Өлең, жыр, ақындар

Ағаштағы ешкілер

Марокко — Солтүстік Африкада елдерінің бірі. Бұл ел ағаш бұтақтарына шығып қоректенетін ешкілерімен танымал. Әдетте шаруалар ағашқа зиян бермесін деп, ешкілердің бұтақтарға шығуына тосқауыл болады. Ал мұнда керісінше, шаруалар ешкілердің ағаш бұтақтарына шығып, тікенді ағаштың жемістерін жеуіне жағдай жасайды.

Өйткені бұл ешкілер қарындарын тойдырумен қатар косметология саласының жұмысшысындай іс атқарады. Сол аймақтың шөл далаларында «арган» деп аталатын ағаштар өседі. 200 жылға дейін өмір сүретін бұл ағашта, жаңғақ көлеміндей келетін қатты сүйегі (тәшегі) бар жеміс өседі.

Жемістің сүйегін сындыру оңай емес. Ешкілер бұтақтарға өрмелеп, жапырақтарын жегенде осы жемістерді де сүйегімен қоса жұтады екен. Асқазанда жұмсаратын бұл сүйектері ешкінің қалдықтарымен бірге сыртқа шығады.Ал шаруалар осы жұмсарып шыққан сүйектерді жинап, ішіндегі дәнін езіп әлемге әйгілі арган майын алады. Мароккодан көптеген елге импортталатын арган майы косметологияда және аспаздық өнімдерде қолданылады. Шамамен 7 ағаштың дәндерінен 1 литр май алынады.

Косметологияда қолданылатын май алу үшін дәндер суық езбеден өтеді, ал аспаздық салада қолданылатын май алу үшін езуден бұрын дәндер қуырылады. Құрамындағы токоферол, яғни Е дәруменінің көптігімен жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы әсерімен танымал. Косметология саласында тері ауруларына қарсы емде және шаш, тері күтіміне пайдалы деп білінеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз