Ақат

араб тілінен алынған әхәд— бір, бірлік, жалғыз, жалқы. Тұңғыш балаға берілетін есім.


Есімге сілтеме: Ақат

Ақбай

қазақ ақ және бай сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұл есім бала адал, ак ниетті болсын деген ниетпіен қойылған.


Есімге сілтеме: Ақбай

Ақбала

Сұлу, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақбала

Ақбәтес

Ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Ақбәтес

Ақболат

қазақ сөзінен ақ + иран сөзінен болат құрыш. Бала саф құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақболат

Ақбота

Бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақбота

Ақеділ

өзен атына байланысты қойылған есім. Мұндай есімдер әдетте бала өзен жағасында туған ағдайда қойылған.


Есімге сілтеме: Ақеділ

Ақжан

қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.


Есімге сілтеме: Ақжан

Ақжарқын

ашық жарқын жүзді, шат-шадыман.


Есімге сілтеме: Ақжарқын

Ақжібек

Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.


Есімге сілтеме: Ақжібек

Ақжол

өмірге алған бағыты, ашық, айқын, жолы сара, таза деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Ақжол

Ақзия

Қазақ сөзі ақ және араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.


Есімге сілтеме: Ақзия

Аққал

Қазақ тілінен алынған ақ және тәжік тілінен алынған хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.


Есімге сілтеме: Аққал

Аққожа

қазақ тілінен ақ — таза, адал, немесе араб тілінен хак — әкім, әмір. Қожа араб тіліненХоджа — мырза, үйретуші, ие. Адал үйретуші деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Аққожа

Аққозы

қозы сияқты сүйкімді, әдемі, көркем болсын деп, қозыға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Аққозы

Аққыз

Аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.


Есімге сілтеме: Аққыз

Ақлима

Араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.


Есімге сілтеме: Ақлима

Ақмарал

Бұл есім сұлу аңды қасиет тұтумен байланысты қойылған.


Есімге сілтеме: Ақмарал

Ақназар

есім құрамындағы ақ сөзі арабтың хак «әкім, пайғамбар» деген сөзінін тіліміздегі өзгерген түрі. Назар араб тілінен алынған нәзәр — қарау, көзқарас, көз салу, ықылас, ілтипат. Демек бұл есім құдіреттің назары, ілтипаты деген мағынаны білдіреді. Хақназар, Қақназар деп те айтылады.


Есімге сілтеме: Ақназар

Ақнәзік

Нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.


Есімге сілтеме: Ақнәзік

Ақпанбет

ақпан — февраль айының қазақша аты; бет кісі аттарына қосылатын қосымша. Ақпанда туылған балаға осындай ат қойылған.


Есімге сілтеме: Ақпанбет

Ақсұлтан

есім құрамындағы ақ арабтың хақ «әкім, әмір» сөзінің тіліміздегі өзгерген нұсқасы. Алсұлтан арабтың солтан «әкім, билеуші, мемлекет басшысы» деген сөзі.


Есімге сілтеме: Ақсұлтан

Ақтамақ

Бейнелеу түрінде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақтамақ

Ақтаң

ертеде таң атып келе жатқанда туған балаға осындай есім берілген.


Есімге сілтеме: Ақтаң

Ақтілек

бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақтілек

Ақтоқты

Төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.


Есімге сілтеме: Ақтоқты

Ақылбай

араб тілінен алынған ахл + бай. Ақылға бай деген мағынада. Еркелету тұлғалары — Ақылжан, Ақылтай, Ақыш.


Есімге сілтеме: Ақылбай

Ақылбек

ақылды, сергек болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақылбек

Ақын

иран тілінен алынған ақун — өлең шығарушы, жыршы. Біріккен тұлғалы есімдер — Оразақын, Әлақын, Нұрақын, Байақын, Тұрдақын.


Есімге сілтеме: Ақын

Ақынжан

бала ақын болсын, ақынжанды болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақынжан

Ақырап

араб тілінен алынған ахраб — шаян. Октябрь айына сәйкес зодиак белгісі. Сол айда туған балаға қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Ақырап

Алай

көне түркі тілінен— отряд, бөлім, рота, батальон, полк.


