Өлең, жыр, ақындар

Петр патшаның тергелгені

Рига деген қаланы жаулап алғанның соңында, Петр патша Меньшиков деген князьға және Шереметьев деген графқа наград есебінде жаулап алған жерлерден жер беріпті-міс. Осындай берілген жердің біреуі Рига қаласының бір қарапайым адамына тиісті жер екен, барып патшаға арыз етті:

— He күнәм бар, жерімді біреу алғандай? — деп.

Патша арызын тыңдап болып, айтты:

— Арызың дұрыс болса, тиісті қазыларға (сотқа) арыз ет.

Ол кісі арыз берді:

— Меньшиков деген князь жерімді тартып алды, — деп.

Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді, ол жерді маған наградқа патша берді деп. Қазылар Петр патшаға да хабар беріп, патша өзі де келді. Патшадан да жауап сұрап болып, ақырында қазылар:

— Петр патшаның бұл ісі дұрыс емес, нахақ біреудің жерін наградқа беріпті, — деп, жерді иесіне қайтаруға бұйырысты. Патша билігін есітіп болған соң түрегеліп қазылардың бетінен сүйіпті:

— Әділдіктеріңе алда разы болсын, — деп және сол жерде айтты дейді:

— Законға мен мұнша көнгенімде, бөтендер көнбестік етуді ойынан шығарсын!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер