Эссе және өлең-жыр байқауы

Лев Толстой

Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жылы Ресей империясының Тульская губерниясындағы Ясная Поляна— 20.11.1910, Астапово, Рязан губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист. 1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.