Эссе және өлең-жыр байқауы

Қыс қамы

(Жұмаш айтқанынан)

Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік тұрғанда, бүрісіңкіреп тұрады. Даладан келгенде суықтан шіміркеніп келеді. От жағып, алақанын отқа қақтап: «Қылышын сүйретіп қыс келеді. Балалардың жылы киімі, етігі жоқ», — деп айта береді.

От ала келген қатындар да соны айтады.

«Етік болмаса, күпі мен шапан сиақты нәрселердің жарасы жеңіл ғой. Бір-екі рет қыздарды жиып жіберсе, бітіп қалады ғой», — деп жүрді.

Бір күні Дәметтің апасы мен Мақаштың апасын және жанымыздағы ауылдың бір қызын әкеліп, апам қабу қабытты. Бауырсақ пісірді, самаурын қойды. Қыздарға апам шай берді.

Бір аздан соң қыздар мені шақырып алып, Бәтіш жеңешеме апарып бер деп, бір сабақ жіп берді. Апарып беріп едім, бір айақ құрт-май салып берді. Әкеліп қыздармен бірге жедік.

Кешке таман қыздар күпіні бітіріп, үйлеріне қайтты. Апам бәріне алғыс айтып: «Айақ-қолдарыңа ауырмалдық бермесін», — деді.

Мақал. Бақ-бақ еткен текені қыс келгенде көрерміз.

Батырсынған жігітті іс келгенде көрерміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...