Эссе және өлең-жыр байқауы




Ерзада

қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерзада

Ерзиба

қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.


Есімге сілтеме: Ерзиба

Ерке

айтқанын істететін шолжың, еркін.


Есімге сілтеме: Ерке

Еркежан

ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.


Есімге сілтеме: Еркежан

Егізбай

бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.


Есімге сілтеме: Егізбай

Егізбек

егіз туған балаға қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Егізбек

Едіге

көне түркі тілінен келген— жақсы, игі. Түрлері — Едігей, Едіген.


Есімге сілтеме: Едіге

Еділ

көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.


Есімге сілтеме: Еділ

Еламан

ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.


Есімге сілтеме: Еламан

Елбар

елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елбар

Елбас

халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Елбас

Елбек

елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.


Есімге сілтеме: Елбек

Елдар

елін, Отанын сүйетін отаншыл.


Есімге сілтеме: Елдар

Елдес

елі, жері бір деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елдес

Елдос

елдің, халықтың досы, елін сүюші.


Есімге сілтеме: Елдос

Елебай

бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.


Есімге сілтеме: Елебай

Елен

құрмет-сыйға бөлену.


Есімге сілтеме: Елен

Елеу

ескеру, көңіл бөлу, назар аудару; құрметтеу, сыйлау.


Есімге сілтеме: Елеу

Елеубай

құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.


Есімге сілтеме: Елеубай

Елжан

елдің, халықтың жаны, мақтанышы.


Есімге сілтеме: Елжан

Елжар

елдің досы.


Есімге сілтеме: Елжар

Елжас

елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Елжас

Елжасар

елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елжасар

Елқам

елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.


Есімге сілтеме: Елқам

Елмұрат

елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Елмұрат

Елназар

елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Елназар

Елнар

елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елнар

Елнұр

елдің нұры.


Есімге сілтеме: Елнұр

Елтоқ

елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Елтоқ

Елшібай

ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.


Есімге сілтеме: Елшібай

Елібай

елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Елібай

Еңсебек

ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Еңсебек

Ералы

аса батыл, асқан жүректі батыр.


Есімге сілтеме: Ералы

Ерасыл

аса аяулы, нағыз батыр.


Есімге сілтеме: Ерасыл

Ербай

нағыз батыл, ер жүрек адам.


Есімге сілтеме: Ербай

Ербақ

араб тілінен алынған бақыт сөзінің қысқарған түрі. Яғни бақытты ер, батыр.


Есімге сілтеме: Ербақ

Ербала

батыл, ер жүрек бала.


Есімге сілтеме: Ербала

Ербатыр

ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.


Есімге сілтеме: Ербатыр

Ербек

мықты, күшті, батыр адам.


Есімге сілтеме: Ербек

Ербол

бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ербол

Ерболат

бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Ерболат

Ербосын, ерболсын

бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Ербосын, ерболсын

Ербота

баланы ботаға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ербота

Ергеш

алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.


Есімге сілтеме: Ергеш

Ерғазы

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғази - жауынгер, қосын. Ер жүрек батыр, әділдік жолында күресуші.


Есімге сілтеме: Ерғазы

Ерғали

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғали — ең мықты, асқан батыр.


Есімге сілтеме: Ерғали

Ерғожа

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған хожа, батыр қожа.


Есімге сілтеме: Ерғожа

Ердар

қазақ тілінен алынған ер + иран тілінен алынған дар — билеу, яғни ел билеуші батыр.


Есімге сілтеме: Ердар

Ерден

қазақ тілінен - батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.


Есімге сілтеме: Ерден

Ерденай

қазақ есімі, ай тұлғалы батыр.


Есімге сілтеме: Ерденай

Ережеп

араб тілінен алынған раджаб - тәжім ету, бас ию, құрметгеу; арабша жетінші ай аты. Осы айда туылған балаларға Раджап, Ережеп деп ат қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Ережеп

Ерен

асқан, ерекше, айрықша.


Есімге сілтеме: Ерен

Ержан

батыл, өжет адам, батыр кісі.


Есімге сілтеме: Ержан

Ержұман

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған жуман - қымбат бағалы зат, інжу.


Есімге сілтеме: Ержұман

Ержігіт

ержүрек, батыл жігіт, азамат.


Есімге сілтеме: Ержігіт

Еркебай

ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.


Есімге сілтеме: Еркебай

Еркеболат

айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Еркеболат

Еркебұлан

бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.


Есімге сілтеме: Еркебұлан

Еркін

өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.


Есімге сілтеме: Еркін

Ерлан

бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерлан

Ерлен

ер, батыр деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Ерлен

Ерлік

батырлық, батылдық, ер жүректік.