Есімге сілтеме: Алай

Алау

шымқай қызыл түс.


Есімге сілтеме: Алау

Албат

араб тілінен алынған албат — түс, түрлі-түсті әң, түр.


Есімге сілтеме: Албат

Алға

баланың келешегі зор болсын, өмірде алда жүрсін деген тілекпен берілген есім. Алғатай деген де есім бар.


Есімге сілтеме: Алға

Алғыр

өжет, ержүрек.


Есімге сілтеме: Алғыр

Алдан

қазақ есімі. бала ата-анаға алданыш, жұбаныш болсын деген тілекпен қойылған есім; баланың алды, тұңғышы. Алданазар деген толық есімнің еркелете қыскартып айтылған түрі.


Есімге сілтеме: Алдан

Алдар

көне түркі тілінен алынған— қу — айлакер. Бұл — халық ауыз әдебиетіндегі айлакер кейіпкер Алдар көсенің есімі.


Есімге сілтеме: Алдар

Ален

араб тілінен - айқын, ашық, жария.


Есімге сілтеме: Ален

Алқа

Асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.


Есімге сілтеме: Алқа

Алма

Қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.


Есімге сілтеме: Алма

Алмас

иран тілінен алынған алмас — ең асыл, қатты тас. Біріккен тұлғалы есімдер. Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан.


Есімге сілтеме: Алмас

Алмұрт

иран тілінен алынған жеміс атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Алмұрт

Алпамыс

алып — қазақ тілінде дәу, дөкей, зор. Мамыш — батыр.


Есімге сілтеме: Алпамыс

Алпар

алп — батыр, ар — ер сөзінің көне түркі тілдеріндегі жуан айтылуы. Яғни батыр адам, ер кісі.


Есімге сілтеме: Алпар

Алпысбай

бұл баланың әкесі не шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Алпысбай

Алтай

моңғол тілінен келген алтан — алтын, тай-таг — тау. Алтай тауының атынан қойылған кісі есімі. Біріккен тұлғалы есімдер — Алтайбай, Алтайбек.


Есімге сілтеме: Алтай

Алтыбай

саусағы немесе башпайы алтау боп туған ер балаларға ертеде осылай ат берілген.


Есімге сілтеме: Алтыбай

Алтын

Көбіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.


Есімге сілтеме: Алтын

Алтынбек

қазақ сөздері алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі әрі өмірі мықты, берік болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Алтынбек

Алтынсары

қазақ сөздері алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Алтынсары

Алуа

араб тілінен алынған халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.


Есімге сілтеме: Алуа

Аман

Сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.


Есімге сілтеме: Аман

Аманбай

араб тілінен алынған аман + бай. Есен-сау бол. Синонимі — Есенбай.


Есімге сілтеме: Аманбай

Амангелді

араб тілінен алынған аман + қазақтың сөзі келді. Бала дүниеге, өмірге аман-сау келді, өлмей тірі туды деген мағынада қойылған есім. Қазіргі кезде бұл есім азамат соғысының батыры, Қазақ халқының ардагер ұлы Амангелді Иманов есімі ретінде, оның құрметіне жиі қойылады. Еркелетіп айту түрі — Амантай.


Есімге сілтеме: Амангелді

Анар

Парсы тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер — Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.


Есімге сілтеме: Анар

Анарбай

иран тілінен алынған анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деп қойылған есім. Оның Анарбек, Анартай, Анаржан деген тұлғалары да бар.


Есімге сілтеме: Анарбай

Андас

араб тілінен алынған — дос, жолдас.


Есімге сілтеме: Андас

Аниса

Араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.


Есімге сілтеме: Аниса

Аңсаған

қазақ тілінен алынған сағынған, зарыққан. Бұл есім баласы болмай жүрген семБяның бала көргенде қойған есімі.


Есімге сілтеме: Аңсаған

Аңсар

қазақ есімі, сағынатын, зарығатын.


Есімге сілтеме: Аңсар

Аппақ

қазақ есімі, аса ақ, әппақ, саф таза, кіршіксіз.


