Әкім Ысқақ

Әкім Әбдіқайымұлы Ысқақ 1960 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Орта мектеп мұғалімі, «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі болды, жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет етті. 1996-1999 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2004 жылы - «Отан» партиясы орталық аппаратының кеңесшісі. 2004 жылғы сәуірден бастап ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас инспекторы.


Нақыл сөздері

Өзіңді-өзің түсіңбесең, өзге сені қалай түсінсің?!

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Тыныштықты іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғуға алып баруы мүмкін.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Дұрыс сөйлем құру үшін қатесіз сөз бен көркемдік қажет. Ал дұрыс өмір сүру үшін де қатесіз шешім мен мағыналы, мәнді мақсат қажет.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Бəрін түсіну мақсат емес,
Біліп тұрып түсінбеу жақсы ат емес.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырамын деп, сынық қылатын да кез болады.

Ілмектер: Адам, нақыл Әкім Ысқақ

Адам тағдыры-үйренумен, үлгі алумен, қорытынды шығарумен шешіледі. Адам да гүл тәрізді. Шуақтық, жылылық, нәзіктік құлпырта түседі. Суықтық, ызғарлық, іштарлық демде пендені тікенге айналдырады.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Бәріне жауапты өзің! Атқарған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да... Өзгеге емес, тек қана өзіңе сен...

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Күштімін деп мақтанба!
Құздан бір күн құларсың.
Құр бекерге шаттанба!
Көп күлсең бір жыларсың.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Өмірде бәрі ойдағыдай емес, ойдағының бәрі өмір емес.

Ілмектер: өмір, адам, нақыл Әкім Ысқақ

Кейде төбеге қараймыз деп, төмендегіні ұмытамыз. Жазықты көреміз деп, жанымыздағы көрмейміз.

Ілмектер: адамдар, нақыл, өмір Әкім Ысқақ

Кейде асыл дегенің жасық, күн дегенің көлеңке, қуаныш дегенің қайғы... болып шығады.

Ілмектер: адам, өмір, нақыл Әкім Ысқақ

Сөз кейде қылыштан өткір, кесіп түседі. Сөз кейде мақтадан жұмсақ, жаныңа жылы тиеді. Сиқырлы сөзге иланып қаласың. Суық сөз естіп қиналып қаласың.

Ілмектер: сөз, адам, нақыл Әкім Ысқақ

Өмір - дәптер, адам - қарындаш. Сол дәптерді шимай-шытпаққа емес, мағына мен мәнге, талап пен нәрге толтырайық!

Ілмектер: Өмір, адам, нақыл Әкім Ысқақ

Тағдырдан артық шебер, өмірден артық ұстаз жоқ.

Ілмектер: тағдыр, өмір, нақыл Әкім Ысқақ

Жақсы мен жаманның айырмасы - сиыр мен жыланның айырмасыңдай. Біріншісі - шөпті сүтке айналдырса, екіншісі- сүтті уға айналдырыды.

Ілмектер: жақсы, жаман, нақыл Әкім Ысқақ

Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы - ұқыпты сөйлеу.

Ілмектер: нақыл, ұқыптылық Әкім Ысқақ







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)