Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!




Өміргүл

өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.


Есімге сілтеме: Өміргүл

Өмірше

араб тілінен алынған — өмір бақи, мәңгілік.


Есімге сілтеме: Өмірше

Өнеге

үлгі, тәрбие.


Есімге сілтеме: Өнеге

Өрбике

қазақ сөзінен өр ауыспалы мағынасы паң, ерекше ерен, бике , бикеш — ханзада, ханша, яғни ерекше, асыл туған бикеш.


Есімге сілтеме: Өрбике

Өрзия

асқан сұлу, адемі қыз.


Есімге сілтеме: Өрзия

Өжет

-ткір, батыл, табанды.


Есімге сілтеме: Өжет

Өзбек

өзбек халқы атынан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Өзбекбай, Өзбекәлі.


Есімге сілтеме: Өзбек

Өзенбай

өзенге, суға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өзенбай

Өктем

өктем, үстем, басым, өмірлі.


Есімге сілтеме: Өктем

Өкім

араб тілінен алынған окм — үстемдік; өкімет, билік; шешім, үкім; пікір, түсінік.


Есімге сілтеме: Өкім

Өлкебай

қарауында көп өлке, аймақ, алқап, тұрак, мекен болсын, соларға үстем болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өлкебай

Өмір

араб тілінен алынған ғомр - ғұмыр; тіршілік.


Есімге сілтеме: Өмір

Өмірбай

бала өмірлі болсын, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойған есім. Фонетикалық түрі - Өмірбек.


Есімге сілтеме: Өмірбай

Өмірғазы

араб тілінен алынған - өмір + ғазы — жауынгер.


Есімге сілтеме: Өмірғазы

Өмірғали

өмірі Ғалидын өміріндей болсын деп қойылған.


Есімге сілтеме: Өмірғали

Өмірзақ

араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.


Есімге сілтеме: Өмірзақ

Өндіріс

жаңа есім, өндіріс орны, кәсіпорын.


Есімге сілтеме: Өндіріс

Өнербек

өнері мықты, өнерлі адам.


Есімге сілтеме: Өнербек

Өрекен

көне түркі шор, хақас тілінде қарт, қария.


Есімге сілтеме: Өрекен

Өрен

жұрттан асқан ерекше, ерен; жасөспірім ұрпақ.


Есімге сілтеме: Өрен

Өрім

жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.


Есімге сілтеме: Өрім

Өсер

ер жетіп азамат болар деген мәнде. Біріккен тұлғалы есім - Өсербай.


Есімге сілтеме: Өсер

Өскенбай

байлығы өсіп, көбейсін деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Өскенбай

Өтебай

байлығы асқан, тасыған бай.


Есімге сілтеме: Өтебай

Өтеген

орнын толтыру, төлеу.


Есімге сілтеме: Өтеген

Өтегали

қазақ тілінен өте + араб тілінен алынған ғали жоғары, биік. Аса биік, өте жоғары, аса батыр.


Есімге сілтеме: Өтегали

Өтетілеу

ұл балаға зар болып, көп сұранып, тіленіп жүрген кезде туған сәбиге қойылған есім.


Есімге сілтеме: Өтетілеу

Өтемағамбет, өтемұхамбет

қазақ сөзі өте + араб тілінен алынған Мохаммед. Мұхамбеттей атағы асқан


Есімге сілтеме: Өтемағамбет, өтемұхамбет