Эссе және өлең-жыр байқауы

Танымал әлемдік саясаткерлердің күліп тұрған сәттері

Жыл сайын қазан айының бірінші жұмасында Дүниежүзілік күлкі күні атап өтіледі. Бұл күн 1963 жылы америкалық суретші Харви Беллдің бір сақтандыру компаниясына жасаған логотипінен (күлімсіреген бейне немесе smiley) кейін мерекелер күнтізбесінде пайда болды.

Аталған символдың америкалықтарға ұнағаны соншалықты, лезде бүкіл АҚШ-қа таралып, одан әрмен бүкіл әлемге жеткен. Ең алғашқы Дүниежүзілік күлкі күні 1999 жылы Беллдің бастамасымен атап өтілді.

Төменде белгілі саясаткерлердің күліп тұрған ең жарқын сәттерін топшыламақпыз.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің Виндзор құлпындағы Ирландия президенті Майкл Хиггинс және оның жары Сабинамен кездесуінен кейінгі сәті (2014 ж., сәуір).

 

Франция президенті Эммануэль Макронның сайлауалды науқан кезінде Гренобль маңындағы Монбонно-Сен-Мартен қаласына барған кезі (2017ж.,сәуір).

 

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркелдің Ганновер жәрмеңкесінде ресейлік стендке келген сәтінде (2013ж., сәуір).

 

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын шаруақожалықтардың біріне сапары кезінде (2016ж., қыркүйек).

 

АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейганның әйелі Нэнсидің Вашингтондағы ұлықтау концертінде оны таныстыруды ұмытып кеткеніне күліп тұрған сәт (1985ж., қаңтар).

 

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Айова штатындағы сайлау алдындағы үгіт-насихат шараларының бірінде (2016 ж., қаңтар).

 

Хиллари Клинтон күйеуі Биллмен бірге сайлау кезіндегі дауыс беру қарсаңындағы ұшақ ішіндегі сәті (2016ж., 7 қараша).

 

Ханзада Чарльз Англия Банкінің басқарушысымен кездесуде (2016 ж., желтоқсан).

 

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Токиода өткен форумда (2017 ж., сәуір).

 

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Францияның экс-президенті Николя Саркози Кан қаласындағы G20 саммиті алдында (2011 ж. қараша).

 

Кембридждік герцогиня Кэтрин және ханзада Уильямның Бутанға барған сәтінде (2016ж., сәуір).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...