Әйтеке би

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.


Нақыл сөздері

Қара қылды қақ жарған - жақсылардың белгісі.

Ілмектер: жақсы, нақыл, афоризм Әйтеке би

Тексіздің тегі — құл.

Ілмектер: құл Әйтеке би

Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.

Ілмектер: тұлпар Әйтеке би

Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.

Ілмектер: аға, қонақ, көңіл Әйтеке би

Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

Ілмектер: Өмір, халық, қызмет, өлім Әйтеке би

Інінің реті – тас қару,
Ағаның реті – басқару.

Ілмектер: іні, аға Әйтеке би

Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң артық сөз қуыспау керек.

Ілмектер: туыс, сөз, туыстық Әйтеке би

Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
Тындырымды інісі болса;
Қанат-құйрығы сай болып,
Көңілі жай болып,
Ағаның алар тынысы болса;
Інінің міндеті - басқару,
Ағаның реті - бас бағу емес пе?

Ілмектер: аға, қонақ, іні Әйтеке би

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

Ілмектер: мін, сөз, тау, су Әйтеке би

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су Әйтеке би

Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,
Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.

Ілмектер: кәрі, қазына Әйтеке би

Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.
Бай болып пайдаң тимесе,
Батыр болып найзаң тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!

Ілмектер: бай, пайда, халық, найза Әйтеке би

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Ілмектер: дүние, бұлақ, шырақ Әйтеке би

Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Ілмектер: жігіт, сөз Әйтеке би


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)