Эссе және өлең-жыр байқауы




Дайана

латын тілінен алынған Диана — пәктік пен ай құдайының аты.


Есімге сілтеме: Дайана

Дамира

жаңа есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».


Есімге сілтеме: Дамира

Дана

иран тілінен — білгір, данышпан.


Есімге сілтеме: Дана

Данагүл

иран тілінен — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Данагүл

Дара

қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дара

Дариға

иран тілінен — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз, керемет, тамаша деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дариға

Дария

иран тілінен — теңіз, ұлы өзен.


Есімге сілтеме: Дария

Дәлила

араб тілінен — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.


Есімге сілтеме: Дәлила

Дәмелі

үмітті, үміткер.


Есімге сілтеме: Дәмелі

Дәмина

араб тілінен — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі - Дамина.


Есімге сілтеме: Дәмина

Дәнеш

иран тілінен — білім, ғылым.


Есімге сілтеме: Дәнеш

Дидара

иран тілінен — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дидара

Данеш

иран тілінен — знание, наука.


Есімге сілтеме: Данеш

Дила

грузин тілінен — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дила

Дильназ

парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.


Есімге сілтеме: Дильназ

Динара

араб тілінен - алтын тиын, ақша.


Есімге сілтеме: Динара

Дүния

араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік.


Есімге сілтеме: Дүния

Дүрия

иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.


Есімге сілтеме: Дүрия

Ділара

иран тілінен - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.


Есімге сілтеме: Ділара

Ділбара

иран тілінен - сүйікті, өте сұлу.


Есімге сілтеме: Ділбара

Ділдә

араб тілінен — алтын ақша; таза алтын.


Есімге сілтеме: Ділдә

Дабыл

ұран, даңқ


Есімге сілтеме: Дабыл

Дабыс

атақ, даңқ, дауыс, үн.


Есімге сілтеме: Дабыс

Дадабай

иран тілінен алынған дадо – ата, әке + қазақ тілінен алынған бай. Еркелете қысқартып айтылатын тұлғалары — Дадай, Дадеш.


Есімге сілтеме: Дадабай

Дайрабай

дайра қазіргі тіліміздегі дария сөзінің диалектілік формасы. Синонимі — Тенізбай.


Есімге сілтеме: Дайрабай

Дайын

әрқашан әзір. Біріккен тұлғалы есім — Дайынбай.


Есімге сілтеме: Дайын

Дайыр

араб тілінен алынған бұл есімнің маңызы екі түрі: төңірек; қайталанатын. Біріккен тұлғалы есімдер — Дайырбек, Дайырман.


Есімге сілтеме: Дайыр

Далер

тәжік тілінен алынған — батыл, ержүрек.


Есімге сілтеме: Далер

Дамыл

тыныштық, бейбітшілік.


Есімге сілтеме: Дамыл

Данай

иран тілінен алынған данаш — білім, ілімгерлік; даналык. Біріккен тұлғалы есім — Данайбек.


Есімге сілтеме: Данай

Даналық

иран тілінен — білімділік, данышпандық.


Есімге сілтеме: Даналық

Даниял

араб тілінен — тәңір сыйы.


Есімге сілтеме: Даниял

Данияр

иран тілінен — жақын, таныс.


Есімге сілтеме: Данияр

Данышпан

араб тілінен — ойшыл, дана.


Есімге сілтеме: Данышпан

Дандай

ұлы, зор.


Есімге сілтеме: Дандай

Дарас

жеке, айрықша


Есімге сілтеме: Дарас

Дархан

көне түркі тілінен тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Дарханбай, Дәркенбай.


Есімге сілтеме: Дархан

Дарын

қазақ тілінен — талант, кабілет.


Есімге сілтеме: Дарын

Дастан

иран тілінен алынған батырлық хисса, поэма, ертегі аңыз. Біріккен тұлғалы есім — Дастанбек.


Есімге сілтеме: Дастан

Дауылбай

дауыл күні туған балаға ертеде осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Дауылбай

Дәлбек

бектің, мықтының нағыз деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дәлбек

Дәмен

араб тілінен — жылдам, тез; күшті, берік.


Есімге сілтеме: Дәмен

Дәрмен

иран тілінен — күш-қуат, қайрат. Еркелету түрі — Дәріш.


Есімге сілтеме: Дәрмен

Дәубек

үлкен, күшті деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дәубек

Дәулен

үлкен болу, есею. Біріккен тұлғалы есім — Дәуленхан.


Есімге сілтеме: Дәулен

Дәулет

араб тілінен - байлық, бақыт; мемлекет, держава, империя.