Есімге сілтеме: Ерлік

Ерман

ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.


Есімге сілтеме: Ерман

Ермат

ер + мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.


Есімге сілтеме: Ермат

Ермек

алданыш, жұбаныш. Орта жастан асқан ата-ана отбасында туған балаға ендігі ермегім болсын деп қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Ермек

Ерназар

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған назар көру, көзқарас, ықылас. Рухы күшті, батыр деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Ерназар

Ернар

нар — халық ұғымында өте шыдамды, берік, күшті түйе. Нар тұлғалы батыр болсын деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Ернар

Ернұр

қазақ тілінен алынған ер — батыр + иран тілінен алынған нұр — жарық, сәуле, көркем. Бала ер келбетті, көркем болсын деген тілектен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ернұр

Ерсайын

қазақ тілінен алынған ер + монғол тілінен алынған сайын - жақсы. Яғни ең мықты, аса жақсы батыр.


Есімге сілтеме: Ерсайын

Ерсәли

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған сәли, салих — жақсы, қайырымды, жақсы батыр.


Есімге сілтеме: Ерсәли

Ертай

қазақ тілінен алынған ер + тай кісі аттары қосымшасы, яғни ер, батыр, батыл кісі.


Есімге сілтеме: Ертай

Ертуған

өмірге батыр, ер жүрек боп келген.


Есімге сілтеме: Ертуған

Ертілес

өмірге келген бала келешекте батыр болса екен деген тілектен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ертілес

Ертіс

көне түркі тілінен келген, Ертіс өзені бойында туылған балаға қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ертіс

Ерубай

қазақ тілінен алынған ер + у - соңынан ілесу + 6ай; соңынан еретін балалар көп болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Ерубай

Ерік

толық еркіндік, бостандық.


Есімге сілтеме: Ерік

Ерімбет

сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерімбет

Ес

ақыл-ес, ауыспалы мағынасы тірек, сүйеніш.


Есімге сілтеме: Ес

Есбай

ақыл-ойға бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есбай

Есбатыр

Естібатыр деген есімдегі ті қосымшасы түсіп қалып, Есбатыр боп кеткен. Есті, ақылды батыр болсын деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Есбатыр

Есберген

жаратқан ақыл, ес берген деген мағынадағы есім. Синонимі — Есберді.


Есімге сілтеме: Есберген

Есбол

ақылды, сүйенішім бол, медеу бол деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Есбол

Есболат

өскенде ақыл косады, сүйеніш, медеу болады деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Есболат

Есдәулет

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәулет, байлық, бақыт. Мемлекетті басқаратын, ақыл-ойы мол азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есдәулет

Есдәуір

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған дәуір — мезгіл, мерзім, заман. Өз заманының, дәуірінің ақылды азаматы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есдәуір

Есей

қазақтың тілінен алынған өсу, ер жету, үлкен болу.


Есімге сілтеме: Есей

Есен

қазақ тілінен - сау-саламат, аман. Біріккен тұлғалы есімдер — Есенаман, Есенәлі, Есенай, Есенбай, Есенбол, Есенгелді және т. б.


Есімге сілтеме: Есен

Есенай

бала дүниеге аман-сау келді, ай деген қуанышпен байланысты қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есенай

Есенберді

аман-есен, сау-саламат дүниеге әкелді, берді.


Есімге сілтеме: Есенберді

Есейжан

сау-саламат, аман туған жан.


Есімге сілтеме: Есейжан

Есентемір

ден саулығы темірдей мықты, аман-сау болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Есентемір

Есет

иран тілінен алынған изад, авест — лайық, дәл.


Есімге сілтеме: Есет

Есжан

есті, ақылды адам.


Есімге сілтеме: Есжан

Ескендір

Александр Македонскийді күллі Азия, Араб халқы осылай атап кеткен. Дыбыстық өзгеру түрлері — Искендер, Скандер, Ескендер.


Есімге сілтеме: Ескендір

Есмұрат

қазақ тілінен алынған ес + араб тілінен алынған мурад, мақсат, тілек.


Есімге сілтеме: Есмұрат

Естекбай

истак — башқұрттардын көне аты + қазақ сөзі - бай.


Есімге сілтеме: Естекбай

Естібай – қазақ есімі

ақылды, парасатты.


Есімге сілтеме: Естібай – қазақ есімі

Есіл

Есіл өзені бойында туған соң қойылған есім.


Есімге сілтеме: Есіл

Есілбай

Есіл бойында туған ер бала.


Есімге сілтеме: Есілбай

Есім

ат, атақ, даңқ.


Есімге сілтеме: Есім