Өлең, жыр, ақындар

Әлихан Бөкейханов

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.


Нақыл сөздері

Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

Ілмектер: қазақ, ел, жұрт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды!

Ілмектер: Әлихан Бөкейхан, Қыр баласы, бостандық, құлдық, күңдік Әлихан Бөкейханов

Крестьяндарды қазақ даласына үйіп-төгіп қоныстандыра берсе, тың жердің түгел жыртылары хақ. Ал қазақ даласы тыңынан айрылған соң, тұлдырсыз бедеу қалады да, егін өспейтін болады... Қазақ даласының тамаша шүйгін жайылымдарының топырағы көкке ұшқан соң, дала шөлге айналады, сөйтіп, крестьян айтақырға отырып қалады, ал жайылымнан айрылған қазақ әбден азып-тозып, ақыры жаңа тұрмыстың жағдайымен пролетариат қамытын киіп, тау-кен заводтарына, қалаға кетеді

Ілмектер: қазақ даласы, саясат, Әлихан Бөкейхан, пролетариат Әлихан Бөкейханов

Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Ілмектер: сөз, ақыл, іс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Ақылға саңыраулық та – айып.

Ілмектер: ақыл, айып, саңырау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.

Ілмектер: қазақ, тіл, нақыл, афоризм, түрік, халық тілі Әлихан Бөкейханов

Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.

Ілмектер: білім, мінез, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде - бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас. Ал осы жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді...

Ілмектер: Еуропа, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік - енді бүгін теңелдік!

Ілмектер: азаттық, тәуелсіздік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

Ілмектер: қазақ, пайда, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

Ілмектер: жер, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

Ілмектер: заман, Алаш, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

Ілмектер: заман, мұрат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.

Ілмектер: тарих, қазақ, қаңлы, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

Ілмектер: Австралия, қой, қала, мал, заман, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Тіршілік-ғұмыр белгісі - алыс-тартыс, арбау-әдіс.

Ілмектер: тіршілік, өмір, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Шыңғыс хан дүниені алды - артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да - артында Самарқанд, мешіт, медреседей белгі қалды. Шыңғыс - көшпелі, Ақсақ Темір - отырықшы.

Ілмектер: Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, көшпелі, мешіт, медресе, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Жер дауы - тәмам бес миллион қазақ дауы.

Ілмектер: жер дауы, жер, қазақ, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Қарап көріңіз