Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!




Абира

Тәжік тілінен алынған. Абера — шөбере, шөбере қыз.


Есімге сілтеме: Абира

Ағила

Араб және парсы тілдерінен алынған. Агиля — ақылды, парасатты.


Есімге сілтеме: Ағила

Ағлия

Грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.


Есімге сілтеме: Ағлия

Адлия

Тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық.


Есімге сілтеме: Адлия

Ажар

Көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.


Есімге сілтеме: Ажар

Ажаргүл

Гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.


Есімге сілтеме: Ажаргүл

Ажархан

Көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.


Есімге сілтеме: Ажархан

Аза

Тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Аза

Аида

Араб тілінен — пайда, сый.


Есімге сілтеме: Аида

Айбала

Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айбала

Айбарша

Қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.


Есімге сілтеме: Айбарша

Айбике

Екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.


Есімге сілтеме: Айбике

Айғанша

Қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.


Есімге сілтеме: Айғанша

Айғыз

Айдай сұлу, көркем қыз бала.


Есімге сілтеме: Айғыз

Айдай

Айдай сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Айдай

Айдана

Қазақтың сөзі ай және тәжік тілінен алынған дана, білгір, данышпан, ғалым.


Есімге сілтеме: Айдана

Айдария

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған дәриа, теңіз, үлкен өзен.


Есімге сілтеме: Айдария

Айжан

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Айжан

Айзада

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.


Есімге сілтеме: Айзада

Айзере

Қазақ тілінен алынған ай және зере парсы тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.


Есімге сілтеме: Айзере

Айзиба

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.


Есімге сілтеме: Айзиба

Айзия

Қазақтың сөзі ай және зия - араб тілінен алынған, зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.


Есімге сілтеме: Айзия

Айкүміс

Қазақтың сөзі ай және күміс - сұлу, әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Айкүміс

Айман

Қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.


Есімге сілтеме: Айман

Айна

Араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.


Есімге сілтеме: Айна

Айнагүл

Тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.


Есімге сілтеме: Айнагүл

Айнаша

Айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Айнаша

Айнұр

Қазақ тілінен алынған ай және араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.


Есімге сілтеме: Айнұр

Айпара

Қазақ тілінен алынған ай және парсы тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.


Есімге сілтеме: Айпара

Айсәуле

Екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылады.


Есімге сілтеме: Айсәуле

Айсұлу

Екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.


Есімге сілтеме: Айсұлу

Айтолды

Бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айтолды

Айша

Араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.


Есімге сілтеме: Айша

Айшайым

Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.


Есімге сілтеме: Айшайым

Айшолпан

Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айшолпан

Айым

Менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айым

Айымгүл

Менің ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымгүл

Айымжан

Айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымжан

Айымша

Ай сияқты жарық, ашық деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымша

Ақайша

Аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақайша

Ақбала

Сұлу, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақбала

Ақару

Жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.


Есімге сілтеме: Ақару

Ақбәтес

Ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Ақбәтес

Ақбота

Бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақбота

Ақжібек

Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Ақжібек

Ақзия

Қазақ сөзі ақ және араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.


Есімге сілтеме: Ақзия

Аққал

Қазақ тілінен алынған ақ және тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.


Есімге сілтеме: Аққал

Аққыз

Аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.


Есімге сілтеме: Аққыз

Ақмарал

Бұл есім сұлу аңды қасиет тұтумен байланысты қойылған.


Есімге сілтеме: Ақмарал

Ақнәзік

Нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақнәзік

Ақтамақ

Бейнелеу түрінде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақтамақ

Ақтоқты

Төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.


Есімге сілтеме: Ақтоқты

Ақлима

Араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.


Есімге сілтеме: Ақлима

Алқа

Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.


Есімге сілтеме: Алқа

Алма

Қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.


Есімге сілтеме: Алма

Алтын

Көбіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.


Есімге сілтеме: Алтын

Аман

Сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.


Есімге сілтеме: Аман

Анар

Парсы тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер — Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.


Есімге сілтеме: Анар

Аниса

Араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.


Есімге сілтеме: Аниса

Арайша

Арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Арайша

Ардақ

Құрмет, қадір.


Есімге сілтеме: Ардақ

Арна

Бір адамға бағыштау, арнайы қою.


Есімге сілтеме: Арна

Ару

Сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Ару

Аршат

Араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.


Есімге сілтеме: Аршат

Асия

Парсы тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).


Есімге сілтеме: Асия

Асли

Араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия.


Есімге сілтеме: Асли

Аспазия

Грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Аспазия

Асыл

Араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.


Есімге сілтеме: Асыл

Асылжан

Асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.


Есімге сілтеме: Асылжан

Асылша

Асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.


Есімге сілтеме: Асылша

Асылтас

Қымбат бағалы тас.


Есімге сілтеме: Асылтас

Аянат

Араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.


Есімге сілтеме: Аянат

Абай

қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.


Есімге сілтеме: Абай

Аббас

араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.


Есімге сілтеме: Аббас

Абзал

араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.


Есімге сілтеме: Абзал

Абыз

араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.


Есімге сілтеме: Абыз

Абылай

араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.


Есімге сілтеме: Абылай

Абылғазы

араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.


Есімге сілтеме: Абылғазы

Ағабек

көне түркі тілінен алынған аға + бек. жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.


Есімге сілтеме: Ағабек

Ағзам

араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.


Есімге сілтеме: Ағзам

Ағын

қазақ есімі - ағыны қатты, лек, екпін.


Есімге сілтеме: Ағын

Адай

көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.


Есімге сілтеме: Адай

Адам

көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.


Есімге сілтеме: Адам

Адырбай

қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.


Есімге сілтеме: Адырбай

Ажарбек

қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.


Есімге сілтеме: Ажарбек

Азамат

араб тілінен алынған - ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам.


Есімге сілтеме: Азамат

Азат

иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.


Есімге сілтеме: Азат

Айәділ

қазақ тілінен - ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.


Есімге сілтеме: Айәділ

Айбас

қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.


Есімге сілтеме: Айбас

Айбат

қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.


Есімге сілтеме: Айбат

Айбек

қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айбек

Айбол

қазақ есімі - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Айбол

Айболат

қазақ есімі - ай + болат - болады — менің айым болады.


Есімге сілтеме: Айболат

Айбын

қазақ есімі. мағынасы айбар, айбат, батылдық.


Есімге сілтеме: Айбын

Айғали

қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.


Есімге сілтеме: Айғали

Айдан

қазақ тілінен алынған ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айдан

Айдар

қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.


Есімге сілтеме: Айдар

Айдархан

қазақ сөзі - айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Айдархан

Айдос

қазақ есімі - Айдың досы.


Есімге сілтеме: Айдос

Айдын

қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.


Есімге сілтеме: Айдын