Өлең, жыр, ақындар

Әлемдегі табиғаты ең сұлу 9 ел

Барып қайтатын ең жақсы жерді табудан күдеріңізді үзе бастасаңыз, біздің жақсы жаңалығымыз бар: қиын жұмыстың бәрін сіз үшін істеп қойыпты. Шартараптың саяхатшылары осы жылғы ең тамаша елдерді таңдап шықты. Бұл тізімге жағажайда демалғанды, жаяу аралағанды қалайтындардың, тіпті үлкен қаланың бұрқ-сарқ қайнаған өмірін көруге асыққандардың да сүйікті жерлері енді.

Біз осы туристік бағыттардың онын даралап, ол жерлермен өмірде бір рет болса да жүріп өту қажеттігінің талас тудырмас дәлелдерін келтіріп отырмыз. Енді бізге бұл тізімде неге Шотландия бірінші орында тұрғаны түсінікті, Шотландия көркем табиғат көріністері бар фильмдерді түсіруге таптырмайтын ел.   

Перу (16-орын)

© depositphotos.com

Бұл ел өзінің инктерден қалған қалалардың қирандыларымен, Амазонка аймағының орман-тоғайлары, Титикака көлі, Анд тауымен т.б жерлерімен өзіне баурайды.

© depositphotos.com

Мачу-Пикчудың қасиетті қирандыларын барып көрген кезде нені қаперде ұстаған жөн: бұл жерге баратындардың көптігі сондай, үкімет онда кіруге жаңа шектеу қойды. Енді ол көрікті жерлерді аралаудың қатаң тәртібі бар, ал кіру билеттері сатылған соң 4 сағат ішінде ғана жарамды. 

Финляндия (14-орын)

© depositphotos.com

Финляндияны Мың көлді ел деп жиі атайды, нақтырақ айтсақ, онда 180 000 астам көл бар екен. Бұнда тұмса табиғатты жақсы көретіндер адамды әдемілігімен баурап алатын аралдарды, елдің ¾ аумағын алып жатқан маңғаз ормандарды аралап көруден ләззат алады.  

Бюджеті шектеулі саяхатшыларға арналған бонус: Финляндияға бару басқа да Солтүстік Еуропа елдеріне қарағанда едәуір арзанға түседі.   

Үндістан (13-орын)

© depositphotos.com

Бұл ел өзінің ас-тағамдарымен, керемет жағажайларымен және мәдениетінің сан алуандығымен еліктіреді.  

Үндістанда саяхаттаушының әлемдегі ең көне тұрақты мекен болып келе жатқан қалалардың бірі Варанасиді көретін мүмкіндігі бар, осының өзі-ақ есте қаларлық оқиға болады. Ол қаладағы ғибадатханалардың саны да естен тандырады: бұнда олардың саны 23 000 асып жығылады.

Мексика (12-орын)

© depositphotos.com

Мексика бүкіл дүние жүзінен өзіне туристтерді магнитше тартып тұратын ғаламат жағажайларымен және фантастикалық ежелгі құрылыстарымен мақтана алады. Сол құрылыстардың бірі, майа өркениетінен қалған 1 500 жылдық Чичен-Ица қаласы әлемнің жаңа 7 ғажайыбы тізіміне енген.

© depositphotos.com

Чичен-Ица өзінің айрық дыбыстық эффектілерімен танымал. Жұрттың айтуынша, Кукулькан пирамидасы алдында қол шапалақтасаң (суретте), майа мәдениетінде қасиетті болып саналатын құс кетцальдың шықылықтағанына ұқсас дыбыстың жаңғырығы шығады.   

АҚШ (9-орын)

© depositphotos.com

АҚШ Нью-Йорктың атақ-даңқымен ғана шектеліп тұрған жоқ; бұл ел көп-көрім жағажайларға, ландшафттары сан қилы ұлттық қорықтарға өте бай.   

