Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!



Күләсия

иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.


Есімге сілтеме: Күләсия

Күлбағила

иран тілінен алынған гуль + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.


Есімге сілтеме: Күлбағила

Күлбағира

иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.


Есімге сілтеме: Күлбағира

Күлбала

кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Күлбала

Күлира

иран тілінен алынған гул + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.


Есімге сілтеме: Күлира

Күміс

қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.


Есімге сілтеме: Күміс

Күмісай

қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күмісай

Күнай

күн мен айдай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Күнай

Күнжамал

күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.


Есімге сілтеме: Күнжамал

Күнсұлу

күндей сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Күнсұлу

Күнту

халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Күнту

Қабай

көне түркі тілінен келген - бесік.


Есімге сілтеме: Қабай

Қаби

араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.


Есімге сілтеме: Қаби

Қабиб

араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.


Есімге сілтеме: Қабиб

Қаблет

араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.


Есімге сілтеме: Қаблет

Қабыл

араб тілінен — қабыл алушы, қарсы алушы; келешек, болашақ.


Есімге сілтеме: Қабыл

Қадыр

араб тілінен алынған хадр — күшті, кұдіретті; қабілетті, икемді, бейімді; дәреже, құрмет.


Есімге сілтеме: Қадыр

Қадыралы

араб тілінен алынған хадр + алы, али — жоғары, яғни қадірі, беделі биік, жоғары.


Есімге сілтеме: Қадыралы

Қадырбай

қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.


Есімге сілтеме: Қадырбай

Қадырбек

араб тілінен — қадірлі, өте беделді адам.


Есімге сілтеме: Қадырбек

Қадыржан

араб тілінен алынған — қадырлы, кадыры жоғары адам.


Есімге сілтеме: Қадыржан

Қадырқан

қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.


Есімге сілтеме: Қадырқан

Қажы (хажы)

араб тілінен алынған тадж — мекеге барып қайтқан адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Қажымұрат, Қажығали, Қажыкен.


Есімге сілтеме: Қажы (хажы)

Қажым

араб тілінен алынған — құрметті, сыйлы.


Есімге сілтеме: Қажым

Қажымұрат

араб тілінен алынған хаджи — мұрат. Мұратқа, мақсатына жеткен.


Есімге сілтеме: Қажымұрат

Қазақбай

қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Қазақбай

Қазиза

(қараңыз: Ғазиза).


Есімге сілтеме: Қазиза

Қазила

араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.


Есімге сілтеме: Қазила

Қазтуған

араб тілінен алынған қазы + қазақ сөзі туған. Қазы болып туған бала деген мағыналы есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қазтай.


Есімге сілтеме: Қазтуған

Қазыбек

Қади сөзіне бек сөзін қосу арқылы жасалған есім. Араб тілінен алынған кади — даулы істі шешуші сот. Біріккен тұлғалы есімдер — Қазыбай, Қазыбек, Қазығали, Қазықан.


Есімге сілтеме: Қазыбек

Қазына

араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Қазына

Қайдар, хайдар

араб тілінен алынған — хайдар — арыстан.


Есімге сілтеме: Қайдар, хайдар

Қайрат

араб тілінен алынған — ғайрат — қуат, жігер, күш.


Есімге сілтеме: Қайрат

Қайсар

араб тілінен — Рим патшаларынын атағы. Табанды, бірбеткей өжет.


Есімге сілтеме: Қайсар

Қайым

араб тілінен — мәнгі өмір сүретін, өзгермейтін.


Есімге сілтеме: Қайым

Қайып

араб тілінен алынған каиф — балшы, балгер. Біріккен тұлғалы есім — Қайыпбек.


Есімге сілтеме: Қайып

Қайыр

араб тілінен алынған кейр — мейірім, шапағат, жақсы, қайырымды, тамаша; кайырым, мейірім. Біріккен тұлғалы есімдер - Қайырбай, Қайырбек, Қайырғали, Қайыржан, Қайырболат.


Есімге сілтеме: Қайыр

Қайырбек

араб тілінен — аса қайырымды, шапағатты, мейірімді адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Қайырбек

Қайырболат

араб тілінен — аса қайырымды, мейірімді адам болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қайыртай.


Есімге сілтеме: Қайырболат

Қайыргелді

өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.


Есімге сілтеме: Қайыргелді

Қайырғали

араб тілінен — аса қайырлы, қайырымды, мейірімді.


Есімге сілтеме: Қайырғали

Қайыржан

араб тілінен — қайырымды, шапағатты кісі, жан.


Есімге сілтеме: Қайыржан

Қайырлы

араб тілінен — мейірімді, шапағатты, қайырымды.


Есімге сілтеме: Қайырлы

Қақназар

(қараңыз: Ақназар).


Есімге сілтеме: Қақназар

Қаламқас

жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.


