Эссе және өлең-жыр байқауы

Қысылып қалдым

Жадырап жаз келді. Саян екеуміз серуендеп көшеде жүрміз. Сылдырап арық ағып жатыр. Кенет сол арықпен төмен қарай қылтыңдап бір доп кетіп барады екен.

— Саянжан, ананы қара, әке бір доп қалқып барады. Бар, ала ғой, — дедім мен ойланбастан.

Саян доптың алдын орап жүгіріп барды да, тосып алды. Содан кейін маған қайтып келді де:

— Папа, біреудің добын алуға бола ма? — деп таңдана сұрады. Қателік жасап алғанымды сонда ғана білдім де:

— Әрине болмайды. Осы арадағы бір баланікі шығар. Ағып кетпесін, алып былай таста дегенім ғой, — деп қысыла жауап бердім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...