Дильназ

парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.


Есімге сілтеме: Дильназ

Динара

араб тілінен - алтын тиын, ақша.


Есімге сілтеме: Динара

Дияр

араб тілінен — ел, облыс, аймақ.


Есімге сілтеме: Дияр

Диярбек

араб тілінен алынған — елдің, аймақтың әкімі, басшысы.


Есімге сілтеме: Диярбек

Ділара

иран тілінен - көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.


Есімге сілтеме: Ділара

Ділбара

иран тілінен - сүйікті, өте сұлу.


Есімге сілтеме: Ділбара

Ділдабай

иран және араб тілдерінен алынған тилла — алтын ақша, таза алтын. Ақшаға бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ділдабай

Ділдабек

иран тілінен - алтын ақшаның иесі болсын деп қойылған. Синонимі — Ділдахан.


Есімге сілтеме: Ділдабек

Ділдә

араб тілінен — алтын ақша; таза алтын.


Есімге сілтеме: Ділдә

Додабай

иран тілінен алынған додо — үйілген, жиылған; жиын, көпшілік + қазақтың сөзі бай.


Есімге сілтеме: Додабай

Додан

үлкен, зор.


Есімге сілтеме: Додан

Дойман

қазақ тілінен алынған дой — үлкен, ірі, кесек, мықты, азулы, атақты + иран тілінен алынғанман — адам. Демек, ірі тұлғалы, мықты адам дегенді аңғарады.


Есімге сілтеме: Дойман

Дос

иран тілінен алынған дуст — жан жолдас, серік, жар. Дос сөзі құрамында келетін кісі аттары — Досан, Досжан, Доскей т. б. Еркелете қысқартып айту түрі — Достай, Ештай.


Есімге сілтеме: Дос

Досай

(қараңыз: Айдос).


Есімге сілтеме: Досай

Досақ

араб тілінен алынған дос + қазақ сөзі ақ. Нағыз дос.


Есімге сілтеме: Досақ

Досәлі

араб тілінен алынған дос + араб тілінен алынған Ғали, Ғалидың досы деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Досәлі

Досбай

досқа кең, бай адам деген мағынада.


Есімге сілтеме: Досбай

Досберген

араб тілінен алынған дос ниетіне туылған бала деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Досберген

Досбол

(қараңыз: Жарбол).


Есімге сілтеме: Досбол

Досжан

адал, таза адам.


Есімге сілтеме: Досжан

Досмат , досмұқан

иран және араб тілдерінен алынған. Досмұхамбет есімінің қысқарған түрі. Мұхамбеттің досы деген мағынаны білдіреді. Синонимдері — Ешмұхамбет, Есмұхамбет.


Есімге сілтеме: Досмат , досмұқан

Досым

жан серігім, жолдасым.


Есімге сілтеме: Досым

Досымбек

досы көп адам.


Есімге сілтеме: Досымбек

Досымжан

менің жан досым деген мағынадағы есім.


Есімге сілтеме: Досымжан

Доян

(қараңыз: Ноян).


Есімге сілтеме: Доян

Дөненбай

моңғол тілінен алынған доно — төрт жасар өғіз, дөнен — төрт жасар жылқы + бай. Еркелетіп айтылатын. Түрі — Дөнентай.


Есімге сілтеме: Дөненбай

Дуанбай

иран тілінен алынған диуан - қала, кент; белгілі бір аймақ, өлке. Қаланың немесе үлкен аймақтың әлді, бай адамы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Дуанбай

Дубай

атақ-данқы ассын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Дубай

Дудар

бұйра шаш; шашы бұйра балаларға осындай есім қойылған.


Есімге сілтеме: Дудар

Думан

бала өмірі қуанышқа толы, көңілді, сауық-сайранды бөлсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Думан

Дүймағамбет

иран тілінен алынған ду - екі + араб тілінен алынған Мохаммед, бұл есімнің синонимі Қосмұқамбет. Қос сөзі екі деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Дүймағамбет

Дүйсен

иран тілінен алынған ду — екі, сейсенбі, шамбә күн. Әуел баста аптаның бірінші күні туған балаға осылай ат қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Дұйсенбай, Дұйсенғали, Дұйсехан, Дүйсекей. Еркелетіп айту түрі - Дүйсек.


Есімге сілтеме: Дүйсен

Дүния

араб тілінен алынған дунйа — әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік.


Есімге сілтеме: Дүния

Дүрия

иран тілінен алынған дуруйе - жібектен тоқылған әдемі мата.


Есімге сілтеме: Дүрия

Егізбай

бұндай есімдер егіз туган балаларға қойылып отырған. Синонимі — Қосжан.


Есімге сілтеме: Егізбай

Егізбек

егіз туған балаға қойылатын есім.


Есімге сілтеме: Егізбек

Едіге

көне түркі тілінен келген— жақсы, игі. Түрлері — Едігей, Едіген.


Есімге сілтеме: Едіге

Еділ

көне түркі тілінен келген, Волга өзенінің аты. Біріккен тұлғалы есімдер — Еділбай, Еділбек, Еділтай, Еділжан.


Есімге сілтеме: Еділ

Еламан

ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған. Синонимдері — Тыныштық, Бейбіт.


Есімге сілтеме: Еламан

Елбар

елге, халыққа қызмет етуге әрдайым бар, дайын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елбар

Елбас

халқына, еліне басшы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Елбас

Елбек

елдің мықтысы, өз халқының каһарман ұлы.


Есімге сілтеме: Елбек

Елдар

елін, Отанын сүйетін отаншыл.


Есімге сілтеме: Елдар

Елдес

елі, жері бір деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елдес

Елдос

елдің, халықтың досы, елін сүюші.


Есімге сілтеме: Елдос

Елебай

бала елеулі, жұрт аузында атақ-даңқы шығып жүретін кісі болсын деген мағынада қойылған есім. Түрі — Еле- бек.


Есімге сілтеме: Елебай

Елен

құрмет-сыйға бөлену.


Есімге сілтеме: Елен

Елеу

ескеру, көңіл бөлу, назар аудару; құрметтеу, сыйлау.


Есімге сілтеме: Елеу

Елеубай

құрметті, сыйлы, жұрт назары түскен азамат.


Есімге сілтеме: Елеубай

Елжан

елдің, халықтың жаны, мақтанышы.


Есімге сілтеме: Елжан

Елжар

елдің досы.


Есімге сілтеме: Елжар

Елжас

елдің үмітін ақтайтын жас деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Елжас

Елжасар

елі, жұрты арасында ұзақ өмір сүреді деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елжасар

Елібай

елі сияқты бай болсын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Елібай

Елқам

елдің мұң-мұқтажын, қамын ойлайтын азамат болсын.


Есімге сілтеме: Елқам

Елмұрат

елдің мұрат-мақсатын орындауға үлес қосатын азамат болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Елмұрат

Елназар

елдің ықылас, назарына ілінген азамат болсын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Елназар

Елнар

елдің сұйікті ер азаматы болсын деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Елнар

Елнұр

елдің нұры.


Есімге сілтеме: Елнұр

Елтоқ

елдің көңілі тояр азамат болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Елтоқ

Елшібай

ел хабаршысы, жаршысы, ел арасындағы тыныштық сақтаушы. Синонимі — Елшібек.


Есімге сілтеме: Елшібай

Еңсебек

ой-өрісі кең, рухани бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Еңсебек

Ералы

аса батыл, асқан жүректі батыр.


Есімге сілтеме: Ералы

Ерасыл

аса аяулы, нағыз батыр.


Есімге сілтеме: Ерасыл

Ербай

нағыз батыл, ер жүрек адам.


Есімге сілтеме: Ербай

Ербақ

араб тілінен алынған бақыт сөзінің қысқарған түрі. Яғни бақытты ер, батыр.


Есімге сілтеме: Ербақ

Ербала

батыл, ер жүрек бала.