Есімге сілтеме: Қаламқас

Қалау

талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.


Есімге сілтеме: Қалау

Қалауша

ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.


Есімге сілтеме: Қалауша

Қалбибі

(қараңыз: Аққал).


Есімге сілтеме: Қалбибі

Қалдарбек

иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп, жалғауы - дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.


Есімге сілтеме: Қалдарбек

Қалдыбай

бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қалдыбай

Қали

(қараңыз: Әли).


Есімге сілтеме: Қали

Қалия

(қараңыз: Әлия).


Есімге сілтеме: Қалия

Қалқа

ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған


Есімге сілтеме: Қалқа

Қалқаман

қалқа + ман — кісі, адам.


Есімге сілтеме: Қалқаман

Қалмұхамбет

иран тілінен алынған хол - мең + Мұхамбет, яғни менді, бақытты Мұхамбет. Синонимі — Меңдіахмет. Қысқартып айту тұлғалары — Қалмат, Қалмақан, еркелете айтылатын түрі — Қалқен, Қалтай.


Есімге сілтеме: Қалмұхамбет

Қалтұрған

(қараңыз: Аққал).


Есімге сілтеме: Қалтұрған

Қалуа

(қараңыз: Алуа).


Есімге сілтеме: Қалуа

Қалуан

(қараңыз: Алуа).


Есімге сілтеме: Қалуан

Қалыбай

оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Қалыбай

Қалыбек

онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Қалыбек

Қамар

араб тілінен алынған — хамар — ай.


Есімге сілтеме: Қамар

Қамария

араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.


Есімге сілтеме: Қамария

Қамбар

араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.


Есімге сілтеме: Қамбар

Қамқа

қытай жібегі, жұқа жібек матаның түрі.


Есімге сілтеме: Қамқа

Қанағат

араб тілінен алынған қанаат - барға ырза болушылық, ырзалық.


Есімге сілтеме: Қанағат

Қанат

бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.


Есімге сілтеме: Қанат

Қапбас

(қараныз: Аббас).


Есімге сілтеме: Қапбас

Қапиза

араб тілінен алынған хафез білгір, білімпаз, оқымысты.


Есімге сілтеме: Қапиза

Қаппас

(қараңыз: Аббас).


Есімге сілтеме: Қаппас

Қапыз

(қараңыз: Абыз).


Есімге сілтеме: Қапыз

Қарагөз

мөлдір, әдемі, нәркес көз.


Есімге сілтеме: Қарагөз

Қараман

қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Қараман

Қарасай

қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі


Есімге сілтеме: Қарасай

Қаратай

қара — ірі, үлкен, зор + тай - көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.


Есімге сілтеме: Қаратай

Қарлығаш

құс атауынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қарлығаш

Қармыс

көне түркі тілінде қармыш — халық, бұхара, көпшілік.


Есімге сілтеме: Қармыс

Қаршыға

бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қаршыға

Қасиман

араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.


Есімге сілтеме: Қасиман

Қасым

араб тілінен алынған хасим — сұлу, әдемі; таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.


Есімге сілтеме: Қасым

Қатира

араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.


Есімге сілтеме: Қатира

Қатиф

араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.


Есімге сілтеме: Қатиф

Қаһарман

араб тілінен алынған гаһарман — ер, батыр; күшті, қуатты. алып.


Есімге сілтеме: Қаһарман

Қирабай

араб тілінен хира — таңдау; ең жақсы, тандаулылар + бай.


Есімге сілтеме: Қирабай

Қиса

(қараңыз: Айса).


Есімге сілтеме: Қиса

Қисаметдин, хисаметдин

араб тілінен алынған — әдемі, тамаша; жақсы, жарасымды.


Есімге сілтеме: Қисаметдин, хисаметдин

Қисан

араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.


Есімге сілтеме: Қисан

Қияс

араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату; баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Қияс

Қобдабай

қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.


Есімге сілтеме: Қобдабай

Қоғамбай

бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қоғамбай

Қожа

араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.


Есімге сілтеме: Қожа

Қожақ

көне түркі тілінен - үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.


Есімге сілтеме: Қожақ

Қожбан

көне түркі тілінде - өте ірі, дәу.


Есімге сілтеме: Қожбан

Қозы

балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.


Есімге сілтеме: Қозы

Қойлыбай

қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қойлыбай

Қолдас

қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.


Есімге сілтеме: Қолдас

Қонақбай

(қараңыз: Мейманбай).


Есімге сілтеме: Қонақбай

Қорғанбек

бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қорғанбек

Қорлан

араб тілінен — хор сұлуы, хор қызы.


Есімге сілтеме: Қорлан

Қосай

қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.


Есімге сілтеме: Қосай

Қосын

араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.


Есімге сілтеме: Қосын