Есімге сілтеме: Дәулет

Дәулетбай

дәулетті, ауқатты.


Есімге сілтеме: Дәулетбай

Дәулетбақ

араб тілінен алынған дәулет + бақыт сөздерінің қосылуынан жасалған есім. Бақдәулеті мол, бай (болсын деген тілекпен қойған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дәулетбек, Дәулетияр, Дәулетқали, Дәулетәлі.


Есімге сілтеме: Дәулетбақ

Дәулеткелді

араб тілінен алынған дәулет — байлык, бақыт. Яғни бала ата-анаға байлық, ырыс боп туды, бақытты болды деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Дәулеткелді

Дәулетше

араб тілінен алынған дәулет + иран тілінен алынған ше,шах сөзінің қысқаша формасы. Демек, байлық патшасы, дәулет, байлық иесі.


Есімге сілтеме: Дәулетше

Дәурен

араб тілінен - уақыт, дәуір. Біріккен тұлғалы есім — Дәуренбек.


Есімге сілтеме: Дәурен

Дәуір

араб тілінен алынған - доур - кезең, цикл.


Есімге сілтеме: Дәуір

Дәуірбек

өз заманының, дәуірінің мықтысы деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Дәуірбек

Дәуіт

көне еврей тілінен алынған сүйікті, сүйген, ғашық болған. Біріккен тұлғалы есім — Дауітәлі.


Есімге сілтеме: Дәуіт

Дегдар

иран тілінен алынған дәһдар - бастық, ел басқарушы.


Есімге сілтеме: Дегдар

Демежан

қазақ есімі деме + жан. демеуші, жәрдем беруші адам деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Демежан

Демесін

баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Демесін

Демеу

қазақ тілінен алынған қолдау, сүйеу, көмек көрсету.


Есімге сілтеме: Демеу

Дербісәлі

араб тілінен алынған - Ғалидың құлы, қызметшісі деген мәндегі есім. Иран тілінде —дербиш есік алдында жүрген кембағал адам, мүсәпір кісі.


Есімге сілтеме: Дербісәлі

Дибай

иран тілінен алынған диһ, дег, ди — ауыл, дала + бай, яғни ауыл, дала байы деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дибай

Дидар

иран тілінен алынған — жүз, келбет, бейне.


Есімге сілтеме: Дидар

Дидарбек

иран тілінен алынған — аса келбетті, көрікті адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Дидарбек

Диқанбай

тәжік тілінен алынған - диһан, шаруа, егінші, жер айдаушы + бай.


Есімге сілтеме: Диқанбай

Дияр

араб тілінен — ел, облыс, аймақ.


Есімге сілтеме: Дияр

Диярбек

араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.


Есімге сілтеме: Диярбек

Додабай

иран тілінен алынған додо — үйілген, жиылған; жиын, көпшілік + қазақтың сөзі бай.


Есімге сілтеме: Додабай

Додан

үлкен, зор.


Есімге сілтеме: Додан

Дойман

қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.


Есімге сілтеме: Дойман

Дос

иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.


Есімге сілтеме: Дос

Досай

(қараңыз: Айдос).


Есімге сілтеме: Досай

Досақ

араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.


Есімге сілтеме: Досақ

Досәлі

араб тілінен алынған дос + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Досәлі

Досбай

досқа кең, бай адам деген мағынада.


Есімге сілтеме: Досбай

Досбол

(қараңыз: Жарбол).


Есімге сілтеме: Досбол

Досберген

араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Досберген

Досжан

адал, таза адам.


Есімге сілтеме: Досжан

Досмат , досмұқан

иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.


Есімге сілтеме: Досмат , досмұқан

Досым

жан серігім, жолдасым.


Есімге сілтеме: Досым

Досымбек

досы көп адам.


Есімге сілтеме: Досымбек

Досымжан

менің жан досым деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Досымжан

Доян

(қараңыз: Ноян).


Есімге сілтеме: Доян

Дөненбай

моңғол тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.


Есімге сілтеме: Дөненбай

Дуанбай

иран тілінен алынған диуан - қала, кент; белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Дуанбай

Дубай

атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дубай

Дудар

бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.


Есімге сілтеме: Дудар

Думан

бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Думан

Дүймағамбет

иран тілінен алынған ду - екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Дүймағамбет

Дүйсен

иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі - Дүйсек.


Есімге сілтеме: Дүйсен

Ділдабай

иран және араб тілдерінен алынған тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ділдабай

Ділдабек

иран тілінен - алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.


Есімге сілтеме: Ділдабек