Жанна

көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.


Есімге сілтеме: Жанна

Жанназар

иран және араб тілдерінен алынған — жан біткеннің ықыласы түсетін жақсы адам болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Жанназар

Жаннат

араб тілінен — бақ, жұмақ бағы.


Есімге сілтеме: Жаннат

Жаннұр

иран тілінен алынған джон + нұр, жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Жаннұр

Жанораз

иран тілінен алынған джон + көне қазақ тілінен келген ораз — бақыт. Жан біткеннің бақыттысы деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Жанораз

Жанпеиіс

иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған фэйзь — молшылық, жомарттық; мейірім, рақым.


Есімге сілтеме: Жанпеиіс

Жансал

жан біткеннін серісі, еркесі.


Есімге сілтеме: Жансал

Жансая

иран және тәжік тілдерінен алынған джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жансая

Жансұлтан

иран тілінен алынған джон + араб тілінен алынған - жан біткеннің сұлтаны.


Есімге сілтеме: Жансұлтан

Жансұлу

жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Жансұлу

Жантай

иран тілінен алынған джон + қазақ сөзі тай - жаным, өмірім деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Жантай

Жантас

иран және қазақ тілдерінен — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жантас

Жантемір

иран және қазақ тілідернен - жаны темірдей мықты, берік. Баланың өмір-жасы ұзақ болсын, темірдей мәңгі жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жантемір

Жантілеу

иран және қазақ тілдерінен — жаны аман қалсын, аман-есен жарық дүниеге келсін деп тілеумен байланысты қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жантілеу

Жантуар

иран және қазақ тілдерінен — дүниеге жақсы адам келді деген үмітпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жантуар

Жантуған

иран және қазақ тілдерінен - дүниеге ер бала келді.


Есімге сілтеме: Жантуған

Жанұзақ

иран және қазақ тілінен алынған — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жанұзақ

Жанша

иран тілінен алынған джон + ша , шах сөзінің қысқарған түрі, жан біткеннін патшасы, шах.


Есімге сілтеме: Жанша

Жаңабай

дүниеге, өмірге жаңа келген бала.


Есімге сілтеме: Жаңабай

Жапан

кең жазық құлан дала. Бала өз өмірінде кең пейілді адам болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жапан

Жапар

араб тілінен алынған — алып, ер, батыр; қатал билеуші, әмірші,


Есімге сілтеме: Жапар

Жармұхамбет

иран тілінен алынған йар - дос, көмекші — араб тілінен алынған Мұхамбет, Мохаммед. Мұхамбеттің досы, жәрдемшісі.


Есімге сілтеме: Жармұхамбет

Жарық

сәуле, нұр.


Есімге сілтеме: Жарық

Жарылқасын

құдай оңдасын, тәңір есіркесін деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Жарылқасын

Жас

уылжыған балғын, сәби.


Есімге сілтеме: Жас

Жасамыс

көпті көрген, ысылған, тәжірибелі.


Есімге сілтеме: Жасамыс

Жасқайрат

жаңа қуатқа, қабілетке ие болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жасқайрат

Жасталап

жаңа талапқа ұмтылған жас бала деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Жасталап

Жасұзақ

баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жасұзақ

Жасұлан

жас жігіт, жас азамат деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Жасұлан

Жасыбай

қазақ есімі — баланың өмір-жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жасыбай

Жаялаубай

жайлау сияқты кең, жайлы болсын деп қойылған есім. Синонимі — Жайлаубек.


Есімге сілтеме: Жаялаубай

Жәдігер

иран тілінен алынған едгор — естелік, ескерткіш.


Есімге сілтеме: Жәдігер

Жәлила

араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.


Есімге сілтеме: Жәлила

Жәмила

араб тілінен алынған жамил — әдемі, тамаша, көркем, сұлу; сүйкімді, ажарлы.


Есімге сілтеме: Жәмила

Жәмшит

иран тілінен алынған джемшид — сәулелі, нұрлы.


Есімге сілтеме: Жәмшит

Жәңгір

иран тілінен алынған джаһан + ғир — дүниені меңгеруші, әлемге үстемдік етуші.


