Өлең-жыр байқауы




Кабира

араб тілінен алынған кабир — ұлы, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.


Есімге сілтеме: Кабира

Карина

жаңа есім — Карск теңізі атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Карина

Кәмалия

араб тілінен алынған камал — толықтық, жетіктік.


Есімге сілтеме: Кәмалия

Кәрима

араб тілінен алынған карим — жомарт, мырза, ақкөңіл, кеңпейіл, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Кәрима

Келбет

көрік, ажар, әр, тұлға.


Есімге сілтеме: Келбет

Кенже

ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.


Есімге сілтеме: Кенже

Кеңесгүл

жаңа есім — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.


Есімге сілтеме: Кеңесгүл

Керімбала

керемет сұлу қыз бала.


Есімге сілтеме: Керімбала

Клара

латын тілінен — жарқын, айқын, нұрлы.


Есімге сілтеме: Клара

Күбара

араб тілінен алынған кубра - үлкендер, ұлылар.


Есімге сілтеме: Күбара

Күлай

гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күлай

Күлайхан

гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі - Күлән.


Есімге сілтеме: Күлайхан

Күлайша

тәжік тілінен алынған гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Күлайша

Күләнда

тәжік тілінен алынған гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.


Есімге сілтеме: Күләнда

Күләсия

иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.


Есімге сілтеме: Күләсия

Күлбағила

иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.


Есімге сілтеме: Күлбағила

Күлбағира

иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.


Есімге сілтеме: Күлбағира

Күлбала

кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Күлбала

Күлира

иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.


Есімге сілтеме: Күлира

Күмісай

қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күмісай

Күнай

күн мен айдай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күнай

Күнжамал

күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.


Есімге сілтеме: Күнжамал

Күнсұлу

күндей сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Күнсұлу

Кабир

араб тілінен - ұлы, күшті, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.


Есімге сілтеме: Кабир

Камал

араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас. Түрлері — Кемел, Камал, Камил.


Есімге сілтеме: Камал

Кәдір

араб тілінен алынған кадр - күшті, құдіретті; қабілетті; кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.


Есімге сілтеме: Кәдір

Кәдірбай

араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Кәдірбай

Кәдірбек

араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.


Есімге сілтеме: Кәдірбек

Кәдіржан

кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.


Есімге сілтеме: Кәдіржан

Кәкімбек

араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.


Есімге сілтеме: Кәкімбек

Кәкімжан

араб тілінен алынған хәкім - дана, данышпан, ақылды, есті; философ + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.


Есімге сілтеме: Кәкімжан

Кәміл

араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.


Есімге сілтеме: Кәміл

Кәрім

араб тілінен алынған карим — қолы ашық мырза, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді. Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.


Есімге сілтеме: Кәрім

Кәріпжан

араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.


Есімге сілтеме: Кәріпжан

Кекіл

баланың мандайға дейін қойған шашы.


Есімге сілтеме: Кекіл

Келіс

келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.


Есімге сілтеме: Келіс

Кемелбек

араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.


Есімге сілтеме: Кемелбек

Кемеңгер

араб тілінен — дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Кемеңгер

Кенбай

кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Кенбай

Кенен

қазақ тілінен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.


Есімге сілтеме: Кенен

Кенеш

көне түркі тілінен - кенш — бала.


Есімге сілтеме: Кенеш

Кеңес

мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.


Есімге сілтеме: Кеңес

Кеңшлік

жаңа есім - бостандық, еркіндік.


Есімге сілтеме: Кеңшлік

Керім

араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі - Дәулеткерім.


Есімге сілтеме: Керім

Киікбай

қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.


Есімге сілтеме: Киікбай

Көбеген

көне түркі тілінен келген — жас бала.


Есімге сілтеме: Көбеген

Көбей

көп бол, өніп-өс деген мағынада.


Есімге сілтеме: Көбей

Көбейсін

өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.


Есімге сілтеме: Көбейсін

Көдек

иран тілінен алынған кудак — бала, сәби; бозбала, жігіт.


Есімге сілтеме: Көдек

Көкбай

көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.


Есімге сілтеме: Көкбай

Көпбай

бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Көпбай

Көпжан

көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.


Есімге сілтеме: Көпжан

Көпжасар

бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Көпжасар

Көркемжан

бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Көркемжан

Көрік

әдемі, сұлу келбет, әдемілік.


Есімге сілтеме: Көрік

Көшімбай

(қараңыз. Үдербай).


Есімге сілтеме: Көшімбай

Күміс

қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.


Есімге сілтеме: Күміс

Күнту

халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Күнту

Кәусәр

араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Кәусәр