Есімге сілтеме: Ербала

Ербатыр

ер жүрек батыл адам, нағыз батыр.


Есімге сілтеме: Ербатыр

Ербек

мықты, күшті, батыр адам.


Есімге сілтеме: Ербек

Ербол

бала батыр, өжет болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ербол

Ерболат

бала батыл, өжет, батыр болады деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Ерболат

Ербосын, ерболсын

бала батыр, қаһарман, ержүрек болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Ербосын, ерболсын

Ербота

баланы ботаға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ербота

Ергеш

алдыңғылардың соңынан еруші, ізін басушы.


Есімге сілтеме: Ергеш

Ерғазы

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғази - жауынгер, қосын. Ер жүрек батыр, әділдік жолында күресуші.


Есімге сілтеме: Ерғазы

Ерғали

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған ғали — ең мықты, асқан батыр.


Есімге сілтеме: Ерғали

Ерғожа

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған хожа, батыр қожа.


Есімге сілтеме: Ерғожа

Ердар

қазақ тілінен алынған ер + иран тілінен алынған дар — билеу, яғни ел билеуші батыр.


Есімге сілтеме: Ердар

Ерден

қазақ тілінен - батыр, ер. Моңғол тілінен алынған эрдэнэ — қымбат зат. Біріккен тұлғалы есімдер — Ерденбай, Ерденбек, Ерденғали.


Есімге сілтеме: Ерден

Ерденай

қазақ есімі, ай тұлғалы батыр.


Есімге сілтеме: Ерденай

Ережеп

араб тілінен алынған раджаб - тәжім ету, бас ию, құрметгеу; арабша жетінші ай аты. Осы айда туылған балаларға Раджап, Ережеп деп ат қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Ережеп

Ерен

асқан, ерекше, айрықша.


Есімге сілтеме: Ерен

Ержан

батыл, өжет адам, батыр кісі.


Есімге сілтеме: Ержан

Ержігіт

ержүрек, батыл жігіт, азамат.


Есімге сілтеме: Ержігіт

Ержұман

қазақ тілінен алынған ер + араб тілінен алынған жуман - қымбат бағалы зат, інжу.


Есімге сілтеме: Ержұман

Ерзада

қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зада - бала, перзент; батыр. Қыз бала ер, батыл болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерзада

Ерзиба

қазақ сөзі ер + иран тілінен алынған зибо - сұлу, көркем, әдемі.


Есімге сілтеме: Ерзиба

Ерік

толық еркіндік, бостандық.


Есімге сілтеме: Ерік

Ерімбет

сенімді, мықты батырым болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерімбет

Ерке

айтқанын істететін шолжың, еркін.


Есімге сілтеме: Ерке

Еркебай

ерке бала болсын деп қойылған есім. Еркелете айтылатын түрі — Еркеш.


Есімге сілтеме: Еркебай

Еркеболат

айтқанын істететін ерке бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Еркеболат

Еркебұлан

бір үйдің әлпештеген аяулысы, қағу-соғу көрмеген ерке тотайы.


Есімге сілтеме: Еркебұлан

Еркежан

ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі - Жанерке.


Есімге сілтеме: Еркежан

Еркін

өз ықтияры, еркі езінде, азат, басы бос, ерікті. Еркін сөзі құрамында келетін біріккен тұлғалы есімдер — Еркінбай, Еркінбек, Еркінғали, Еркінжан, Еркінтай.


Есімге сілтеме: Еркін

Ерлан

бала батыл болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ерлан

Ерлен

ер, батыр деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Ерлен

Ерлік

батырлық, батылдық, ер жүректік.


Есімге сілтеме: Ерлік

Ерман

ержүрек, батыл адам дегенді білдіреді.


Есімге сілтеме: Ерман

Ермат

ер + мат — мамет есімінін қысқарып өзгерген түрі, яғни Ермат — Ермамет.


Есімге сілтеме: Ермат


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)