Есімге сілтеме: Жәңгір

Жәрдем

көмек, тірек, сүйеніш.


Есімге сілтеме: Жәрдем

Жексенбай

иран тілінен алынған йек — бір, шамбэ — күн + қазақ сөзі — бай. Бұрын жексенбі күні туған балаға Жексен, Жексенбі, Жексенбай деген есім берген.


Есімге сілтеме: Жексенбай

Жексенбі

(қараңыз: Жексенбай).


Есімге сілтеме: Жексенбі

Жемісбек

бала ержеткенде ата-ананың еңбегін ақтап, жемісін жегізетін болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жемісбек

Жеңіс

жеңіске ие болу, жеңу. Ұлы Отан сорысы аяқталып, гитлерлік фашизмді жеңген күні туған балаға қойылған есім. Күрделі тұлғалы есім — Женісбек.


Есімге сілтеме: Жеңіс

Жеңісгүл

(қараңыз: Гүлжеңіс).


Есімге сілтеме: Жеңісгүл

Жетес

ақыл-ойы өзіне жеткілікті, ақылды болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жетес

Жетібай

ерте кезде 3, 7, 9 сандары киелі саналған, соған байланысты ер баланың өмір-жасы ұзақ болсын деген тілекпен осындай есімдер жиі қойылған. Қысқарта айтылу түрі — Жетен.


Есімге сілтеме: Жетібай

Жетіген

астрономия терминнен алынған - аспан жұлдызының бірі, жеті қарақшы.


Есімге сілтеме: Жетіген

Жетік

білімді, білгір.


Есімге сілтеме: Жетік

Жетістік

қол жеткен табыс, жеңіс.


Есімге сілтеме: Жетістік

Жеткіншек

жас өспірім, жастар, жас буын.


Есімге сілтеме: Жеткіншек

Жирен

моңғол тілінен цэрэн — ұзақ өмір.


Есімге сілтеме: Жирен

Жиренше

халық аңызындағы әйгілі шешен есімі. Кейіннен ұрпақтан-ұрпаққа қойылып кеткен.


Есімге сілтеме: Жиренше

Жиһанша

иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап + иран тілінен алынған ша (шах сөзінің қысқаша айтылу түрі). Әлемнің, дүниенін шахы, шах деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Жиһанша

Жібек

мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жібек

Жігер

қажыр, кайрат, күш, қуат; ынта, талап, ерік.


Есімге сілтеме: Жігер

Жолай

кырғыз тілінен алынған - әдет, ғұрып, өмір салты; Манас жырындағы эпикалық батырдың есімі; қазақ сөзі жолшыбай, жол-жөнекей.


Есімге сілтеме: Жолай

Жолан

баланың өмірде жолы боп, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жолан

Жолбарыс

жолбарыстай айбатты, жүректі, күшті болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жолбарыс

Жолдас

сенімді серік, пікірлес дос. Біріккен тұлғалы есімдер — Жолдасбай, Жолдасбек, Жолдасқан, Жолдасәлі т. б.


Есімге сілтеме: Жолдас

Жолдасбай

жолдасқа, доска бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жолдасбай

Жолдасбек

бектің, бекзаданың жолдасы; жолдастыққа берік, мықты, тұрақты.


Есімге сілтеме: Жолдасбек

Жолдасқан

жолдас, серік.


Есімге сілтеме: Жолдасқан

Жолдыбай

жолы құтты, ақжолтай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жолдыбай

Жолтай

бақыт, құт әкелетін, сәтті, ақ жолды.


Есімге сілтеме: Жолтай

Жомарт

иран тілінен алынған джаван — жас, жас жігіт, бозбала + мард — ер, еркек, яғни джавонмард — қайырымды, мейірімді, қолы ашық мырза. Біріккен тұлғалы есімдер - Жомартбай, Жомартбек.


Есімге сілтеме: Жомарт

Жомартбай

(қараңыз: Байызбай).


Есімге сілтеме: Жомартбай

Жора

иран тілінен алынған джурә — жолдас, дос. Жолдасбек деген есімнің синонимі. Біріккен тұлғалы есімдер — Жорабай, Жорақан.