Есімге сілтеме: Аппақ

Арай

қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.


Есімге сілтеме: Арай

Арайша

Арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.


Есімге сілтеме: Арайша

Аралбай

Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.


Есімге сілтеме: Аралбай

Арбек

қазақ есімі, ар-ұяты күшті, намысы бар деген мағынасы бар.


Есімге сілтеме: Арбек

Арбол

қазақ есімі, Отаныңның, ата- анаңның намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім. Синонимі — Ардан.


Есімге сілтеме: Арбол

Ардақ

Құрмет, қадір.


Есімге сілтеме: Ардақ

Арқат

қазақ тілінен алынған күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Арқат

Арман

иран тілінен алынған — тілек, арман, мақсат. Еркелету тұлғасы Арманжан, Армантай, Армаш.


Есімге сілтеме: Арман

Арна

Бір адамға бағыштау, арнайы қою.


Есімге сілтеме: Арна

Арсен

грек тілінен алынған арсений — батыл, ер-жүрек.


Есімге сілтеме: Арсен

Артық

қазақ есімі, бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше. біріккен тұлғалар — артықбай, артыққали.


Есімге сілтеме: Артық

Ару

Сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Ару

Аршат

Араб тілінен - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.


Есімге сілтеме: Аршат

Арын

қазақ есімі — қарқын, екпін, жігер. біріккен тұлғалар — арынбай, арынбек.


Есімге сілтеме: Арын

Арындық

қазақ есімі қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.


Есімге сілтеме: Арындық

Арысбай

қазақ есімі - Арыс өзені атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Арысбай

Арыстан

қазақ тілінен алынған есім батылдық пен батырлық бейнесі ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай.


Есімге сілтеме: Арыстан

Асабай

қазақ тілінен алынған — шектен асқан бай адам.


Есімге сілтеме: Асабай

Асан

араб тілінен алынған хасан - сұлу, тым көркем, өте әдемі. Біріккен тұлғалы есімдер — Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа.


Есімге сілтеме: Асан

Асия

Парсы тілінен — қайырымды, мейірімді (әйел).


Есімге сілтеме: Асия

Асқан

қазақ есімі, бәрінен артық, ерекше.


Есімге сілтеме: Асқан

Асли

Араб тілінен — нағыз, шын. Түрі - Аслия.


Есімге сілтеме: Асли

Аспазия

Грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Аспазия

Астам

қазақ есімі — басқадан өктем, үстем, асқақ.


Есімге сілтеме: Астам

Асхат

араб тілінен алынған асхад - ең бақытты, құтты, ырысы мол.


Есімге сілтеме: Асхат

Асыл

Араб тілінен алынған әсил - негіз, түбір, түп нұсқасы; шынайы, нағыз; қымбатты, ардақты.


Есімге сілтеме: Асыл

Асылжан

Асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.


Есімге сілтеме: Асылжан

Асылтас

Қымбат бағалы тас.


Есімге сілтеме: Асылтас

Асылша

Асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.


Есімге сілтеме: Асылша

Ата

бұл сөз кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеп, сыйлау мағынасында айтылған.


Есімге сілтеме: Ата

Атабай

қазақ есімі — белгілі, атақты, дәулетті адам.


Есімге сілтеме: Атабай

Атабек

қазақ есімі, — тәрбиеші, ұстаз. XII—XVIII ғ.ғ. Орта Азияда, Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.


Есімге сілтеме: Атабек

Аталық

қазақ есімі — атаға тән, атанікі.


Есімге сілтеме: Аталық

Атамұрат

қазақ тілінен алынған — атанын мұраты, мақсаты.


Есімге сілтеме: Атамұрат

Атымтай

араб тілінен алынған хатим — жомарт, мырза.


Есімге сілтеме: Атымтай

Ахат

араб тілінен алынған — жалғыз, жалқы.


Есімге сілтеме: Ахат

Ахмар

араб тілінен алынған — қызыл.


Есімге сілтеме: Ахмар

Ахмедияр

араб тілінен алынған — мақтауға лайық ер.


Есімге сілтеме: Ахмедияр


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)