! Өзіңе тек жеңіс,сəттілік тілеймін!

Аимгуль

Өте керемет

Əдемі əнгіме балараным өмірің ұзак денін сау болсы

Жан

Ундемесова Динара

Сенің анаң нағыз батыр ана. Анаң мен әкеңе ұзақ ғұмыр тілеймін.

Гульназ

Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді демекші, эссе жүрек тебірентерлік екен. Өте жақсы жазылған. Өмірде жолың ақ болсын.

Айнур

Да керемет сенин анан, батыр АНА! Журеги кен аркашан танитын танымайтын адамнын барине комегин аямайды. Тәжірибесімен де болисип отыратын кең пейілди назик жан. Дауысын адеми кустын адеми дауысына керемет тенеу тапкан! Отбасылык бакыт тилеймин балапан! Ар бала бакытты болуга лайык

Бисембаева Зоя

Керемет жазылған жүрекжарды лебізіңе риза боп қалдық ,анаңды құрметтеген жүрегіңнен айналдым

Базарова Рая

Кызыннын "Арасында жазган хатын" окып отырып анасы бар адамдар ешкашан картаймайды деген олен жолдары еске тусти, алансыз сауык сайран салып журемиз,биз бугин акелердин аркасында деген тагы олен жолдары бар.Оте керемет жазылган ойлар, саттилик

Скакова Аяулым Аскатовна

Керемет эссе!Еріксіз көзге жас келеді!Недеген ақылды, алтын қыз!Анаң 100 жасасын!

Айман

Керемет! Анадан артық, анадан қымбат ешкім де, еш нәрседе жоқ

Айнур

Өте керемет! Жарайсың! Сəттілік!

Жаныл Оразбаева

керемет балапан.өнерің өрге жүзсін.анаңды барыңда қадірлей біл.ата анаң қос қанатың.бір қанатыңнан айырылсан көкке самғап ұша алмайсын.сондықтан да қос қанатың, анаң мен әкең аман болсын ботақан.

Элеонора

Анаңыздың өмірі ұзақ болсын

Шолпан

Сенин анан оте керемет жан. Саттилик бакытты бол

Гулсим

Баласының анасына білдірген лебіздері,теңеулері керемет,аналар аман болсын!

Гүлзира

Анаңа деген құрметіңді керемет жеткізгенсің. Аман бол. Ата анаңның үмітін ақтайтын азаматша бол. Анаңды бізде құрметтеймі. Отбасы бақытын тілеймін. Қаламың ұштала берсін.

Асия

Жарайсың!
Осындай балапаны бар Жанка да баққытты деп ойлаймын!

Айсулу

Керемет сөздер жүректі тебірентетін.Сендей баласы бар анада бақытты.Аналар мәңгі жасасын.Анаңды барында қадірлей білгін.Талантыңа нұр жаусын

Салекина Рауза Мукановна

Эссе оте керемет жазылган. «Алтыннын колда барда кадири жок» дегендей бар асылдарынды колдай , кадирлей билиндер, ботакан

Актоты

Қандай керемет.Ата-аналарымыз аман болсын.

Асима

Керемет!!! Өмірдегі ең қымбат, ең асыл жан - ол Ана! Анаңыз әрқашан аман болсын!

Әйгерім

Жарайсың, жаным!!! Керемет!!!!

Салекина Рауза Мукановна

Эссе керемет жазылган. Ата- ананды кадирлей бил, ботакан!

Гүлнұр

Өте керемет.Өркенің өсе берсін,арманыңа жете бер.Ата-анаң аман болсын

Айжан

Анан керемет тұлға. Сен бақытты баласын, осындай жанұяның болғанына.

Гульнура

Керемеееет! Арманына жет!

Жанат Булекова

Қызым, Кариногым. Жүрегіңнен айналдым. Папаң екеуміз сендерді қатты жақсы көреміз. Сенің үлкен азамат болуыңды тілейміз, бар күшімізді де саламыз. Қызғаншақ жүрегіңнен айналдым. Мамаңды осы сөздеріңмен жылаттың ғой періштем.