Есімге сілтеме: Жора

Жүніс, жүнүс

көне еврей тілінен алынған иона - көгершін. Біріккен тұлғалы есімдер — Жүнісбай, Жүнісбек, Жұнісжан, Жүнісәлі.


Есімге сілтеме: Жүніс, жүнүс

Жүрсін

аман-сау болсын, ұзақ өмір сүрсін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жүрсін

Жүсіп

көне еврей тілінен алынған Иосиф - көбейсін, көп болсын; әдемі, жақсы. Біріккен тұлғалы есімдер - Жүсіпбай, Жүсіпбек, Жүсіпжан, Жүсіпқан, Жүсіпқали, Жүсіпқожа, Жүсіпақын. Фонетикалык түрлері — Түсіп, Нүсіп, Нұсұп.


Есімге сілтеме: Жүсіп

Жұбан

жұбану, тынышталу, екінішін басу. Ертеде баласы тұрмай жұргенде туған балаға осындай ат берген.


Есімге сілтеме: Жұбан

Жұбаныш

қуаныш есімінің синонимі. Фонетикалык түрі — Жуаныш.


Есімге сілтеме: Жұбаныш

Жұзбай

бала жүз жасасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жұзбай

Жұлдызай

жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Жұлдызай

Жұма

араб тілінен алынған джумға — жиын, жалпы қауым жиналатын күн. Біріккен тұлғалы есімдер — Жұмабай, Жұмабек, Жұмақан, Жұмәділ, Жұмағұл, Жұмажан, Жұмагелді және т. б. Еркелете айтылатын түрі — Жұмаш.


Есімге сілтеме: Жұма

Жұмабике

араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.


Есімге сілтеме: Жұмабике

Жұман

араб тілінен алынған — қымбат бағалы зат, інжу.


Есімге сілтеме: Жұман

Жұманбай

қымбат бағалы затқа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Жұманбай

Жұманияз

араб тілінен алынған джумга - жиын, қауым жиналатын күн, жұмадан жұмаға дейінгі бір жеті + араб тілінен алынған нияз — өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Жұма күні туған сыйлы, үміт артар бала.


Есімге сілтеме: Жұманияз

Жұмат

араб тілінен алынған, санауындағы 5-ші ай аты.


Есімге сілтеме: Жұмат

Жұпар

хош иіс.


Есімге сілтеме: Жұпар

Зағила

араб тілінен алынған зәхирә, зехира — қазына, байлық, қымбат бағалы асыл; сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.


Есімге сілтеме: Зағила

Зағипа

араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» - қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.


Есімге сілтеме: Зағипа

Зағира

(қараңыз: Зағила).


Есімге сілтеме: Зағира

Зайда

иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зайда

Зайра

араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зайра

Зайт

араб тілінен алынған зәид - өсуші, көбеюші; артық.


Есімге сілтеме: Зайт

Зайтуна

бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.


Есімге сілтеме: Зайтуна

Зайыр

араб тілінен — айқын, анық.


Есімге сілтеме: Зайыр

Закария

иран тілінен алынған закр — ес, еске алушы, ескеруші + ия.


Есімге сілтеме: Закария

Зақира

араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зақира

Заманбек

араб тілінен алынған замона — дәуір, кезең + бек. синонимі — дәуірбек.


Есімге сілтеме: Заманбек

Замилия

араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Замилия

Замир

орыс тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық үшін.


Есімге сілтеме: Замир

Замира

араб тілінен - асыл арман, тәтті қиял, ой.


Есімге сілтеме: Замира

Заңғар

қазақ есімі: үлкен, алып; зәулім, биік.


Есімге сілтеме: Заңғар

Зара

иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зара

Зарема

жаңа есім — "за революцию мира" сөздерінен қысқартылып жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зарема

Зарина

иран сөзінен зар — алтын — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.


Есімге сілтеме: Зарина

Зәки

араб тілінен алынған заки — зерек, сезімтал, өткір; ақылды, қабілетті.


Есімге сілтеме: Зәки

Зәкия

араб тілінен алынған зәки — өткір, зерек, сөзімтал; ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Зәкия


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)