Бектен

мықты бол, берік бол деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Бектен

Бектілеу

қазақ тілінен алынған бек - өте + тілеу — тілек. Түрі — Өтетілеу.


Есімге сілтеме: Бектілеу

Бектұр

бұл есім бала өмірлі, тұрақты болсын деген тілекпен қойылған. Түрі — Түрбек. Еркелетіп айтылатын түрі — Бекен.


Есімге сілтеме: Бектұр

Бектұрған

бала өмірде ұзақ өмір сүрсін, тұрақтап қалсын деген мағынаны білдіреді. Түрі — Тұрғанбек.


Есімге сілтеме: Бектұрған

Бектұрсын

бұл есім де баланың жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Бектұрсын

Беласар

тірек, күш.


Есімге сілтеме: Беласар

Беласыл

ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Беласыл

Белберді

бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Белберді

Белгібай

белгі - көне түркі тілінде дана, данышпан деген сөз. Синонимдері — Нысанбай, Нышанбай.


Есімге сілтеме: Белгібай

Белес

асу, шоқы.


Есімге сілтеме: Белес

Берген

ер бала туды деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Берген

Берден

бер + қосымша ден.


Есімге сілтеме: Берден

Бердияр

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған яр — дос, яғни дос берді деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Бердияр

Берді

сыйлады, тарту етті. Біріккен тұлғалы есім — Бердібай.


Есімге сілтеме: Берді

Бердінияз

қазақ тілінен алынған берді + иран тілінен алынған нияз — өтініш, сый. Сұрап алған бала. Қыскартып айтылатын түрі — Бернияз.


Есімге сілтеме: Бердінияз

Береке

ырыс, молшылық, құт. Түрі — Берекет.


Есімге сілтеме: Береке

Берен

асыл құрыш.


Есімге сілтеме: Берен

Бержан

бер + жан - жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Бержан

Берік

мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.


Есімге сілтеме: Берік

Берікбай

(қараңыз: Мығым)


Есімге сілтеме: Берікбай

Беркін

берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.


Есімге сілтеме: Беркін

Берқайыр

қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған хайр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Берқайыр

Бернар

бер + нар - күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Бернар

Бесбай

балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.


Есімге сілтеме: Бесбай

Биахмет

қазақ тілінен алынған би - әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Биахмет

Бибатыр

қазақ тілінен алынған би + батыр.


Есімге сілтеме: Бибатыр

Бибі

Парсы тілінен — үй иесі, азаматша.


Есімге сілтеме: Бибі

Бибігүл

Парсы тілінен алынған бибі және қазақ сөзі гүл. Гүл жайнаған ханым.


Есімге сілтеме: Бибігүл

Бибіжамал

Парсы тілінен — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.


Есімге сілтеме: Бибіжамал

Бибінұр

Парсы тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.


Есімге сілтеме: Бибінұр

Бибісара

Парсы тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.


Есімге сілтеме: Бибісара

Бибіханым

Ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.


Есімге сілтеме: Бибіханым

Биғалым

қазақ тілінен алынған би - үлкен + араб тілінен алынған ғалым.


Есімге сілтеме: Биғалым

Бидайбек

бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Бидайбек

Бижан

билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.


Есімге сілтеме: Бижан

Биман

би + иран тілінен алынған ман - адам, яғни әкім адам.


Есімге сілтеме: Биман

Биржан

атақты біржан салдың құрметіне жиі қойылатын есім. мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.


Есімге сілтеме: Биржан

Біжікен

көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.


Есімге сілтеме: Біжікен

Білгір

көп білетін, білімді, білгіш.


Есімге сілтеме: Білгір

Білім

оқу, білім.


Есімге сілтеме: Білім

Бірлік

ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.


Есімге сілтеме: Бірлік

Бодан

көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.


Есімге сілтеме: Бодан

Бозай

тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл-сарғылт, ашық-қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.


Есімге сілтеме: Бозай

Боздақ

жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.


Есімге сілтеме: Боздақ

Болат

иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.