Раушан

Керемет. Өнерің өрлей берсін. Сенің анаңдай адам кемде-кем. Тіпті жоқтың қасы. Аналарымыз аман болсын!

Шолпан

Керемет! Өте əсерлі. Аналарымыз аман болсын.

Сағила

Аналар жазасын!өте керемет жазылған

Жанат

Өте жақсы жазылған анаң мактауга турарлык өте әсерлі армандарың орындалсын

Жанат

Өте жақсы жазылған және әсерлі
Жарайсың

Əлипа

Əсерлі жазылған. Ата-анаңның мақтанышы бол, талабыңа нұр жаусын

Бисембаева Зоя

Ойы ұшқыр,жүрегі жұмсақ ,жаны нәзік Аяулымның жазған жұмысы кез келген адамды ойға қалдыратындай әсерлі шыққан,тамаша,шынында сенің анаң көпшілікке қол үшін беруден шаршамайтын керемет жан ,аллаһ ұзақ ғұмыр беріп сендердің қызықтарыңды көрсін деп тілейді химик апайлар..

Актенге

Айналайын ана деп шыр шыр еткен журегиннен айналайын! Маманнын колканаты бол жаным

торгын

Тамаша эссе екен. Ана деген үлкен ұғым....анамыздың құрметтейік

Күміс Тобышова

Карина қызым, айналайын, сенің эссеңді оқып отырып қатты толқыдым, саған риза болдым. Анаң туралы сезіміңді, анаңа деген махаббатыңды, оған деген ризашылығың мен алғысыңды періште перзенттік жүрегіңмен қағаз бетіне түсіріпсің. Эсседен сенің анаң жер бетіндегі "АНА" деген барлық қасиетті ұғымды бойына жинаған жəне басқа аналарда бола бермейтін "ҮЛКЕН МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКТІ АНА" екенін білдім.
Карина, сен де анаңдай достарың, ата-анаң, мектебің мақтан етер қазағымның қызы боларыңа сенімдімін. Талабың таси берсін, жолың ашық, жұлдызың жоғарыда жарқырасын!!!

Айгуль

Тамаша! Анана деген махаббатын тогiлiп тур. Бакыттарын ортаймасын, ата-аналарын аман болсын! Саттiлiк!

Алтынгул

Аналарымыз аман болсын. Тамаша эссе.

Алтынгул

Аналарымыз аман болсын.Тамаша эссе. Қаламың ұштала берсін.

Гульмира

Қандай керемет эссе. Шын жүрекпен жазылған. Айналайын, кішкентай жүрегіңде тек қуанышты күндер болсын деп тілеймін. Жарайсың!

Жексенкуль

Ананың қадірін түсінген, сыйлай білген баланың жолы ашық болады. Алла жолыңды ашық етіп, армандарың орындалсын. Жарайсың !

Гульмира

Жарайсың!

Айбазар Даулетова

Өте əсерлі,жүрекке жылы,тартымды жазылған.Бақыттты отбасың жайлы,аман болсын.Армандар орындалады,биікке жетелей берсін.!

Алия

Жүрегі кең, жаны жайсаң АНАҢ аман болсын, балапан!

Зерлеш

Керемет жазылган ананда өзіңде бақытты болуға лайықсыздар

Жарайсын ! Керемет жазыпсын балакай ! Тек белестер

Жанна

Шынаргул

Керемет. Бакытка ие болалмаган периштени бакытты етип тарбилеп отырган сизге калай мактанбасын.

Шынаргул

Жарайсын! Ана бакытын сыйлап отырган анана мын алгыс!!!

Құралай

Жарайсың. Бақытты қыз бол көкем. Бауырларың папаң анашың аман болсын . Сенің анаң өте білімді ақылды қамқор жан. Осындайда анасы бар сен бақыттысың қызым

Акмарал

Не деген əсерлі əңгіме,анаңның жылуына бөленіп жүре бер!Анаң да отбасың да аман болсын!СƏТТІЛІК!!!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...