Өлең, жыр, ақындар




Сәмен

иран тілінен — байлық, молшылық; күш, қуат, тәртіп, тыныштық.


Есімге сілтеме: Сәмен

Сәмет

араб тілінен — мәңгілік, өмірлік, берік; бас ие, қожайын.


Есімге сілтеме: Сәмет

Сәми

араб тілінен — жоғары, биік, көтеріңкі, зор, асқар.


Есімге сілтеме: Сәми

Сәрсенбі

иран тілінен алынған шәһар — төрт + шәмбе — күн, төртінші күн, яғни бейсенбі, бейсенбі күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәрсенбай, Сәрсенбек, Сәрсенәлі, Сәрсенғали, Сәрсенқан. Еркелетіп, ықшамдала қысқартылған түрлері - Сәрсек, Сәрсен, Сәрсекей, Сәркеш.


Есімге сілтеме: Сәрсенбі

Сәт

араб тілінен - сад — бақыт, құт, ырыс.


Есімге сілтеме: Сәт

Сәтбай

араб тілінен — құтты бала (бай).


Есімге сілтеме: Сәтбай

Сәтжан

араб тілінен алынған сәт, иран тілінен алынған жан — бақытты, ырысты адам.


Есімге сілтеме: Сәтжан

Сәтім

араб және қазақ сөздері қосылған — менің бақытым, құтым, ырысым.


Есімге сілтеме: Сәтім

Сәуір

араб тілінен алынған — жыл мерзіміндегі екінші ай аты, сол айда туған бала. Біріккен тұлғалы есімдер — Сәуірбек, Сәуірқұл.


Есімге сілтеме: Сәуір

Сезім

жаңа есім, достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сезім

Сейдахмет

араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + Ахмет, яғни әмір, бастық Ахмет.


Есімге сілтеме: Сейдахмет

Сейдәлі

араб тілінен алынған сейид — мырза, бастық, әмір + ғали — жөғары, биік. Демек, жоғары, үлкен бастық, әмір. Синонимдері — Сейдәлі, Сейітқали.


Есімге сілтеме: Сейдәлі

Сейдуәли

араб тілінен алынған — мырзаның, бастықтың орынбасары, орындаушысы.


Есімге сілтеме: Сейдуәли

Сейділда, сейдолла

араб тілінен алынған - мырза, орындаушы. Қысқартып айту түрлері — Сейдін, Сейділ, Сейдім.


Есімге сілтеме: Сейділда, сейдолла

Сейсенбай

иран тілінен алынған се - үш, сенбі (шамбе) — күн + бай, яғни айдын үшінші күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сейсенбек, Сейсенби, Сейсенғали, Сейсенхан.


Есімге сілтеме: Сейсенбай

Сейіл

араб тілінен алынған - көктем мерекесі; халық серуені.


Есімге сілтеме: Сейіл

Сейітмет, сейітмәмет

араб тілінен алынған — мақтаулы, мақтауға лайық адам.


Есімге сілтеме: Сейітмет, сейітмәмет

Сейіт

араб тілінен алынған сейидь — мырза, бастық, әкім; құрметті. Құрделі тұлғалы есімдер — Сейітәлі, Сейітбаттал, Сейітбек, Сейітжан, Сейітмұрат, Сейітқожа, Сейіткерей, Сейітмұкамбет.


Есімге сілтеме: Сейіт

Сейфолла

араб тілінен алынған саифи — қылыштан өткір, кесіп түскіш + олла, алла - яғни қылыштай өткір перзент.


Есімге сілтеме: Сейфолла

Сексенбай

мұндай есім көбіне бала әкесі 80 жасқа келгенде туған балаға қойылады.


Есімге сілтеме: Сексенбай

Сембай

иран тілінен алынған шамбе + бай, яғни сембі күні туған бала.


Есімге сілтеме: Сембай

Сембі

иран тілінен алынған шамбе — алтыншы күн, сөл күні туған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сембі

Сенім

үміт, сенім.


Есімге сілтеме: Сенім

Сеңгірбай

көне түркі тілінен келген сеңгір - таудың биік төбесі + бай, бала таудай биік болсын деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сеңгірбай

Серәлі

иран тілінен алынған сер, шер + әлі, ғали, яғни арыстан сияқты батыл. Еркелетіп айту түрі — Сертай.


Есімге сілтеме: Серәлі

Серғазы

араб тілінен алынған - сер - басшы, бастық + араб тілінен алынған ғази — жауынгер; жауынгер, әскер, басшы.


Есімге сілтеме: Серғазы

Серғали

иран тілінен алынған сер + араб тілінен алынған ғали; Басшы Ғали.


Есімге сілтеме: Серғали

Серке

қой бастайтын серке; ауыспалы мағынасы басшы, жетекші, көсем. Біріккен тұлғалы есім — Серкебай.


Есімге сілтеме: Серке

Серкебай

(қараңыз: Байсерке).


Есімге сілтеме: Серкебай

Серік

араб тілінен алынған шәрік — жолдас, серіктес. Біріккен тұлғалы есімдер — Серікбай, Серікбек, Серікқали, Серіктұр.


Есімге сілтеме: Серік

Серікбол

көптің серігі, досы бол деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Серікбол

Сираж

араб тілінен алынған - шырақ; жарық.


Есімге сілтеме: Сираж

Солтыбай

араб тілінен алынған солдо — күш, өкім, билік; күшті, мықты; + бай. Демек, күшті, мықты адам.


Есімге сілтеме: Солтыбай

Сомбел

белі мықты, күшті, балуан тұлғалы бөлсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сомбел

Сұлтан

араб тілінен — өкімет, билеуші, әкім. Біріккен тұлғалы есімдер — Сұлтанбай, Сұлтанбек, Сұлтанғали.


Есімге сілтеме: Сұлтан

Сұлтангелді

дүниеге, өмірге билеуші әкім бала келді деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Сұлтангелді

Сұлтанмұрат

бала сұлтан боп тілегіне, мұратына жетсін деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Сұлтанмұрат

Сұңқар

бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сұңқар

Сүгір

көне түркі тілінен келген сукур — хабар.


Есімге сілтеме: Сүгір

Сүгірбай

көне түркі тілінен - бала білгір ғылымнан, өнерден хабары, білімі мол болсын деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Сүгірбек.


Есімге сілтеме: Сүгірбай

Сүйеу

ата-ана, туысқа тірек, таяныш болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сүйеу

Сүйін

ырза болу, сүйіну, көңіл толу.


Есімге сілтеме: Сүйін

Сүйінбай

көптің көңілі толсын, істеген ісіне разы болып сүйсінсін деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Сүйінбай

Сүлеймен

көне еврей тілінде Шэломох — соломон — бейбіт, тыныш, қорғалған. Қысқартылып айтылу түрлері — Сүлей, Сүлейке.


Есімге сілтеме: Сүлеймен

Сүмбебай

иран тілінен алынған сунба - мылтықтың сүмбесі. Бала сүмбедей тіптік, түзу, мүсінді, әдемі болып өссін деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Сүмбебай

Сүндет

араб тілінен алынған суннэт — рәсім, әдет, дәстүр.


Есімге сілтеме: Сүндет

Сүттібай

сүтке, жалпы аққа бай болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Сүттібай

Сыбанқұл

бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.


Есімге сілтеме: Сыбанқұл

Сыдық

араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.


Есімге сілтеме: Сыдық

Сылан

көне түркі тілінен силан — тік, биік, сымбатты.


Есімге сілтеме: Сылан

Сымақ

иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.


Есімге сілтеме: Сымақ

Сындыбай

сымбатты, әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сындыбай

Сырбай

араб тілінен алынған сиер — өмірбаян, табиғи жаратылыс, өмірдегі жағымды ісәрекет.


Есімге сілтеме: Сырбай

Сырғабай

араб тілінен алынған сыр + ға қосымша + бай; яғни бала өнер-білім, ғылым құпиясын жете білсін, соны меңгерсін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сырғабай

Сырғабек

сырға берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сырғабек

Сырым

көне түркі тілінен - шыдам, шыдамды, төзімді.


Есімге сілтеме: Сырым

Сырмұхамбет

көне түркі тілінен сыр - шыдам, төзім, ұстамды + араб тілінен алынған Мухаммет, яғни төзімді, шыдамды, ұстамды Мұхамбет. Дыбыстың өзгеру түрі — Сырымбет.


Есімге сілтеме: Сырмұхамбет

Сабатай

қазақ сөзі саба — қымыз ашыту, сақтау үшін жылқы терісінен істелген кен ыдыс; ауыспалы


Есімге сілтеме: Сабатай