Есімге сілтеме: Болат

Болатбек

иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Болатбек

Болатжан

болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Болатжан

Болатқожа

мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Болатқожа

Болған

кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Болған

Болғанбай

кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Болғанбай

Болсынбек

құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Болсынбек

Боран

бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Боран

Боранбай

ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.


Есімге сілтеме: Боранбай

Боранғазы

ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.


Есімге сілтеме: Боранғазы

Борібай

бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі - Қасқырбай.


Есімге сілтеме: Борібай

Бота

Түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бота

Ботабай

бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.


Есімге сілтеме: Ботабай

Ботакөз

Ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.


Есімге сілтеме: Ботакөз

Бошай

көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.


Есімге сілтеме: Бошай

Бөжей

дана, данышпан.


Есімге сілтеме: Бөжей

Бөкей

батыр, ер, палуан сөзінін өзгерген түрі.


Есімге сілтеме: Бөкей

Бөлебай

туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.


Есімге сілтеме: Бөлебай

Бөлтірік

бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бөлтірік

Бөпетай

иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.


Есімге сілтеме: Бөпетай

Бура

бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.


Есімге сілтеме: Бура

Бүбі

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбі

Бүбіхан

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбіхан

Бүбіш

(қараңыз: Айбибі).


Есімге сілтеме: Бүбіш

Бүлдіршін

Өте жас, өндірдей жас.


Есімге сілтеме: Бүлдіршін

Бүркіт

бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.


Есімге сілтеме: Бүркіт

Бұғыбай

бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұғыбай

Бұзаушы

(қараңыз: Тана- бай).


Есімге сілтеме: Бұзаушы

Бұқа

(қараңыз: Танабай).


Есімге сілтеме: Бұқа

Бұлабай

бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.


Есімге сілтеме: Бұлабай

Бұлақбай

бұлаққа балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұлақбай

Бұланбай

қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.


Есімге сілтеме: Бұланбай

Бұлбұл

Парсы тілінен — сандуғаш.


Есімге сілтеме: Бұлбұл

Бұлдыбай

дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Бұлдыбай

Бұлқыш

есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.


Есімге сілтеме: Бұлқыш

Бұрхан

араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.


Есімге сілтеме: Бұрхан

Бұхара

араб тілінен алынған бухара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.


Есімге сілтеме: Бұхара

Гайни, гайния

араб тілінен алынған эйнь - кез, ең маңызды, аса елеулі.


Есімге сілтеме: Гайни, гайния

Гарифолла

араб тілінен — жәрдем беруші, демеуші.


Есімге сілтеме: Гарифолла

Гауһар

Парсы тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.


Есімге сілтеме: Гауһар

Гафар

араб тілінен кешірімді, мархабатты.


Есімге сілтеме: Гафар

Гафу

араб тілінен — кешіру, кешірім.


Есімге сілтеме: Гафу

Гаяна

Грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.


Есімге сілтеме: Гаяна

Гүлажар

Көркі гүлдей жайнаған қыз.


Есімге сілтеме: Гүлажар

Гүлай

Қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.


Есімге сілтеме: Гүлай

Гүлайым

иран тілінен — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.


Есімге сілтеме: Гүлайым

Гүлбанат

тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.


Есімге сілтеме: Гүлбанат

Гүлбану

тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.


Есімге сілтеме: Гүлбану

Гүлбараш

иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.


Есімге сілтеме: Гүлбараш

Гүлбахрам

араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.


Есімге сілтеме: Гүлбахрам

Гүлболсын

тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Гүлболсын

Гүлғайша

тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.


Есімге сілтеме: Гүлғайша

Гүлдана

тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.


Есімге сілтеме: Гүлдана

Гүлжамал

араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.


Есімге сілтеме: Гүлжамал

Гүлжәмила

иран және араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.


Есімге сілтеме: Гүлжәмила

Гүлжеңіс

жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.


Есімге сілтеме: Гүлжеңіс


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)