Өлең, жыр, ақындар

Тіс күтімі

Тістерімізді күніне үш рет тазалап тұруымыз керек. Тіс пасталарының тіс күтімі тұрғысында әсері көп болмайтынындай, тіс міндетті түрде сүттей аппақ болуы керек деген де қағида жоқ. 

Тіс щеткаларын таңдағанда орташа қаттылықты, оқшау қуыстарына жететін және міндетті түрде пластикалық щеткаларды қолданған жөн. Өйткені қылдан жасалған щеткалар доңыз немесе ат қылдарынан жасалады. Қылдар көп мөлшерде су сіңіреді. Әрбір қыл талшығында болатын саңылаулар бактериялардың көбеюіне өте қолайлы болып табылады. 

Бір тіс щеткасын бір адам қолдануы керек және 3-4 айда ауыстырып тұру керек. Тіс тазалағанда тіс пастасымен тазалау мәжбүрлігі жоқ. Аз мөлшерде тұзбен немесе содамен де тазалауға болады. Пастамен қолданғанда ноқат мөлшеріндей ғана жеткілікті. Щеткамен тазалағанда тіс еттеріне де массаж жасалуы керек. Алғашқыда тіс еттері қанайды, бірақ жүйелі түрде тазалау арқылы тіс еттері беріктенеді. Щеткамен тазалау еттен тіске қарай бағытталуы керек. Аузында тіс тастары болғандар көп кешіктірмей тіс дәрігеріне көрініп тазалатуы керек.

Ауыз және тіс күтімінде мисуак қолданудың да маңызы өте зор. Хош иістілігі және алып жүру қолайлығы жағынан да тиімді. Мисуакты тұрақты қолданғандарда тіс шірігінің тоқтағаны, тіс еттерінің мықты болғандығы, ауыз иістерінің қалмағандығы байқалады. Мисуак - Арабстанда өсетін Эрак ағашының бұтағы. Тіс жіптерін де щетканың жете алмаған тұстарында қолдануға болады.

Оқуға кеңес береміз:

Ауыз қуысының тазалығы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз