Өлеңдер бөлімі




Гауһар

Парсы тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.


Есімге сілтеме: Гауһар

Гаяна

Грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.


Есімге сілтеме: Гаяна

Гүлажар

Көркі гүлдей жайнаған қыз.


Есімге сілтеме: Гүлажар

Гүлай

Қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.


Есімге сілтеме: Гүлай

Гүлайым

иран тілінен — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.


Есімге сілтеме: Гүлайым

Гүлбанат

тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлбанат

Гүлбану

тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.


Есімге сілтеме: Гүлбану

Гүлбараш

иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.


Есімге сілтеме: Гүлбараш

Гүлбахрам

араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.


Есімге сілтеме: Гүлбахрам

Гүлболсын

тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Гүлболсын

Гүлғайша

тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.


Есімге сілтеме: Гүлғайша

Гүлдана

тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.


Есімге сілтеме: Гүлдана

Гүлжамал

араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.


Есімге сілтеме: Гүлжамал

Гүлжәмила

иран және араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.


Есімге сілтеме: Гүлжәмила

Гүлжеңіс

жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.


Есімге сілтеме: Гүлжеңіс

Гүлзарифа

иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлзарифа

Гүлзипа

зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.


Есімге сілтеме: Гүлзипа

Гүлмария

иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.


Есімге сілтеме: Гүлмария

Гүлмира

иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.


Есімге сілтеме: Гүлмира

Гүлназ

иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.


Есімге сілтеме: Гүлназ

Гүлнар

иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.


Есімге сілтеме: Гүлнар

Гүлнафиса

иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.


Есімге сілтеме: Гүлнафиса

Гүлниса

араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлниса

Гүлнүр

иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.


Есімге сілтеме: Гүлнүр

Гүлсанат

иран және араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Гүлсанат

Гүлсара

иран және араб тілдерінен - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.


Есімге сілтеме: Гүлсара

Гүлсипат

иран және араб тілдерінен - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Гүлсипат

Гүлшар

иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.


Есімге сілтеме: Гүлшар

Гүлшара

иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.


Есімге сілтеме: Гүлшара

Гүлшаруан

гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.


Есімге сілтеме: Гүлшаруан

Гүлшат

иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.


Есімге сілтеме: Гүлшат

Гүлшаш

(қараңыз: Сұлушаш).


Есімге сілтеме: Гүлшаш

Гайни, гайния

араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.


Есімге сілтеме: Гайни, гайния

Гарифолла

араб тілінен — жәрдем беруші, демеуші.


Есімге сілтеме: Гарифолла

Гафар

араб тілінен кешірімді, мархабатты.


Есімге сілтеме: Гафар

Гафу

араб тілінен — кешіру, кешірім.


Есімге сілтеме: Гафу