© depositphotos.com

Ол елдің 4 ұлттық қорығы солтүстігінде орналасқан. Сонымен қатар олардың бірі, Гейтс-оф-Арктик ұлттық қорығы континенттегі ең шалғай жерлердің бірінде тұр. Ол жерде салынған жолдар немесе сүрлеулер мүлдем жоқ.    

Исландия (8-орын)

© depositphotos.com

Жергілікті табиғат көріністері ашықхаттардан көшіріп алынған сияқты болып тұрады. Бірегей дәстүрлері мен харизмасы үстем астанасы Рейкъявик кез келген саяхатшыны тәнті қылатыны анық.   

Бұл жердегі теріскей шұғыласының әдемілігін ұмыту мүмкін емес: Исландияның полярлық шеңберге жақын орналасқаны ол елді осы құбылысты тамашалауға ең жақсы жерлердің бірі етеді. Теріскей шұғыласын қыркүйектің орта тұсынан бастап сәуірдің бас кезіне дейін көріп тамашалаған дұрыс.  

Оңтүстік Африка (5-орын)

© depositphotos.com

Саяхатшылар Оңтүстік Африка еліне әйгілі Төрткіл таудың көз тартар жерлерін көруге, жергілікті бірегей шараптан дәм татуға, керемет жағажайларында жатып, сафариге шығу үшін барады.

© depositphotos.com

Крюгер ұлттық қорығы кез келген қызықты оқиғаларға әуес адамның көңілінен шығады. Континенттегі ең үлкен қорықтардың бірі болатын табиғат аясы 19 500 км2 жерді алып жатыр. Бұл жер мыңдаған пілдің, африкалық буйволдың және қабыланның мекені болып табылады.   

Оңтүстік Зеландия (3-орын)

© depositphotos.com

Ұзақ уақытын ұшақта өткізуге тәуекел еткендер жергілікті флора мен фаунаның неше түріне қарық болады.

© depositphotos.com

Бұл бас айналдырар белестердің, жайлы жағажайлардың, әлемге әйгілі фьордтардың отаны: олардың ең үлкені ұзындығы 27 км және ауданы 101 мың шаршы км болатын Тасман мұзартты. Осында, ңөңдерге (айсберг) өте жақын тұста, қайықпен жүзіп жүру көңілде өшпес әсер қалдырады.   

Канада (2-орын)

© depositphotos.com

Самаладай жарқыраған қалалар мен таңдандырмай қоймайтын ұлттық қорықтар Канаданың ең әйгілі көрікті жерлері болып табылады. Елдің ең ірі Вуд-Баффало ұлттық қорығының аумағы Швейцариядан үлкен және 45 000 шаршы км-ге жуық жерді алып жатыр.   

© depositphotos.com

Канададағы таулар ондаған қысқы ойын-сауық түрлеріне арналған қызғылықты жерлерді жасырып тұр және шаңғышылар мен сноубордшылар үшін ең тартымды жерлердің біріне айналған.   

Шотландия (1-орын)

© https://www.shutterstock.com

Саяхатшылар Шотландияға ғажап қамалдарды, шеті-шегі жоқ жабайы жағажайларды және тылсымға толы көлдерді көруге барады. Бұл жерде велесипедпен жүру және жаяу туризм қажетті шаралар екені таң қалдырмайды. Грейт-глен-уэй және Оңтүстік Хайленд-уэй сияқты жаяу жүретін ұзақ жолдар тәжірибелі туристтер үшін әлемдегі ең үздік бағыттардың бірі болып табылады.   

© depositphotos.com

Дүние жүзіне мәшһүр режиссерлер үшін Шотландияның табиғи сұлулығының орны бөлек:  «007: "Скайфол" координаттары»,  «Қайсар жүрек», «Прометей» және басқа ондаған ерекше ықыласқа бөленген фильмдер дәл осы елде түсірілген.  

Осы жерлердің қайсысына жолыңыз түскен еді? Көпті көрген саяхатшылардың таңдауымен келісесіз бе, пікіріңізді білдіріңіз. Әлде өз елімізде де осыған ұқсас жерлер бар ма?

Қарап көріңіз:

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Қазақстанның көз жауын алар мекендері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз